Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік
Батырханов Мұраттың орындауында «Қазақтай ел қайда?» әнімен қарсы алыңыздар.
(Әннің соңына таман қыздар шашу шашады сол кезде жүргізуші сөйлейді.)
1 - жүргізушілер:
Шашу! Шашу! Ағайын! Бұл еркіндіктің, тәуелсіз елдің шашуы. Мерекелеріңіз құтты болсын!
1 - жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, студенттер және қонақтар!
2 - жүргізуші:
Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 31 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 31 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Таукент елді мекенінің жас әншісі Ибадулла Дидарды «____________» әнімен қарсы алыңыздар!
1 - жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік – ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан – жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан – Гүлстан!
2 - жүргізуші:
Бабадан қалып жеткен көрегендік,
Еркіндік жастығында өлең өрдік.
Арқалап аманатын келіп жеткен,
Құтты болсын егемендік!
1 - жүргізуші:
«№24 колледж» студенттердің шағын концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар.
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
2 - жүргізуші: Құттықтау сөз кезегі колледжіміздің директорына беріледі.
Сонымен қатар өздеріңіз білетіндей 04 – 15 желтоқсан аралығында «Тарихқа құрмет, ұрпаққа міндет» атты апталық өтті. Сол апталықта белсене атсалысқан студенттерді марапаттау кезегіне берсек.
Ендеше, қарсы алыңыздар! Сахнада Өзбек ұлтының биімен Рыскелдиева Несібелдінің өнерін тамашалаңыздар.
1 - жүргізуші:
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүрегім ән салады.
«Ән көңілдің ажары» демекші, қол соғып қошеметтеп отырыңыздар. Ортада «Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік» атты патриоттық байқауының 3 – орын иегері Өміртаев Таңатты «Жаса қазағым» әнімен қарсы алыңыздар.
2 – жүргізуші: Қадірлі қауым, тарихтың ойлы - қырлы белестерінде халықтың жүрегінде сақталып, жадында жатталып қалатын, қоғамдық дамуға айрықша әсер етіп, ұлттық сана сезімге қозғау салатын аса маңызды оқиғалар болады. Қазақ халқы үшін осындай оқиғалардың бірі – 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы.
1 – жүргізуші: Иә, күллі әлемді дүр сілкінткен 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы Қазақ топырағына ұлттық санасы, намысы жетелеген жаңа, әрі қайсар буынның келгенін әйгіледі. 1986 жылы 17 - желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, «Тәуелсіздік керек, қазақ халқының өз көсемі сайлансын» деген ұранмен шеруге шықты.
2 – жүргізуші: Жастарға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға: «Бұзақылар», «ұлтшылдар», «нашақорлар» деген кінә тағылды. 1986 жылы 19 - желтоқсан күні Қазақстанды басқарып келген Дінмұхаммед Қонаевтың орнына Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ Генадий Колбинді қойған еді. Қонаевтың орнынан алып тасталу себебін білгісі келген қазақ жастары, оқу орындарының студенттері алаңға шықты. Ширек ғасыр Қазақстанды басқарған ел ағасының өз орнына қайта келуін талап етті.
Еркіндікке Желтоқсаным бастады,
Қазақ жасын бүкіл әлем қоштады.
86 жаңғырығы жар салып,
Тәуелсіздік ұлы ұранын тастады.
Елемепті қысқы ызғар суықты,
Өне бойын жастардың қан жуыпты.
Қайрат, Ләззат жас қырандар аяулы
Өз халқының бағы болып туыпты.
Жиырма бір жыл Тәуелсіздік туғалы,
Қазақ елі бірлікке бел буғалы.
Жиырма бір жыл Қазақстан халқының
Өз тағдырын өзі шешіп тұрғаны.
Ортада жігіттерден құралған топ «флешмоб»
2 – жүргізуші: Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары – Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Жансая Сабитова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаевтарды 1 минут еске алып, олардың рухтарына тағзым ету біздің парызымыз. Орнымыздан тұрып 1 минут үнсіздік.
