Бұл өмірді қайтадан дәл осылай сүрер ме ең?
Қазақ болсаң қасіретімді біле бер.
Ол алаңға шығып кетті сол күні
Отаршылдық азарынан жүдеген
Көңілмен.
Елін сүю ерлер үшін жаман ба,
Түсірер деп кім ойлады аранға.
Қыз да тұрды кірпік қақпай күзетте
Желтоқсанда, Алматыда алаңда
Сеніммен.
Тірлігіңнің кетеуін көр кетілген,
Ұрып-соғып алып жатты шетіңнен,
Отын алмақ көзіндегі ұрпақтың
Махамбеттің жырын оқып жетілген.
Бекінген.
* * *
Адал сүт емген ардағым,
Мазаққа бермей шаңырағын.
Ауыр да жолды таңдадың.
Мезгілсіз сөнген оттарым,
Көзіне түскен шоқтарым.
Тұрғаның есте топтанып.
Өртенді жағалауларым,
Алаңға қарай алмадым.
Не істесе болады деп
...Өлең арнадым.
* * *
Сен елдің жадындасың,
Ұяты ,арындасың.
Ағасы ұмытпайды
Ерлік істеген қарындасын.
Мерекеде шерудесің,
Ел озса -көрудесің.
Әр сәби тілегінде,
Тойлардың төріндесің.
Сен солай адымдайсың,
Далада сағымдайсың.
Алаңда жанып тұрған,
Еліңнің шамындайсың.
Сені айтып тауың, тасың,
Жас ұрпақ жалындасын.
Ел деген ұмытпайды
Ерлік істеген қарындасын.
Тағы да Тәуелсіздік туралы өлеңдер:
Тәуелсіздік
Тәуелсіздік таңы атсын елімде
Ата-бабам аңсаған тәуелсіздік
Тәуелсіздік
Еркіндігім қасиетім
Тәуелсіздік – тірегім
Желтоқсанның қанды суық ызғары
Желтоқсан. Тәуелсіздік
- ramuk_b
- 26 қараша 2022
- 22350
- 0
- 60
Ілмек сөздер: Желтоқсан, Тәуелсіздік, тәуелсіздік күніне, тәуелсіздік күніне арналған өлең шумақтары
Ұқсас жаңалықтар:
Еркіндігім қасиетім
Еркіндігім. Қасиеттім. Қастерлім. Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң! Кеше сенің келбетіңді арман ғып, Боданына бұғауландық басқа елдің....Желтоқсанның қанды суық ызғары
Желтоқсанның қанды суық ызғары, Қалың әскер қазағымды қорлады. Тәуелсіздікті қолдаған жастардың Отан үшін табандары тозбады....Тәуелсіздік таңы атсын елімде
Тәуелсіздік оңай бізге келген жоқ, Ұл-қыздарым оны қолдан берген жоқ. Отан үшін құрбан болған боздақтар, Ел есінде қалды мәңгі өлген жоқ....Тәуелсіздік
Тәуелсіздік – халқымыздың мақтандысы Тәуелсіздік – еліміздің жаттандысы Тәуелсіздік – ұлтымыздың азаттығы, Тәуелсіздік – жеріміздің ғажаптығы....Тәуелсіздік
Аққудай қанат қаққан, Қазақ елі. Үнемі ат үстінде күн өткелі, Таңданды, алға ұмтылды Дүбірлетті. Көк туын алға қарай желбіретті....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.