Сайтқа кіру Тіркелу

Шетелдік студенттерге «Қазақстан тарихы мен мәдениеті» және «Елтану» пәндерін оқыту

Шетелдік студенттерге «Қазақстан тарихы мен мәдениеті» және «Елтану» пәндерін оқыту

«Елтану», сондай - ақ «Қазақстан тарихы мен мәдениеті» пәндері шетелдік азаматтарға тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасындағы оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады. Кафедра оқытушылары тіл үйренуді (орыс және қазақ тілін) мақсат еткен шетелдік тыңдаушылардың білім алатын елі туралы мүмкіндігінше көбірек білуі қажет деп есептейді. Бұл оқытушының алдында тұрған бірнеше міндеттің жүзеге асуына ықпал етеді. Солардың кейбіріне тоқталып өтейік.
Біріншіден, кеңістікте және уақыт ішінде бағдар алуға байланысты белсенді сөздік қорды кеңейту. Атап айтқанда, грамматика, оқылым, жазылым, сөйлесім, тыңдалым сабақтарында уақыт жетпей қалатын лексикалық қабат жайлы сөз болып отыр. Алайда бұл тілдік материал шетелдіктердің біздің елге алғаш келген кезінен бастап - ақ аса қажет.
Екіншіден, «Елтану», «Қазақстан тарихы мен мәдениеті» пәндері шетелдік азаматтардың жаңа мәдени ортаға сәтті бейімделуінде маңызды рөл атқарады.
Үшіншіден, аталған пәндерден алынған білім тыңдаушылардың жалпы білімдік деңгейін кеңейтіп, тереңдетеді.
Төртіншіден, Қазақстан Республикасының тарихы мен бүгінгі өмірімен танысу барысында студенттердің еліміздің әртүрлі қырларына деген шынайы қызығушылығы арта түсетін жағдайлар жиі кездеседі. Мысалы, Қазақстан аумағында тұратын әртүрлі ұлт өкілдері (корейлер, қытайлар, жапондар және т. б.), сондай - ақ Алматы қаласының тарихы мен мәдениеті жөніндегі деректер мен оқиғалар оларды қызықтырады.
Бесіншіден, студенттер Еуразия құрлығының үлкен аумағын алып жатқан елдің көпұлтты мәдениетіне қызығушылық танытып, оған құрметпен қарай бастайды.
Айта кету керек, «Елтану», «Қазақстан тарихы мен мәдениеті» пәндері бойынша сабақтарда оқытушылар студенттердің ақпаратты қабылдау ерекшеліктерін (келген елінің лингвомәдени ерекшеліктерін) ескере отырып, өзекті мәліметтерді визуализация әдістері арқылы (бейнематериалдар көрсету, қысқаметражды оқу фильмдерін тамашалау және т. б.) белсенді қолданады.
Оқу бағдарламасында оқу экскурсияларының алатын орны ерекше. Олардың атауларының өзі көп нәрсені білдіреді: «Архитектуралық ескерткіштердегі Алматы», «Алматының мәдени орталықтары», «Театрлар қаласы Алматы», «Медеу мен Шымбұлақ – Алматы тауларының інжу - маржандары», «Көктөбе жайлы аңыз бен ақиқат», «Астана – тәуелсіз Қазақстанның астанасы», «Ұлы Отан соғысының қаһармандары – қазақстандықтар», «Түркістан – рухани мәдениеттің орталығы» және басқалар.

Шетелдік студенттерді еліміздің тарихы мен бүгінгі өмірімен таныстыра отырып, оқытушылар БҰҰ - ның ТДМ (Тұрақты даму мақсаттары) құндылықтарын тәжірибе жүзінде іске асырады. Атап айтқанда, елтанулық материал арқылы шетелдік студенттерде «жаһандық азаматтық» дағдыларын дамыту, тұрақты дамуға қол жеткізу мақсатында серіктестік орнату үшін тілдік білім беру негізінде мәдениетаралық диалог қалыптастыру жүзеге асырылады.
Қорытындылай келе, жоғарыда айтылғандардың барлығы Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алып жатқан шетелдік студенттердің білім сапасын арттыруға ықпал етеді.

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру
дайындығы кафедрасының оқытушылары
А. Қ. Ахмедова, М. П. Ешимов
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Әлеуметтік - мәдени біліктілікті қалыптастыру маңыздылығы

Әлеуметтік - мәдени біліктілікті қалыптастыру маңыздылығы

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тек білім беру ғана емес, сонымен қатар жоғары деңгейдегі мамандарды даярлайтын ғылыми орталыққа...
Қазақстан Республикасының жаңа тарихымен танысамыз

Қазақстан Республикасының жаңа тарихымен танысамыз

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы шетелден келген студенттерді қазақ...
Тарихы терең Алматы!

Тарихы терең Алматы!

Бүгінде табиғаты өте керемет, көркімен де әдемі, әсем Алматы қаласының тарихымен шетелдік студенттерді таныстыру мақсатында әл - Фараби атындағы...
Алматы қаласы

Алматы қаласы

Бүгінде көркімен әдемі, табиғаты да өте керемет, әсем Алматы қаласының тарихымен шетелдік студенттерді таныстыру мақсатында әл - Фараби атындағы...
Алматы қаласының тарихы және көрнекті жерлері

Алматы қаласының тарихы және көрнекті жерлері

Іс - шараға дүние жүзінің Қытай, Корея, Жапония, Ауғанстан, АҚШ, Италия, Дания, Испания және басқа да елдерінен келіп, білім алып жүрген шетелдік...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×