Ертеңгі күнге сенімсіздік жайлаған кезеңде «Қайталанған заң» идеологиясы адамдарға үлкен ықпалын тигізді. Өсиеттен айныған Израилдың бұрынғы екі билеушісі елді қасақана апатқа ұшыратып, иосия патша өзгерістер жасауға тез әрі құлшыныспен кірісті.
Құрманғазы Орал түрмесінде жатып қалады. Бұл түрменің орда түрмесіндей емес, мықты екенін көріп, Құрманғазы біраз налиды. Бірнеше күн ешкіммен кеңеспей, өзімен - өзі болып, қалың уайым теңізіне батады.
Бұрынғы заманда бір үлкен өзеннің бойында шөп күркені мекен етіп, балық қақтап, су сақтаған кедей кемпір болыпты. Оның бар медеуі, көз қуанышы әкесінен жастай айырылып, жетім қалған жалғыз ұлы екен.
Өткен заманда бір бай болыпты, ол бір перзентке зар болыпты, зарыға жүріп перзентті болыпты. Бай бір күні жылқысын суара көлге келсе, көлдің ішінде бір қып - қызыл өкпе жүзіп жүр екен.
«Абылай аспас арқаның сары белі» атанған Сарыарқаның табиғатын суреттеген күй. Арнайы уақиғасы сақталмаған, дегенмен «Майдасары» жайлауына көшкенде көңілі шаттанып тартқан күй деген дерек бар
ХІХ ғасырда Інжілді зерттеген неміс ғалымдары бес тәураттық кітап – «Болмыс», «Шығу», «Левит», «Сандар» және «Қайталанған заңның» - төрт дереккөзін ажыратып алуға мүмкіндік беретін сыни әдіс жасап шығарады.
Мүмкін еместі немесе үйлеспеушілікті таңбалау мақсатында Виргилий ат пен арыстан - құсты будандастыру әрекеті жайында айтады. Латындықтар шығарған «Грифті атпен будандастыру» деген мәтел әлдебір мүмкін еместікті білдіре бастады.
Жаңа құдайлар бір - бірінен жұбымен пайда болды және құдайлық эволюция барысында әрқайсысы айқынырақ кейіпке ене бастады. Алғашқы болып Лахму және Лахаму туды (олардың есімдері «балшықты» білдірді, яғни су әлі де топырақпен араласқан).