Сайтқа кіру Тіркелу

Ньютонның бірінші заңы. Инерциялық санақ жүйелері

Алматы облысы, Жамбыл ауданы,
Үңгіртас орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен ММ
физика пән мұғалімі Азат Сейылқан

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Ньютонның бірінші заңымен таныстырып, инерциялық санақ жүйелері жайлы түсінік қалыптастыру.
2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: видео, суреттер,
Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып бөлмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша Ньютонның бірінші заңымен танысамыз.
1. Центке тартқыш үдеу деп қандай үдеуді айтады?
2. Неліктен центрге тартқыш үдеуді нормаль үдеу деп те атайды?
3. Центрге тартқыш үдеудің формуласы?
4. Қисық сызықты қозғалыс деп қандай қозғалысты айтады?
5. Айналу периоды дегеніміз қандай физикалық шама?
6. Жиілік деп қандай шаманы айтады?
V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:
1. Динамика - денелердің өзара әрекеттесу заңдарын зерттейтін механиканың бөлімі.
2. Инерциялық санақ жүйесі - салыстырмалы тыныштығын немесе түзу сызықты және бірқалыпты қозғалысын сақтайтын жүйе.
3. Инерциялық емес санақ жүйесі –үдеумен қозғалып келе жатқан жүйе.
4. Проблемалық эксперимент:
А) Жазық әйнектің үстіне кішкентай болат шар қоямыз. Неге ол тыныштықта болады?
Ә) Ақырын түрту арқылы шарикті бірқалыпты түзу сызықты қозғалысқа келтіреміз. Шариктің бірқалыпты және түзу сызықты қозғалысы басқа денелердің әрекеті теңгерілгенде болады.
5. Тарихи деректер. (Аристотель, Галилей және Ньютонның қозғалыс жөніндегі еңбектері)
6. Ньютонның бірінші заңы, оны дәлелдейтін мысалдар.
VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§10 дайындық сұрақтарын талдау.
1. Қандай санақ жүйесі инерциялық деп аталады?
2. Жермен байланысқан санақ жүйесі инерциялық санақ жүйеге жата ма?
3. Ньютонның бірінші заңын дәлелдейтін мысалдар келтіріңдер.
4. Электромагниттік және серпімді толқындардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?
VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
Деңгейлік тапсырмалар.

І деңгей.
1. Мына жағдайларда қайсы денелердің әсерлері теңгерілетінін түсіндіріңдер.
А) сүңгуір қайық судың ішінде тыныштық қалыпта тұрғанда;
Ә) сүңгуір қайық су түбінде тұрғанда.
2. Парашютші бірқалыпты және түзу сызықты қозғалыс жасап, төмендеп келеді. Қандай денелердің әсерлері теңгерілетінін түсіндіріңдер.
3. Автомобиль жазық горизонталь жолмен моторын сөндіріп, бірқалыпты қозғала ала ма?
4. Бетірген жағдайлардың қайсысында санақ жүйесін инерциялық деп қарастыруға болады? Егер лифт:
А) еркін түссе;
Ә) жоғары қарай бірқалыпты қозғалса;
Б) жоғары қарай үдемелі қозғалса;
В) төмен қарай үдемелі қозғалса;
Д) төмен қарай бірқалыпты қозғалса;
Е) жоғары қарай баяу қозғалса;

ІІ деңгей.
1. Санақ жүйесі автомобильмен байланысқан, жүйе инерциялық бола ма? Егер автомобиль:
А) горизонталь тас жолмен бірқалыпты және түзу сызықты қозғалса;
Ә) горизонталь тас жолмен үдемелі қозғалса.
Б) тік бұрыш жасай орналасқан көшеге бұрыла отырып, бірқалыпты қозғалса;
В) тауға бірқалыпты шықса;
Г) таудан төмен бірқалыпты қозғалса;
Д) таудан төмен үдемелі қозғалса;
2. Егер үстел үстінен түсіп кеткен алма «вагон» санақ жүйесінде:
А) вертикаль бойымен қозғалса;
Ә) түсіп келе жатып, алға қарай ауытқыса;
Б) кейін қарай ауытқыса
В) оң жаққа немесе сол жаққа ауытқыса онда поезд қалай қарай қозғалып бара жатыр?

ІІІ деңгей.
1. Станциядан шыққан пойыз жылдамдығын үдетті. Осы кезде ауыр қолсандықты еден бойымен қай бағытта жылжыту оңайырақ: пойыздың жүру бағытымен бе, әлде қарама-қарсы бағытты ма?
VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §10 , 8-жаттығу (2,3)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Орта мерзімді жоспарлау

Орта мерзімді жоспарлау

1. 1 Қозғалыс материяның ажырамас бөлігі  қозғалыс материяның ажырамас бөлігі жайлы мағлұмат беру  қозғалыс заңдарының формуласын есеп шығаруда...
Термодннамиканың екінші заны. Жылу қозғалтқыштары

Термодннамиканың екінші заны. Жылу қозғалтқыштары

Қайтымды және қайтымсыз құбылыстар ұғымын беру және оның салдары ретінде термодинамиканың екінші заңын тұжырымдау жылу қозгалтқыштарының жұмыс істеу...
Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы

Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы

Оқушыларға механикалық қозғалыс, санақ жүйесі, қозғалыстың салыстырмалылығы туралы түсінік Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасауға...
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар

Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №17 мектептің физика пәні мұғалімі Жумаева Гулшат Турканқызы...
Бүкіләлемдік тартылыс заңы

Бүкіләлемдік тартылыс заңы

Қызылорда қаласы, №211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектебінің физика пәні мұғаліміТоқаева Загира Асқарқызы...
Пікірлер: 1
Пікір білдіру
Baton
  • Baton
  • 23 желтоқсан 2020 16:39
Жауаптары қандай болады, нақтылы керек
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×