Сайтқа кіру Тіркелу

Жалғыздық – тұлғаның дамытуына әсер етуші фактор ретінде

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті – білім мен ғылымның орталығы, жоғарғы білім беруде көш бастайтын оқу орны. Еліміздің білім деңгейі, ғылым саласы, қоғамдық өміріне елеулі үлес қосқан 90 жылға жуық тарихы бар қара шаңырақ. «Туризм» мамандығының бірінші курс магистранттары бола отырып, жеке оқу жоспарындағы «Басқару психологиясы» пәнінің ғылыми тұрғыда маңыздылығын, оның біздің мамандығымызға зор әсерін түсіне отырып, сабақ барысында өтілген тақырыптардың бірі ретінде, қазіргі қоғамның басты проблемасы жөнінде ой толғауды шештік.

Басқару психологиясы - қолданбалы психологияның жаңа және жылдам дамып келе жатқан саласы. Өзінің бастауын ХХ ғасырдың басында алған.
Білікті көшбасшының (оқытушы) шеберлігі арқасында, университетіміздің қабырғасында өтіліп жатқан «Басқару психология» пәні шынайы психологиялық сеанс, өзіндік техникасымен, тренингтерімен ерекшеленеді.
Қазіргі 21 - ші ғасырда, интернет желісінің қарқынды дамуы, көптеген мәселелердің туындауына түрткі болды. Instagram, Whatsapp, Facebook қосымшалардың соншалықты қуаттылығы, шын өмірде коммуникацияға бейімсіз болып қалу жағдайларына әкеліп жатыр. Коммуникация нашарлаған сайын, адамдар жайлылық аймағында қалып, жалғыздықпен дос болады.
Жалғыз адам - бұл әлеуметтік өзара әрекеттесудегі қиындықтарды бастан кешіретін субъект.
Жалғыздық - психикалық денсаулықты нашарлататын, ұзақ әрі терең эмоционалды, өтпелі тәжірибе.
Жалғыздық құбылысының өзі көп қырлы екені белгілі. Жалғыздық мағынасы қарапайым сана үшін айқын көрінетін категорияларға жатады. Жалғыздық бүгінде жастардың ең көп кездесетін мәселелерінің біріне айналуда және бұл уақыт өте келе орта буын проблемасына айналады. Әрине, барлық жастар жалғыздыққа бейім емес, бірақ соңғы уақыттарда жалғыз басты адамдар санының өсу тенденциясы байқалуда.
Жалғыздық мәселесіне қатысты көптеген көзқарастар бар. Кейбіреулер жалғыздықты адамның ажырамас бөлігі деп санайды. Басқалары жалғыздықты зиянды мәселе деп санайды және оған қарсы тұру керек деп тұжырымдайды. Сонымен қатар, жалғыздық проблемасы қорқыныш сезімімен, атап айтқанда, өзімен жалғыз қалудан, қорқумен тығыз байланысты екендігін көруге болады.
Психологтар, жалғыздықтың бірнеше түрін ажыратады. Біріншісі - бұл физикалық жалғыздық, онда адам басқа адамдардың болмауына байланысты жалғыздық сезімін сезінеді. Жалғыздықтың екінші түрі – рухани. Бұл жағдайда адам үнемі басқа адамдармен байланыста болады, олармен сөйлеседі, бірақ бәрібір іштей жалғыздық сезімін сезінеді. Бұл жағдайдың түсіндірмесі - тыңдай алатын, қиын жағдайда көмектесетін және әрқашан оның жанынан табылатын адамдардың болмауы.
Жалғыздық мәселесі шын мәнінде әлеуметтік мәселе болып табылады, оның шешіміне әрбір жеке тұлға емес, бүкіл қоғам кіруі керек. Мәселенің шешілуін іздеу - бұл жеке тұлғаны дұрыс психологиялық және әлеуметтік тәрбиелеу, атап айтқанда жалғыздықтың мәнін дұрыс түсінуге тәрбиелеу болып табылады.
