Тақырыбы: Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік!
Батырханов Мұраттың орындауында «Қазақтай ел қайда?» әнімен қарсы алыңыздар.
(Әннің соңына таман қыздар шашу шашады сол кезде жүргізуші сөйлейді).
1 - жүргізушілер:
Шашу! Шашу! Ағайын! Бұл еркіндіктің, тәуелсіз елдің шашуы. Мерекелеріңіз құтты болсын!
1 - жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, студенттер және қонақтар!
2 - жүргізуші:
Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 32 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 32 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Таукент елді мекенінің жас әншісі Ибадулла Дидарды әнімен қарсы алыңыздар
1 - жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік – ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан – жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан – Гүлстан!
2 - жүргізуші:
Бабадан қалып жеткен көрегендік,
Еркіндік жастығында өлең өрдік.
Арқалап аманатын келіп жеткен,
Құтты болсын егемендік!
1 - жүргізуші:
«№24 колледж» студенттердің шағын концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар.
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
2 - жүргізуші: Құттықтау сөз кезегі колледжіміздің директорына беріледі.
Сонымен қатар өздеріңіз білетіндей 04 – 15 желтоқсан аралығында «Тарихқа құрмет, ұрпаққа міндет» атты апталық өтті. Сол апталықта белсене атсалысқан студенттерді марапаттау кезегіне берсек.
Ендеше, қарсы алыңыздар! Сахнада Өзбек ұлтының биімен Рыскелдиева Несібелдінің өнерін тамашалаңыздар.
1 - жүргізуші:
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүрегім ән салады.
«Ән көңілдің ажары» демекші, қол соғып қошеметтеп отырыңыздар. Ортада «Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік» атты патриоттық байқауының 3 – орын иегері Өміртаев Таңатты «Жаса қазағым» әнімен қарсы алыңыздар.
2 – жүргізуші: Қадірлі қауым, тарихтың ойлы - қырлы белестерінде халықтың жүрегінде сақталып, жадында жатталып қалатын, қоғамдық дамуға айрықша әсер етіп, ұлттық сана сезімге қозғау салатын аса маңызды оқиғалар болады. Қазақ халқы үшін осындай оқиғалардың бірі – 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы.
Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік! жүктеу
Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік!
- aiboll
- 11 желтоқсан 2023
- 6426
- 0
- 100
Ілмек сөздер: 16 желтоқсан тәуелсіздік күніне арналған ашық сабақ, елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік, егемендік туралы
Ұқсас жаңалықтар:
Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік
Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 31 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Тәуелсіздік – ең...Елім менің – еңселі!
Еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерімен таныстыру. Тәрбиеленушілерді отаның сүюге, байлығын қорғауға, әдет - ғұрпын...Тәуелсіздік – елдігімнің тұмары, ерлігімнің шынары
Өз елін, өзінің кіндік қаны тамған туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін түсінбейтін адам жоқ. Біздің туған еліміз – Қазақстан! Даласы қараса...Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік
1 - жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 32 жылдығына арналған «Елімнің бақытын..."Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!" (сценарий)
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 32 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.