Сайтқа кіру Тіркелу

Әділетті Қазақстанға жол: Қ.- Ж. К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына шолу

Әділетті Қазақстанға жол: Қ.- Ж. К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына шолу

Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа жыл сайынғы Жолдауы – әрбір әлеуметтік белсенді азамат елдің алдағы кезеңдегі даму бағыттарын айқындайтын бағдарларды табатын маңызды әрі көптен күткен оқиға. Бұл бағдарламалық құжатта Мемлекет басшысы еліміздің алдағы әлеуметтік - экономикалық дамуына қатысты өз көзқарасымен бөлісіп, халықтың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерді айқындайды. Әрине, Мемлекет басшысының әрбір тұжырымы іс - қимылға бағыт беретін маңызды нұсқау болып табылады. Осы орайда, мен үшін ерекше жақын болған бірнеше идеяға тоқталғым келеді.
Өкінішке қарай, біз халықаралық ахуалдың тұрақсыздығы мен оның шиеленіскен сипатының қысымын үнемі сезініп келеміз. Осындай күрделі әрі құбылмалы кезеңде Президент еліміздің егемендігін нығайту, ішкі тұрақтылықты сақтау және серпінді дамуға жағдай жасау жөніндегі мемлекет басшылығының ұстанымын нақты айқындап отыр.
Мемлекеттің әрбір азаматына деген қамқорлық Президенттің әлеуметтік инфрақұрылымды одан әрі дамыту үшін бүкіл елімізді біртұтас үлкен құрылыс алаңына айналдыру қажеттігі туралы тұжырымынан айқын көрініс табады.
Мемлекет басшысы алға қойған басты міндет – «ұрпаққа технологиялық тұрғыдан дамыған, бәсекеге қабілетті экономикасы қалыптасқан, заманауи инфрақұрылымы мен өмір сүрудің жоғары стандарттары бар, әрбір азаматтың өзін - өзі жүзеге асыруына мүмкіндік жасалған сапалық тұрғыдан жаңа елді құру және аманат ету».
Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік әлеуетін одан әрі арттыру мақсатында өзінің тиімді географиялық орналасуын барынша белсенді әрі сауатты пайдалануы қажет. Қазақстанның бүкіл аумағын энергиямен қамтамасыз ету – стратегиялық маңызы бар міндет. Бұл ретте «2029 жылға қарай тұрақты энергетикалық профицитке қол жеткізу» мақсаты қойылып отыр. Ол үшін жаңа энергия өндіруші көздердің құрылысын жеделдетіп, қолданыстағы нысандарды жаңғырту қажет.
Экономиканың серпінді дамуы инвестиция тартусыз мүмкін емес. Бұл міндет Үкімет қызметіндегі басым бағыттардың бірі болған және болып қала береді. Еліміздің әрбір өңірі үйлесімді дамуы тиіс. Белгілі бір салаға немесе бір ғана кәсіпорынға тәуелділікке жол беруге болмайды. Еліміздің барлық аумағында «білім беру, қолданбалы ғылым, логистика, қызмет көрсету саласы, сабақтас өндірістер мен технологиялық кәсіпкерлікті қамтитын толыққанды экожүйе қалыптастыру қажет».
Ауыл шаруашылығы туралы айта келе, Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаев саланы технологиялық тұрғыдан жетілдірудің маңыздылығын атап өтті. Атап айтқанда, машиналар мен жабдықтарды жасау және өндіру, инфрақұрылымды дамыту, су ресурстарымен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бағыттарына ерекше назар аударылуы тиіс.
Прогрессивті әрі технологиялық тұрғыдан дамыған мемлекет құру мәселесіне тоқталған Президент өз Жолдауында жасанды интеллектіні дамытуға ерекше көңіл бөлді. «Енді біз бұл жұмысты жүйелі түрде жалғастырып, жасанды интеллект негізінде цифрлық экономиканы қалыптастыруымыз керек».
Мемлекет басшысы еліміздің Парламенті – Құрылтай алдына болашақ экономикасына біртіндеп көшуге негіз болатын жаңа «Азаматтық кодексті» әзірлеу міндетін қойды.
Қазақстан халқын әлеуметтік қорғау мәселелеріне де айрықша назар аударылды. Атап айтқанда, медицина қызметкерлерінің жалақысын және ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру, инклюзивті білім беруді дамыту, мұғалімдерге түсетін жүктемені азайту және басқа да маңызды мәселелер қамтылды.
Президент еліміздің даму бағыттарын белгілеп қана қоймай, алға қойылған ауқымды мақсаттарға қол жеткізу жолдарын да нақты айқындап берді. Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаев Үкіметтің, депутаттық корпустың, өңірлер басшылығының және бизнес өкілдерінің қойылған міндеттерді орындаудағы жауапкершілігіне ерекше тоқталды.
Қазақстан қоғамының әлеуметтік белсенді мүшелері ретінде біз Мемлекет басшысының әрбір бастамасы мен тұжырымын толық қолдаймыз.

А. Қ. Ахмедова, М. П. Ешимов
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ
шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы
кафедрасының аға оқытушылары
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Президент Қасым - Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына шолу 2 қыркү ...

Президент Қасым - Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына шолу 2 қыркү ...

Оқу жылының басында Қазақстан Президенті дәстүрлі түрде еліміздің халқына Жолдауын жариалады. Бұл маңызды оқиға әрбір қазақстандықтың жан дүниесінде...
Жолдау – жаңа мүмкіндіктер кезеңі

Жолдау – жаңа мүмкіндіктер кезеңі

ҚР Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер...
Жолдау – бағыт пен болашақты айқындайды

Жолдау – бағыт пен болашақты айқындайды

Әр жыл сайын ҚР Президент жолдауы өз жаңалықтарымен, құнды ұсыныстарымен еліміздің әлеуметтік - экономикалық дамуын одан ары өркендетуге, жаңғыртуға...
Жолдаудан туындайтын міндеттер талқыланды

Жолдаудан туындайтын міндеттер талқыланды

Бүгін, 2022 жылы 12 қыркүйекте әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің ұжымы Мемлекет...
Президент жолдауы туралы пікір

Президент жолдауы туралы пікір

Әлемдік тәртіптің дамуындағы өзгерістерге, тұтастай алғанда, сондай-ақ еліміздің дамуына, атап айтқанда, халыққа, елдің әлеуметтік белсенді...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, ҚазҰУ, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×