Алматы музейіне экскурсия
Факультетімізде аудиториядан тыс іс - шаралар оқу үдерісінің маңызды бөлігі болып табылады. Алматы қаласының музейлеріне ұйымдастырылатын экскурсиялар шетелдік студенттерге тілдік кедергіні тезірек еңсеруге, бейімделу күйзелісін жеңілдетуге және алдағы бірнеше жыл бойы білім алатын елдің салт - дәстүрлері мен мәдениетін тереңірек түсінуге көмектеседі.
5 қараша күні әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ПГ - 11 тобының шетелдік тыңдаушылары Алматы қаласының басты тарихи - мәдени орталығы – Алматы музейіне барды. Бұл экскурсия тек танымдық іс - шара ғана емес, сонымен қатар студенттердің тілдік және әлеуметтік - мәдени бейімделу бағдарламасының маңызды бөлігі болды.
Экскурсия барысында студенттер Алматы қаласының тарихына арналған экспонаттармен танысты. Олардың қатарында археологиялық олжалар, Ұлы Жібек жолы дәуіріндегі тұрмыстық заттар, ұлттық киімдер, музыкалық аспаптар мен қолданбалы өнер бұйымдары, сондай - ақ Верный бекінісінің ірі сауда және мәдени орталыққа айналу тарихын бейнелейтін бірегей фотосуреттер, мұрағат құжаттары мен интерьер заттары бар. Сонымен қатар студенттер қазіргі Алматының сәулеттік даму тарихы мен ХХІ ғасырдағы мегаполис өмірінен сыр шертетін экспонаттарды тамашалады.
Алматы музейіне ұйымдастырылған экскурсия шетелдік білім алушыларға өздері өмір сүріп, білім алатын қаланы тереңірек танып - білуге мүмкіндік берді.
М. П. Ешимов, К. С. Якубаева
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ
ЖОО - ға дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы.
Алматы музейіне экскурсия
- ramuk_b
- 23 қараша 2026
- 0
- 0
- 0
Ілмек сөздер: аудиториядан тыс іс - шаралар, музейге экскурсия
Ұқсас жаңалықтар:

Алматы қаласы
Бүгінде көркімен әдемі, табиғаты да өте керемет, әсем Алматы қаласының тарихымен шетелдік студенттерді таныстыру мақсатында әл - Фараби атындағы...
ҚазҰУ мұражайына саяхат
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында оқитын ПГ - 8, ПГ - 9, ПГ - 12, ПГ - 17 топтарының...
Тарихы терең Алматы!
Бүгінде табиғаты өте керемет, көркімен де әдемі, әсем Алматы қаласының тарихымен шетелдік студенттерді таныстыру мақсатында әл - Фараби атындағы...
Әлеуметтік - мәдени біліктілікті қалыптастыру маңыздылығы
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тек білім беру ғана емес, сонымен қатар жоғары деңгейдегі мамандарды даярлайтын ғылыми орталыққа...
Дүние жүзінен келген шетелдіктер қалай оқуда
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО - ға дейінгі білім беру факультетіндегі студенттер – дүние жүзінен келген шетелдіктер....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.