Сайтқа кіру Тіркелу

Береке – бірлікте, ырыс – ынтымақта

«Береке – бірлікте, ырыс – ынтымақта»
(1 - мамыр мерекелік сценарий)

Тақырыбы: «Береке – бірлікте, ырыс – ынтымақта»
Мақсаты: Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: қима көгершіндер, шарлар, гүлдер, жалаушалар, ұлттық
костюмдер.
Жүргізуші сөзі таспадан ортаға естіледі.
Жүргізуші:
Бірлік пен ынтымағы халықтың –
Көгімізде жарасқан жарық күн!
Ырыс, дәулет бақыты үшін халықтың,
Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн!
- дей келе Қазақстан халқының бірлігіне арналған «Береке - бірлікте, ырыс - ынтымақта» атты мерекемізді тамашалауға шақырамыз.
Жүргізуші: бүгінгі мерекеміз «Дүниежүзілік ынтымақтастық күні» болып есептеледі.
I – БӨЛІМ
1. Композиция.
- Бірінші қатар балалар көгершін ұстаған артқы сапқа келіп тізіліп тұрып би қимылдарын орындайды.
- Екінші қатар балалар қолдарына гүлдер мен шарлар ұстап ортаңғы сапқа келіп тізіліп тұрып барлығымен би қимылдарын жасайды.
- Үшінші қатар балалар қолдарына жалауша ұстап келіп тізіліп алдыңғы сапқа келіп тұрып барлығымен би қимылдарын жасайды.
2. Барлығы хормен:
Отан ортақ,
Жер ортақ,
Бәрі - бәрі, бәрі ортақ!
3. Тақпақтар:
Жан біткендей жас тауға,
Шуақ ойнап арайлы.
Күн күлімдеп аспанда,
Мамыр әні тарайды.

Жайдары жаз түрге еніп,
Жадыратты жанымды.
Жер - дүние тербеліп,
Дала, қала құлпырды.

Болсын жер мен су да ортақ.
Болсын біздің ту да ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
4. Ән: «Ке, балалар күлейік»
Тосын сый:
Қалықтап көгершін ортаға келіп көгершіндер ұстаған балалардың
соңына келіп тұрады
Көгершін:
Сәбилер зәресін бұлт алмасын,
Гүл бәйшешек еш уақытта солмасын.
Құстар аспанда еркін қалықтап,
Барлық халық бейбіт күнді қолдасын.
Алдыңғы және ортаңғы қатардағы балалар саппен жүріп орындықтарға отырады.
Көгершін:
Қазақ жері достықтың гүлстаны,
Көгершіндер қалықтап биік ұстасын.
Көгершін артқы қатардағы тізілген қолдарында көгершіндері бар балаларды шеңберге тұрғызып би билейді.
5. Би: «Қалықтаған көгершіндер»
II – БӨЛІМ
Жүргізуші:
Бірінші мамыр!
Достықтың ұлы мейрамы.
Тоғысар сенде жандардың ізгі ойлары
Татулық пенен шат - шадыман мерекеде.
1. Бірлік ынтымақ күніне қатысты мереке сәтінен экраннан СЛАЙД
Жүргізуші:
Ата - бабам ежелден - ақ дос қылған,
Татар, қазақ, орыс болашақты тосты алдан.
Сол достығын тағы міне дәріптеп,
Бүгінгі күн мерекеде жайнаған.
2. Татар, қазақ, орыс халықтарының ұлттық киімдерінен СЛАЙД
Жүргізуші: балалар экранда ОРЫС ҰЛТЫНАН бізге Иван қонаққа келіпті, ол өзімен бірге ұлттық ойыны «Тышқан мен мысық» алып келіпті.
Олай болса сол ойынды барлығымыз бірігіп ойнап үйреніп алайық.
3. Ойын: «Тышқан мен мысық»
Ойын мақсаты: балаларды шапшаң әрі шыдамды, ұйымшылдықққа үйрету.
Ойын шарты: Бұл ойынға топ балары бәрі тегіс қатыса алады. Балаларды (қақпа қалың) дөңгелене тұрғызып, ортаға тәрбиеші көмегімен тышқанмен мысық сайланады. Мысық тышқанды қуып ұстап алуы керек. Дөңгелене тұрған балалар тышқанды яғни мысықтан құтқару үшін, қақпадан тышқанды шығарып жіберіп мысықты шығармауға тырысады. Мысық тышқанды ұстау үшін шапшаңдық керек. Мысық тышқанды ұстап алса, ойынға келесі жаңа балалар қатыса отырып алмаса береді.
Жүргізуші: орыс халқының ойыны тамаша екен, олай болса орыс халқының құрметіне ұлдар тамаша би билеп берейік.
4. Би: «Қамшылау»
Жүргізуші: балалар экранда ТАТАР ҰЛТЫНАН бізге Рафхат қонаққа келіпті, олда өзімен бірге ұлттық «Тапта, қуып жет» ойынын алып келіпті.
Олай болса сол ойынды барлығымыз бірігіп ойнап үйреніп алайық.
5. Ойын: «ТАПТА, ҚУЫП ЖЕТ» (ЧИТАНМЕ, БУЗМЕ)
Бұл – татар балаларының ойыны. Ойыншылар орындыққа немесе шөп үстіне бір қатарға отырады. Жүргізуші бала олардың алдына жайғасады. Оның көзі байлаулы болады. Ойыншылардың бірі жүргізушіге келіп, иығына қолын қойып, оны атымен атайды. Жүргізуші оның кім екенін табуы тиіс. Егер ол тапса, онда тезірек көзіндегі орамалды шешіп, әлгі баланы қуып жетуі керек. Егер жүргізуші ойыншыны дұрыс таппаса, онда басқа ойыншы келеді. Есімін дұрыс тапса, ойыншы оның жүгіруі керектігін қандай да белгі (мәселен, иығынан нұқу) арқылы білдіреді.
Ойын ережесі: Жүргізуші ойыншыны қуып жетпесе, ойынды келесі баламен қайталап, жалғастыра береді. Қуып жетсе, ойыншылар қатарының соңына жайғасады. Ал ұсталған бала жүргізуші болады. Ойында реттілік қатаң сақталуы тиіс.
Жүргізуші: татар халқының ойыны тамаша екен, олай болса татар халқына қошаметпен біздер тамаша би билеп берейік.
6. Би: «Достық»
Жүргізуші:
Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз.
Барлық ұлтпен бауыласып жетерміз,
Ақ - қараны тіліп тұрса сөзіміз.
- дегендей XXI ғасырда Қазақстанда бейбітшілік, тыныштық болып, еліміздің егемендігі ұзағынан болсын деп ән салайық.
7. Ән: «Мамыр ай»
Жүргізуші:
Бірлік - халық салты. «Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады». Осымен мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет.

Презентациясын жүктеу

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы
№33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы КМҚК тәрбиеші
Сейтжапбарова Гульнар Бухарбаевна
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Бейбіт болсын болашақ

Бейбіт болсын болашақ

1 - мамыр Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі мерекесі құтты болсын! Бүгінгі кеш ерекше, өйткені 1 - мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні...
Татулық достықтың киелі бесігі

Татулық достықтың киелі бесігі

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Мейрманова Жансая Төленбекқызы...
1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні

1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын...
Татулық - достықтың киелі бесігі

Татулық - достықтың киелі бесігі

1 - мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномі -...
Достық-біздің тірегіміз

Достық-біздің тірегіміз

Атырау қаласы Жұмыскер кенті № 35 мектеп-гимназиясының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тәжбентаева Зульфия Сайлаубайқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×