Сайтқа кіру Тіркелу

Екі елді жалғаған азамат

Екі елді жалғаған азамат

2026 жылдың 29 қазанында әл - фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Оңтүстік Кореяның Ханкук шетел тілдері университетінен келген профессор Сон Енг Хунның қонақ дәрісін тыңдадық.
Сон Енг Хун мырза Қазақстан тарихы бойынша PHD докторы, Орталық Азия зерттеулері институтының директоры, 20 жылдан астам Ханкук университетінде корей азаматтарына қазақ тілін оқытып, қазақ тілі мен корей - қазақ тілдері оқулықтарының авторы атанған профессор.
Сон Енг Хун мырза 30 жыл бұрын әл - фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің сол кездегі шетел азаматтарына арналған дайындық факультетінде, қазіргі ЖОО дейінгі білім беру факультетінде, біздің кафедрамызда қазақ тілін үйренген еді. Қазақ тілін меңгеріп жүріп қазақ тарихы туралы ғылыми зерттеу жұмысымен де айналысты.
Еліне оралған соң, 2004 жылы Ханкук шетел тілдері университетінде Орталық Азия зерттеулері институтын ашып, оған қазақ тілін оқыту үшін алғашқы 20 корей азаматын қабылдаған екен. Содан бері аталған бағыттар бойынша ғылыми зерттеулерін де, ұстаздық қызметін де үзбей атқарып келеді. Осы жылдар ішінде Ханкук университетінде қазақ тілін үйренген студенттерінің университетаралық алмасу бағдарламасымен Қазақстанға келіп, тілді одан әрі тереңдетіп меңгеруіне де атсалысып жүрді. Базалық біліммен кафедраға келген студенттерден Кореяда қазақ тілін кімнен үйрендіңіз дегенде "Мистер Соннан" деп жауап беретін. Мистер Сонның Құдайберген деген қазақша да аты бар. Мінеки, бүгін өзіміздің 30 жыл бұрынғы түлегіміз, бүгінде үлкен ғалым, танымал зерттеуші, профессор әріптесімізбен кездестік!
Профессор дәріс барысында тыңдаушылармен Ханкук университетіндегі қазақ тілін оқыту мәселесі, студенттердің тіл үйренудегі артықшылықтары мен кездесетін қиындықтары, жазған оқулықтары жөнінде және болашақ жоспарлары туралы бөлісті. Тыңдармандардың неліктен қазақ тілін таңдадыңыз деген сауалына, профессор өзінің түркі халықтарына деген қызығушылығы мен қазақ елінің көшпелі мәдениеті арқау болғанын айтты. Бұдан профессордың осы үлкен арман - мақсатын арқалап 90 жылдары тәуелсіздіген жаңа алған Қазақстанға Корей елінен алғашқылардың бірі болып келіп, тіл үйреніп, өздігінен тарихты зерттеп, ғылыми жұмысын қорғап, елге оралған соң да, қазақ мәдениеті мен тарихын, дәстүрін Корей жастарына насихаттауды тоқтатпағаны қазақ халқына деген үлкен құрметі деп түсіндік. Алғысымыз шексіз!
Қазақ тілінің мәртебесін әлемдік деңгейде көтеріп жүрген профессор Сон Енг Хун мырзаға сарқылмас қайрат пен жаңа ғылыми табыстар тілейміз!

Г. Ә. Мұсаева, Г. Ә. Машинбаева
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - да оқитын шетелдік студенттер

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - да оқитын шетелдік студенттер

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде әлемнің түкпір - түкпірінен келген жастар жоғары білім алуда....
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың Шетелдіктерге арналған тілдік және жалпы б ...

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың Шетелдіктерге арналған тілдік және жалпы б ...

2025 жылдың желтоқсан айында Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Дайындық факультетінде жұмыс істейтін Шетелдіктерге арналған тілдік...
Қазақ тілі - әлем тынысында

Қазақ тілі - әлем тынысында

2021 жылы 12 қараша күні сағат 14: 00 - де шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы кафедра меңгерушісі филол. ғ. д. профессор...
Студенттердің ғылыми конференциясы өтті

Студенттердің ғылыми конференциясы өтті

Бүгін әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп тұратын «Фараби әлемі» атты халықаралық студенттер мен жас...
Халықаралық әдістемелік семинар өтті

Халықаралық әдістемелік семинар өтті

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - нің ЖОО - ға дейінгі білім беру факультетінің Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, ҚазҰУ, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×