Сайтқа кіру Тіркелу

Ұлттық өнер – рухани құндылықтар сабақтастығы

Ұлттық өнер – рухани құндылықтар сабақтастығы

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының оқытушылары мен тыңдаушылары қазақтың дәстүрлі музыка өнерін дәріптеу, ұлттық мәдени мұраны тану және рухани құндылықтарды насихаттау мақсатында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің концерт залында өткен «Бүкіл әлем таныған керемет топ» атты концерттік бағдарламаны тамашалады.
Аталған мәдени іс - шара қазақ музыка өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті өнер қайраткерлері, ұлттық оркестрдің негізін қалаушылар Махамбет Бөкейханов, Лұқпан Мұхитов және Қамбар Медетовтің жарқын есімдері мен шығармашылық мұрасына арналды. Концерт бағдарламасы арқылы өнер майталмандарының ұлттық музыка мәдениетін қалыптастырудағы тарихи еңбегі ұлықталып, олардың кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани мұрасының маңыздылығы айқындалды.
Концерт барысында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің орындауындағы күйлер мен музыкалық шығармалар көрермендерге ерекше эстетикалық әсер сыйлады. Ұлттық аспаптардың үйлесімді үні мен кәсіби орындаушылық шеберлік қазақ халқының музыкалық дәстүрінің тереңдігін, көркемдік ерекшелігін және мазмұндық байлығын кеңінен танытты. Бұл өнер кеші қатысушыларға ұлттық музыка мұрасын тереңірек түсінуге, оның тарихи - мәдени мәнін зерделеуге және дәстүрлі өнердің қазіргі қоғамдағы рухани маңызын бағалауға мүмкіндік берді.
Мұндай мәдени - танымдық іс - шаралардың білім алушылардың рухани - адамгершілік тәрбиесін қалыптастыруда, эстетикалық талғамын дамытуда және ұлттық мәдениетке деген құрметін арттыруда маңызы зор. Сонымен қатар ұлттық өнерді дәріптеу арқылы жас ұрпақтың тарихи жады мен мәдени бірегейлігін нығайтуға, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етуге және отандық мәдени мұраны халықаралық деңгейде танытуға негіз қаланады.
Іс - шара Тұрақты даму мақсаттары аясындағы ТДМ 4 – «Сапалы білім беру» және ТДМ 11 – «Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар» бағыттарымен сабақтасады. Атап айтқанда, мәдени - танымдық іс - шаралар арқылы білім алушылардың жан - жақты дамуына жағдай жасау, инклюзивті әрі сапалы білім беру кеңістігін қалыптастыру, сондай - ақ материалдық емес мәдени мұраны сақтау мен дәріптеу міндеттері жүзеге асырылады.
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті білім беру үдерісінде академиялық біліммен қатар, ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарды ұштастыруға ерекше мән береді. Осы бағыттағы мәдени іс - шаралар білім алушылардың дүниетанымын кеңейтіп қана қоймай, олардың ұлттық мұраға деген жауапкершілігін арттыруға және мәдени сабақтастықты сақтауға ықпал етеді.
Ұлттық өнерді тану – өткенге тағзым, бүгінге құрмет, болашаққа аманат. Рухани мұраны сақтау мен дәріптеу – ұлт мәдениетінің өміршеңдігін қамтамасыз ететін маңызды құндылық!

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ
ЖОО - ға дейінгі дайындық кафедрасының
аға оқытушылары: С. Р. Нұртілеуова, Ж. П. Қасымова
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ұлттық киім – ұлт келбеті

Ұлттық киім – ұлт келбеті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұлттық құндылықтарды насихаттау және жастар арасында дәстүрге деген құрметті арттыру мақсатында маңызды...
Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы

Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО - ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО - ға дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушылары арасында...
Қазақ ұлттық университеті мен ұлы тұлғалардың мерейтойы

Қазақ ұлттық университеті мен ұлы тұлғалардың мерейтойы

Қазақ ұлттық университеті мен ұлы тұлғалардың мерейтойы – бұл ұлттық ғылымның, мәдениеттің және рухани жаңғырудың айқын көрінісі....
Тарих тағылымы – ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы

Тарих тағылымы – ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы

Білім мен өнерге құштар, арманы асқақ, мақсаты ортақ жастардың басын қосқан әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – талай буынға сапалы...
Мәдени мұра - ұлт тарихы

Мәдени мұра - ұлт тарихы

Қазіргі уакытта мұражайлар Қазақстанның мәдениет тарихында ерекше орын алады. Негізінен тарих куәсі, оқу - тәрбие орталығы, елдің асыл қазынасы болып...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, ҚазҰУ, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×