Сайтқа кіру Тіркелу

Алғыс айту күні

Тарихымның сан тарау парақтарын,
Асықпай ой көзіммен парақтадым.
Елімнің кешіп қиын қыстау кезеңін,
Басымнан өткердім мұң, азап таңын.

Соңғы нанын үзіп берген халқым менің,
Ұлттардың алғысымен аян даңқың сенің.
Тар жол, тас қияда тартылса да өзегің,
Өгейсінбей бауырыңа бастың ұлын өзгенің.

Елбасына арнау

Еліміздің тұғырының биігінде,
Байрағымыз желбіреп тұр көгімізде.
Қазақ жерін көркейтіп келе жатқан,
Елбасымыз әрқашан да бізбен бірге.

Тәуелсіздік

Тәуелсіздік теңдесі жоқ байлығым,
Асқақтатып қазағымның айбынын.
Осы жолда тайсалмады жастарым
Көрсе дағы қиыншылақ қайғы-мұң.

Көңіл жас

Көңілге қонса құс сезім,
Есіңе түсер, қыз кезің!
Сарғайып жүріп сағынар,
Жаз тұрым, көктем, күз кезің.

Тағылымды тәлім

Масыл топта мұқалтпағай жігеріңді,
Тұқыртып жатса да, табалап жатса да...
Өзіңе сен, сыбанып ап білегіңді,
Міз бақпағай жазықсыз кінә тақса да...

Мұқағали рухымен сырласу

М.Мақатаевтың 80 жылдығына арнау

Ақын бейнең жаралған анық нұрдан,
Дараланып тұрады алып тұлғаң.
Көремін мен жастардың жүрегінен
От-жырыңның алауын жанып тұрған!

Ауылым

Ауыл деген қандайды!
Соғып жүрмін таңдайды!
Тілегі бар таусылмас,
Тіреп барсаң маңдайды.

Технология заманы

Ішіне терең сыр тұнған
Тарихтың қалың қатпары,
Биікке қарай ұмтылған
Баспасөз баспалдақтары.

Қарағай

Дауылы мол дәуірлерді санамай,
Тарих көшін көп өткерген, далам-ай!
Ғасырларды ғасырларға жалғап тұр
Құм Нарынға көрік берген Қарағай!
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×