Студенттік кезеңде жалғыздық тәжірибесі өзекті болып табылады, бұл жоғары жүктемемен және басқалардың үлкен үміттерімен байланысты. Жалғыздық тәжірибесі әлеуметтік сәйкестендіру проблемалары мен жас ерекшеліктеріне байланысты туындайды.
Тіпті магистратурада оқып, әр алуан мамандықтармен сабақ өту барысында, көпшілік басым бөлігі, дисциплинаның аяқталуына дейін бір - бірін білмей кетеді немесе бөлектеніп жүреді. Яғни, басқа адамдармен қоршалған адамдар, кейде өздерін жалғыз сезінуі мүмкін. Бірақ, басқару психологиясының сабақ беру методикасы арқасында, сабақтың соншалықты қызықты өтуінің нәтижесінде барлық магистрант бір - бірімен коммуникация орнатады, шешім қабылдайды, пәнді зерделейді және комфорттық аймақтан шығады. Дегенмен де, сабақтың мәнді әрі сапалы өтуі, оқытушының білім беру біліктілігіне байланысты деп білеміз.
Жалғыздық құбылысын қоғамдық мәселе ретінде қарастырсақ та, Мексикалық ақын, мәдениеттанушы Октавио Пастың көзқарасын елемеуге болмайды. Ол «Жалғыздық - адам өмірінің ең маңызды құрамдас бөлігі. Адам өзінің кім екенін жалғыз болған кезде ғана түсінеді» деген пікірді ұстанған. Осы ойды негізге ала отырып жалғыздықтың жақсы, яғни позитивті жағын да сипаттауға болады.
- Ең бірінші кезекте, жалғыздық – адамға өзін - өзі тануына және өзін - өзі дамытуына жақсы әсер етеді.
- Жалғыздық, тыныштық пен шоғырланған энергияны қамтамасыз етеді. Жалғыздық бізге асықпауға, сабырлы болуға мүмкіндік береді.
- Жалғыздық - бұл адам өз өміріне тек өзі жауапты екенін, шешім қабылдайтын және өзін дамытатын басқалар емес, тек адамның өзі екенін түсінудің тамаша себебі.
Жалғыздық құбылысы, қазіргі трансформациялық қоғамға тән. Ол халықтың көп бөлігіне әсер етеді және әр түрлі жағдайларға байланысты, жеке адам өзінің әлеуметтік байланыстарын шектейтін немесе өзінің әлеуметтік желілерін біржола бұзатын, жалғыздыққа бағытталған өмір стратегиясын таңдайтын жағдайларда көрінеді, деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Соған орай, «Басқару психологиясы пәні» бұндай өзекті тіпті, елеусіз қалатын мәселерді көтеруге ат салысады. Бұл пәннің арқасында қозғалмайтын, ұсақ тақырыптардың сырын ашып, зерделеп, ашық ойларды қысылмай жеткізуге талпындырады. Бұл кезекте, бұл пәнің қызықты әрі пайдалы өтуі, Нуржамал Сейдалиевнаның білікті маман иесінің дәлелі екендігін атап кеткен жөн.

Тленчиева Н. С.
Педагогика ғылымдарының кандидаты
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы
Дәулетханова Е. Р.
Төребек С. Ғ.
Туризм мамандығының 1 - курс магистранттары
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Кері қайту
Пікірлер: 2
Пікір білдіру
ayaukaxclx
Тамаша, оте угыныкты жеткизилген!
Togzhqn
  • Togzhqn
  • 10 қараша 2022 19:47
Жалғыздық мәселесі шынымен де өзекті тақырыптардың бірі! Бүкіл қоғам болып ат салыссақ жас ұрпақтың дамуындағы проблемалардың шешімін табуға болады деп сенемін. Тақырып жақсы ашылды, санаға ой салатындай мақала!
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×