• «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» – үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастыру – асық, тоғызқұмалақ, бес тас және т. б.
• «Өнегелі 15 минут» – ата - аналардың баласымен мінез - құлық және адамгершілік туралы күнделікті 15 минут жеке әңгімелесуі.
• «Үнемді тұтыну» – суды, тамақты, энергияны тұтыну бойынша күнделікті табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру: жадынамалар, нұсқаулықтар мен парақшалар әзірлеу
• «Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану, сондай - ақ үлкен үзіліс кезінде күй тыңдау
Апта сайын
• «Менің Қазақстаным» – оқу аптасының басында бірінші сабақта білім алушылар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындайды
• «Апта дәйексөздері» – бүкіл білім беру ұйымның оқу және оқудан тыс іс - әрекетінің лейтмотиві ретінде қызмет ететін мақал - мәтелдер, халық даналығы, көрнекті тұлғалардың ұлағатты сөздері. Аптаның дәйексөздері ақпараттық стендтерде, Led - экрандарда, сынып тақталарында және т. б. орналастырылады.
• «Қауіпсіздік сабағы» – мемлекеттік құзырлы органдармен бірлескен жұмыс жоспарына, мақсатты тақырыптарға сәйкес, салауатты өмір салты, құқықтық сауаттылық, ақпараттық мәдениет, жол қозғалысы ережелерін, өмір қауіпсіздігі негіздерін зерделеу, білім алушылардың жеке қауіпсіздігін, қауіпсіз мінез - құлқын және т. б. сақтауы туралы сынып сағаты шеңберінде 10 минут ақпарат беру немесе әңгіме өткізу

Қолайлы білім беру ортасын құру және оның білім алушының мінез - құлқына әсері
Оқу - тәрбие процесінде қолайлы жағдай жасауда білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтер басты рөл атқарады. Осыған байланысты:
Білім беру ортасын құру және қолдау
• Білім беру ұйымының қауіпсіздігін және абаттандыруды қамтамасыз ету.
• Ынтымақтастық атмосферасын құру.
• Адамгершілік, әлеуметтік және мәдени орта құру.
• Білім беру ұйымының физикалық жағдайын, соның ішінде жарықтандыру, шу деңгейі, ауа сапасы және температура жағдайларын жақсарту маңызды.
Білім беру ұйымының мәдениетін қалыптастыру және жүзеге асыру
• Негізгі құндылықтарды қолдайтын тұжырымдамалар әзірлеу және енгізу.
• Білім беру процесінің барлық қатысушылары үшін нақты этикалық стандарттар орнату.
• Білім алушылардың тұлғалық өсуіне ықпал ететін инклюзивті ортаны құруға жәрдемдесу.
• Құндылыққа негізделген тәсілді дамытудағы олардың рөлі мен әсерін түсіндіре отырып, жаңа қызметкерлерге бағыт - бағдар дәрістерін өткізу.
Ынтымақтастықты қолдау
• Педагогтер мен білім алушылар арасында мағыналы және сыйластық қарым - қатынас орнату.
• Білім алушылар арасындағы достық қарым – қатынасты дамытуға ықпал ету.
• Ата - аналармен ынтымақтастыққа жағдай жасау және оларды мектеп өміріне тарту.
• Жергілікті қауымдастықтармен және ұйымдармен байланысты нығайту.
ПЕДАГОГТЕРГЕ ҰСЫНЫЛАДЫ
Тәрбиеде құндылықтарды қалыптастыру
• Күнделікті іс - әрекетте үлгі көрсету.
• Сыныпта және одан тыс жерлерде тәрбиені жүзеге асыру және белсенді орындау.
• Құндылықтарды қалыптастыру тәсілдерін жүзеге асыру үшін басшылықпен үйлестіру.
• Білім алушыларға қауіпсіз және қолдаушы ортада өз құндылықтары мен нормаларын дамытуға мүмкіндік жасау.
Оқыту және дамыту
• Құндылықтар мен тұлғаны қалыптастыру мәселелеріне бағытталған сынып сағаттарының мазмұны арқылы құндылықтарды кіріктіру;
• Өзекті мәселелерді және тұлғалық дамуды талқылау үшін пәннің мазмұнын пайдалану.
• Адамгершілік қасиеттерді бірлесе оқыту мақсатында мектепішілік іс - шаралар ұйымдастыру.
• Білім алушыларды белсенді түрде қызықтыру үшін түрлі педагогикалық әдістерді қолдану.
• Этикалық дилеммаларды талдау және шығармашылықты дамыту үшін оқу материалдары мен ресурстарын пайдалану.
Сабақтан тыс қызмет
• Көшбасшылық қасиеттерді көрсету және дамыту үшін сабақтан тыс іс - шараларды ұйымдастыру.
• Білім алушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін ашу үшін мектеп іс - шараларын өткізу.
• Білім алушыларда құндылықтарды қалыптастыруға ынталандыру үшін қоғам қайраткерлерін, ата – аналарды шақыру.
• Әлеуметтік белсенділік және волонтерлік қызмет жобаларын әзірлеу және іске асыру.
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын жүктеп алу
Адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасын гугл дисктен жүктеп алу

