Сайтқа кіру Тіркелу

Жас түлектерге арналған өлең шумақтары

Арманыңда, жаныңда жалын ән бар,
Жас талапкер, сөзіме көңіл аудар.
Бұрыңғыдай күтпейді мектеп сені,
Бұрынғыдай соғылмас қоңыраулар.

Мектеп қайта есігін ашпас енді
Өмір - ұстаз, ақылды, ақ шашы өңді.
Басқаша енді үйретер бар сабағын,
Қоңыраулар соғылар басқаша енді.

Былтырғыдан басқаша биыл, демек,
Білімің мен ақылың, күйің бөлек.
Енді басқа жиын - той, киім керек,
Енді саған шынайы сүю керек.

Сұрақ басқа, оп - оңай шешілмейді,
Жаса қанша тентектік, есір, мейлі.
Мектептегі мұғалім кешіргенмен,
Өмір қатал, ол күнде кешірмейді.

Даусыз, ол күн есіңде сақталар,
Жазылмаған өмірдің ақ парағы.
Жаңа дастан күтеді жазуыңды,
Күтпейді тек сыныптың тақталары.
Енді сені күтеді барлық жолдар
Күтпейді тек мектептің парталары.

Кездеседі, дауыл да, дабыл да көп
Дамылдама, қаймықпа, қабылда кеп.
Үлкен ойдан үлкен іс шығар, ойлан,
Болашақтың тағдыры қолымда деп,

Уақыт та емтихан алар
Ол сын қорқыта алмас,
Көңілге сенім қонсын.
Жас талапкер, билет ал, тәуекел деп -
Емтиханда, өмірде жолың болсын!

Жүректерді от боп шарпып жанады,
Қуаныш пен қимастықтың алауы.
Шәкірт үшін әр уақытта сақталар,
Жетекшінің езу тартқан жанары.

Сыныбымыз бірлікпенен ұйысқан,
Теріскейден жақсыға бет бұрысқан.
Жамал апай, өзіңіздің арқаңыз,
Көрсете білген әр уақытта нық ұстам.

Жамал апай, ардақтысыз бәрімізге,
Сіздей жанның орны бөлек біз үшін де.
Әрқашан боп тұрдыңыз шамшырақтай,
Жетекшілік жасаған осы жыл ішінде.

Жанарларды түйістірер сан арман,
Барлық үміт армандардан жаралған.
Санаға құйған білім менен тәрбие,
Сан қайталап кездеседі әлі алдан.

Сан тамырды мың иілтіп жаралған,
Туған тілім бойымызға таралған.
Сол құндылық тамшыдайын кезінен,
Замзагүл апай, Нұрай апайдан нәр алған.

Тәрбиенің, тал бесіктің бұлағы,
Біздің мектеп — мейірімнің тұрағы.
Арай бен Әйгерім апайлар,
Ұлтымыздың жанып тұрған шырағы.

Тазалық та, тәрбие де, тәртіп те,
Үшеуі де сақталады мектепте.
Біреуін егер сақтамасаң бір минут,
Қара тізімге ілігесің әп - сәтте.
Құндыз менен Назерке апай алдында,
Тәрбиесіз, ерсі қылық көрсетпе.

Бірі әнші қалықтаған дауысты,
Бірі маман бағындырған табысты.
Гүлмира атты екі апайдың кезінде,
Кез келген іс өз орнын тауыпты.

Тарихымның үйретіп сан қырларын,
Жаттаумен оны атты талай таңдарым.
Жұлдыз апай, Түркменбай ағай бар болса,
Еңсереміз жартастың биік сындарын.

Алгебраның көп қой бізге берері,
Математика деген өмір тілегі.
Айгүл, Айжамал, Бауржан сынды ұстаздан,
Тәлім алды мектебімнің өрені.

Ғаламшардың сан мыңдаған қатпары,
Қандай ғажап бүгінгі күннің атқаны.
Айжамал апай мен Асылжан апай үйреткен,
Біз боламыз еліміздің мақтаны.

Әр баланың мінезі де көп делік,
«Өзін - өзі тану» жүрер тер төгіп.
Психолог Камшат апаймен сөйлессең,
Қала алмайсың ішіңде бір сыр бүгіп.

____ ағай, ер жігіттің нарысыз,
Қандай жақсы өзіңіздің барыңыз.
Отан қорғау қызметіне дайындар,
Ер жігіттің жанына жалау бағысыз.

Сейілтіп дене құрысы мен тұрысын,
Дене пәні үйретеді дұрысын.
Мира ағай мен Айнұр апай жетелеп,
Жеткізе берер ұрпақтың адал жеңісін.

Жол ашып алға, қиялымды ұштаған,
______ апай, сеніміңіз күш маған.
Жұлдыздай жарық үлгі тұтқан өмірде,
Ұстазымсыз шыңына таудың бастаған.

Алда талай бағындырам белесті,
Қайрат тасып, айдарымнан жел есті.
Маған берген жауһар, асыл ойыңыз,
Ешқашан да тартпақ емес көмескі.

Артта қалсын мейлі өткен жыл ескі,
Сол күндерім қателікті түгесті.
Маған артқан жалғыз сенім бар болса,
Бағындырам әлі талай белесті.

Жүрегімнің жанып бүгін шырағы,
Орнағандай сенімнің шын тұрағы.
Дәл бүгінгі қуаныштың, жеңістің,
_____апай, сіз болдыңыз жыр әні.

Көңілім тасып, қуандым мен бүгінде,
Бәйге алдым шалқып - тасқан күнімде.
Осы жеңіс сіздің ғана арқаңыз,
Жадыраңыз отбасы мен өмірде.

Құрметті 20__ түлектері!
Барасыздар өмірді гүл еткелі.
Әр жылы осы күні қимастықпен,
Соғады ұстаздардың жүректері.

Көңіл толқып жанады осы күні,
Түлектерім, есте сақта мәңгі мұны.
Болашақтың үміті сендерсіздер,
Алтын күннің таратылған сәуле, нұры.

Жүректерге нұр құяды асқақ үміт,
Болашақ күтер сендерді жүзі күліп
Мақсат көздеп ұмтылған сара жолың,
Жарқын таңға жеткізер бір тұңғиық.

Түлектер, ашық болсын таңдарыңыз,
Аға жол ғой біздің де таңдарымыз.
Сіздер салған білімнің көпірімен,
Талай биік шығамыз шыңға әлі біз.

Бүгіннен басталады жаңа белес,
Қайғы менен қуаныш та тұр ғой дөңес.
Бітіргелі отырған әрбір түлек,
Ешбір асыл тұяғынан төмен емес.

Түлегім, қане, шабыттаншы, мұңайма,
Қабілетіңді көрсет мынау маңайға.
Сен биіксің, бағындырар белесті,
Жігерлі бол, үлгісің сен талайға.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×