Аңға шыққан аңшыға «Қанжығаң майлансын» деген тілек айтылады. Аңдағы бірінші олжа ешкімге сыйланбайды, бірінші олжа қоян, ал кейінгісі қасқыр немесе түлкі болса да солай етіледі.
Әл үстіндегі адам о дүниеге аттанар алдында қатты қиналып жатса, дауыс көтеріп жылауға болмайды. Ол тірілерді қия алмай қиналады. Мәйіттің кебінін жиі тікпейді, үйден өлік шығуы жиілеп кетеді.
Қиямет-қайым орнап, махшар майданы кезінде Ұлық Алла әулие, ғұламаларға: – Мұхамбеттің тозақта жатқан үмбеттерін құтқарыңдар, – деп әмір етеді. Әулиелер сәлдесін тозаққа тастайды да: – Әй, Мұхамбеттің қарабет үмбеттері!
Ескендір дүниеден өтерінде уәзірлеріне: – Жер бетінде өлген адамның саны жоқ. Қияметте ат тұяғындай жерден жетпіс мың адам тіріледі. Мені адам аяғы баспаған, тірі жан көмілмеген жерге апарып жерлеңдер.