1 – жүргізуші: Көтерілді жастарымыз алаңға,
Көтерілді студент қыз, балаң да.
Қан төгілді намысы үшін қазақтың,
Ерліктері жайылды кең ғаламға.
Қаһарманын ұмытпайды халықтар,
Өткен күнді тарихымыз анықтар.
Ерлігіңе тағзым еттім қашанда,
Тәуелсіздік алып берген алыптар!
2 – жүргізуші: Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың
Шарпысқан сәтті үміт пен күдік наланың,
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат пен Сабира,
Құрбаны болған жаланың.
Желтоқсан - жастық, қазбалап тегін сұрама
Анартау тектес атылмай бір күн тұра ма?
Осылай халқым созылған тура үш ғасыр
Ойланып бітті драма.
Желтоқсан – Жеңіс, Желтоқсан - Ұлы жаңалық,
Нохат деп, оны нәубетке қойған саналық.
Жәнібек, Бұқар, Абылайдан қалған бар болсын,
Азаттық. Елдік. Даналық.
Сейдилдаева Ақбілек «Желтоқсан желі» әнімен. Қабыл алыңыздар.
2 - жүргізуші:
Пай, пай, пай!
Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер.
Ғашықтар бір - бірін өпкен жер,
Сарылып сал - сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын
Тағзым жасамай өтпеңдер – деп ақиық ақын Мұқағали жырлағандай келесі кезекті колледжіміздің көркем сөз оқу шеберлеріне берсек. Шабыттарына от тиіп, жалын түссін.
Тәуелсіздікке арнау Аманжол Гүлжан және Ералиев Қайсар
Андабай Айдосты «Жаным қазақ» әнімен қарсы алыңыздар.
1 - жүргізуші: ия тарих толқынында қаншама жетістікке жеттік, көптеген қиындықтарды бастан кештік. Бұл біздің ортақ жеңісіміз. Қарсы алыңыздар мың бұралған би
2 - жүргізуші:
Ал құрметті ұстаздар, оқушылар ортада 24 колледж студенттеріне құралған көнілді жігіттердің өнерін тамашалайық. КВН
Жігіттерден құралған топ тәуелсіздікке арнау «Флешмоб»
Бақытым - Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.
Батырханов Мұраттың орындауында «Байтақ елім» әнімен. Қарсы алыңыздар.
2 - жүргізуші:
Құрметті колледж ұжымы, ұстаздар, қонақтар және де студенттер. Бүгінгі кешіміз мәресіне жетті.
1 - жүргізуші:
Елдің ертеңі жарық болсын! Келесі кездескенше аман болыңыздар!
Тәуелсіздік күніне арналған өлеңдер:
Желтоқсанның қанды суық ызғары
Тәуелсіздік – тірегім
Еркіндігім қасиетім
Тәуелсіздік таңы атсын елімде
Желтоқсан. Тәуелсіздік
Ата-бабам аңсаған тәуелсіздік
Тәуелсіздік
Тәуелсіздік
Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік
- dosym2008
- 6 желтоқсан 2020
- 8688
- 0
- 100
Ілмек сөздер: 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған, елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік, тәуелсіздік сценарий
Ұқсас жаңалықтар:
Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік!
Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 32 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Тәуелсіздік – ең...Тәуелсіздік – елдігімнің тұмары, ерлігімнің шынары
Өз елін, өзінің кіндік қаны тамған туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін түсінбейтін адам жоқ. Біздің туған еліміз – Қазақстан! Даласы қараса...Жайнай бер, Тәуелсіз елім менің!
Жайнай бер, Тәуелсіз елім менің! 1 - жүргізуші: Армысыздар, қымбатты ұстаздар мен оқушылар және мерекелік концерттің қонақтары. 2 - жүргізуші:...Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік
1 - жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 32 жылдығына арналған «Елімнің бақытын..."Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!" (сценарий)
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 32 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.