Сайтқа кіру Тіркелу

Берік отбасы — есірткіден алыс!

«Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған сайысына»
Берік отбасы — есірткіден алыс!
Отбасының беріктігі — түсіністік пен кешірім, ауызбіршіліктен құралады.
Бүкіл әлемді дүрліктірген, ата - анасын жан қақсатып, мейірімсіздік жолына түсірген, қоғамның қасіретті дерті — нашақорлық. Бұл дерттің қаулап өсуіне қалай жол берудеміз? Неге адам өз өміріне балта шабады? Бұл сұрақтың жауабы — біріншіден қызығушылық, екіншіден ерігушілік, үшіншіден асып - тасушылық.
Бала — жас шыбық тәрізді, қалай баптасаңыз, жемісін солай аласыз. Жақсы - жаманды айыра алмай қалатын, қызығушылық кезеңі басталады. Жасөспірім кезінде өз құрдасыңдай сөйлесіп, өз сырласыңдай мұңдасқан абзал. Ішкі сырын бөлісе алатын ақылшы, ішкі күйзелісін сезіне алатын жанашыр, көмек қолын соза алатын дос ретінде болуыңыз керек. Кейде күйзеліс кезеңіне тап болып, ақылдасар, түсіністікпен қарар жанашыр жандары болмаса осындай орны толмас өкінішке апарып соқтырары анық. Ал ерігушілік, яғни істерге ісі болмай, еріккеннің ермегімен от басып жүрген жасөспірімдер қаншама! Олар өзін бір рет дәмін татып, тоқтай аламын деп қылшылдап тұрған өмірін қылғындыра салғанын түсінбей қалады. Сондықтан сүйіспеншілігіңізбен қатар, түсінігіңіз де, кешіріміңіз де бала үшін маңызды екенін ұмытпағайсыз.
Әлемді жайлаған бұл індеттің кесірі мен залалы болашағымыздың тамырына балта шапқанымен тұрмай, түп тамырымыздың жоғалып кетуіне әкеп соқтырмасына кім кепіл! Қолдағы бар бақытыңызды бағалай біліңіз! Жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей, әрбір жан өз көмегімен кіріссе, алынбайтын қамал, орындалмайтын арман болмас! Берекесі мол, сүйіспеншілігі артқан, тәрбиесі мен тәртібі артқан жанұялар көбейсе, нашақорлық деген індетке жол жоғы анық!
Айта кететін жайт Қазақстанда есірткімен күреске қаншама қаржы бөлінуде, десе де бұл дерт жойылатын емес. Қазіргі ұрпағымыз есірткіге тәуелді болмас үшін ерте жастан спортқа бейімдеген жөн. Ал спортпен айналысқан адам зиянды заттарды қас жауындай көрері анық.
Есірткіден бойымызды аулақ ұстап, салауатты өмір салтын ұстанып, жас жеткіншектерге өзіміз үлгі болайық.
Мен көпбалалы анамын. Балаларымның денсаулығы мықты, болашақтары жарқын болуына күш - жігерімді жұмсап келемін. Біз, Жоламановтар отбасы, есірткіге ҚАРСЫМЫЗ!
Нашақорлық қалып па еді атаңнан?
Қор қылмағын өміріңді жасыңнан!
Ойланбасаң, ойран болып күндерің,
Тағдырың да жазылады қаталдан.
Ойлан, құлағыңды сал маған,
Сабырменен шүкір етші, ей, адам!
Жетесің сен мұратыңа аңсаған,
Тілеймін мен бар ананың атынан!
Барша отбасына зор денсаулық пен баянды бақыт, үйдің берекесі мен дастарханның мерекесін тілеймін. Әр ата - ана өсіп келе жатқан балаларының тек бақытына куә болып өмір сүрейік!

#ҚЗОПДЕҚҚІҚБ байқауына
Жарекенова Әсемкүл
Байқоңыр қаласы
№272 орта мектеп
Кері қайту
Пікірлер: 1
Пікір білдіру
Ойнарова Жанар
Аналық тілегіңіз қабыл болсын! Алла ұрпағымызды індеттен сақтап, қорған болғай!
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×