70 жыл жүрегіме жара салған,
Тілім мен дінімді алған дүние жалған.
Тәуелсіздік аңсаған бабаларым,
Қасіретті күндерді басы шалған.
Анамның ақ сүтімен келген білім,
Босағада боздап-ай жылап тұрған.
Дінім мен иманым да сол күндерде,
Христостың аяғында болған құрбан.
Жетім бала сатылып көрші елге,
Қазақтың сәбилері көп жылаған.
Қарттар үйі көбейіп, ана жылап,
Туған жердің тағдыры күлкі болған.
Әсіресе, айырылып бостандықтан,
Қазақ елі қайырылды қанатынан.
Өктемдігі ресейдің жан шошырлық,
Ата-баба ақ жолы ұмыт болған.
Колбин деген бәлесін сайламақ боп,
Елбасына сол күні қатер төнген.
Дінмұхаммед атаның еңбегіне,
Көз алартып кеңестен, қайғы енген.
Сен үшін қанша адам болған құрбан,
Сен үшін жылады екен қанша ана?
Қанша адам қырылып қанға бөккен.
Желтоқсанның ызғары зарлы екен.
Қайрат, Ләззат, Сәбираға баға жетпес,
Асылдар алып берген тәуелсіздік.
Сен үшін менің мынау жаным құрбан,
Тәуелсіз ел – Отаным құдай берген.
Назарбаев ағамды жақсы көрем,
Көрегендік, жақсылық ойлап жүрер.
Ең алғаш егемендік ту ұстаған,
Мәңгілік жүректерде нұр боп енер.
Қазақ елі дамыды күндер санап,
Әрбір таңын егемендік жырға балап.
Қара жерге табынып өсе бердік,
Көк туымыз қолымызда әнді жалғап.
Әртүрлі салалар бар өркен жайған,
Білімді, мәдениетті дамытты адам.
Жасампаз миллион жұрты қазағымның,
Жарқылдады үміті көрік шашқан.
Табынып Бекет ата тұрағына,
Үш жүз алпыс әулиеге тәуеп еттім.
Тәуелсіздік қыраны самғады ғой,
Мен бақытты екенмін дәл осы күн.
Жумаева Асемгул Сейтеновна
Маңғыстау ауданы, Шетпе кенті
Алшын Меңдалыұлы атындағы орта мектеп
Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
Тағы да Тәуелсіздік туралы өлеңдер:
Тәуелсіздік
Желтоқсан. Тәуелсіздік
Тәуелсіздік
Еркіндігім қасиетім
Тәуелсіздік – тірегім
Желтоқсанның қанды суық ызғары
Ата-бабам аңсаған тәуелсіздік
- ramuk_b
- 21 қараша 2018
- 27597
- 0
- 60
Ілмек сөздер: Ата бабам аңсаған тәуелсіздік өлеңі, тәуелсіздік күніне арналған өлең, тәуелсіздік күніне арналған өлең шумақтары
Ұқсас жаңалықтар:
Тәуелсіздік – тірегім
Көзіме бүгін жас келіп тұр, халайық, Әрбір істі зердеге алып қарайық. Тәуелсіздік жолына жан пида еткен, Ерлерімізді есімізге алайық. Жүрмейікші...Желтоқсанның қанды суық ызғары
Желтоқсанның қанды суық ызғары, Қалың әскер қазағымды қорлады. Тәуелсіздікті қолдаған жастардың Отан үшін табандары тозбады....Тәуелсіздік таңы атсын елімде
Тәуелсіздік оңай бізге келген жоқ, Ұл-қыздарым оны қолдан берген жоқ. Отан үшін құрбан болған боздақтар, Ел есінде қалды мәңгі өлген жоқ....Тәуелсіздік
Тәуелсіздік – халқымыздың мақтандысы Тәуелсіздік – еліміздің жаттандысы Тәуелсіздік – ұлтымыздың азаттығы, Тәуелсіздік – жеріміздің ғажаптығы....Тәуелсіздік
Аққудай қанат қаққан, Қазақ елі. Үнемі ат үстінде күн өткелі, Таңданды, алға ұмтылды Дүбірлетті. Көк туын алға қарай желбіретті....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.