Безендірілген залға музыка әуенімен балалар кіреді.
Жүргізуші: Құрметті ата˗аналар сіздерді келе жатқан жаңа тышқан жылымен құттықтаймыз.
Даламызға қаламызға
Жаңа жыл кіріп келеді
Қартыңызға, балаңызға
Жалынды сәлем береді.
Балалар қараңдаршы шыршамыз қандай әсем, ойыншықтарымыз қандай әдемі. Осы шыршамызға арнап жаңа жылдық тақпақтарымызды айтайық.
Есет:
Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын
Шырша келді ортаға.
Әділхан:
Жаңа жылға арналады жаңа жыр
Жаңа жылда шақырады бар өмір
Бақыт болып жаңа жылым келді ғой
Құтты болсын, құтты болсын жаңа жыл
Бауыржан:
Жасыл шырша қош келіпсің
Сені аңсап жүрдік біз
Өзіңменен жаңа жылды
Қарсы алуға келдік біз
Жасыл шырша жанында
Ойнап күліп қайтамыз
Жасыл шырша жанында
Өлеңінде айтамыз.
Ән: «Қош келдің, Жаңа жыл»
Телефон шырығы естіледі.
Жүргізуші: балалар бізге Ақшақар келе жатыр екен. Қане қарсы алайық.
Музыка әуенімен ақшақар кіреді.
Балалар: Сәлеметсіз бе Ақшақар
Гном: Ақшақар сіз неге көңілсізсіз?
Ақшақар: Біздер шырша тойына келе жатыр едік, мен аяз атадан орманның ішінде адасып қалдым. Енді әсем шыршаның шамдарын әкім жағады.
Гном: Ақшақар сен жылама. Менің достарым көп. Біз саған мына әсем шыршаның шамын жағуға көмектесеміз.
Балалар:
Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Таңырқат, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат 1, 2, 3
Шырша шамы жанады.
Жүргізуші: бізді Гномдар Ақшақардың көңілін көтеру үшін би билейді.
Би: «Гномдар»
«Қоянды қуып ішке қасқыр кіреді»
Қоян: құтқарыңдар, көмектесіңдер. Мені қасқыр қуып келе жатыр.
Қасқыр: Тоқта бәлем, тоқта. Мен сені жеймін.
Қасқыр шыршаға соғып құлап қалады.
Қоян: ой, қасқыр есінен танып құлап қалды. Енді не істеймін. Қасқыр қасеке тұршы.
«қоян қасқырды үрлеп тұрғызып алады»
Қасқыр: Ой, қандай әсем шырша. Мына жерде жаңа жыл тойы болғалы жатыр ма?
Ақшақар: Иә қасқыр. Сен қоянды жеме. Жаңа жыл болса келіп қалды. Мен Аяз атаны таба алмай, адасып қалды. Одан да бірігіп Аяз атаны іздейік. Жаңа жылды бірге қарсы алайық. Балалар Аяз атаны күтіп қалды ғой.
Қасқыр: О, жаңа жыл дейсің бе? Бізде қарсы аламыз ба? Жарайды, қоян мен сені жемеймін, екеуміз дос боламыз.
Екеуі айналып билейді.
Екеуі: біз доспыз
Жүргізуші: сендер шынымен де дос болдыңдар ма, ендеше бізбен бірге, жаңа жыл тойын тойлаңдар, ендеше балалармен бірге ән шырқайық.
Ән: «жаңа жылдық хоровод»
Жүргізуші: қоян мен қасқырдың достығына арнап тақпақтар айтайық.
Арайлым:
Жаңа жылға арналады жаңа жыр
Жаңа жылда шақырады бар өмір
Бақыт болып жаңа жылым келді ғой
Құтты болсын, құтты болсын Жаңа жыл.
Нұрсұлтан:
Жаңа жыл еңселеніп еніп тұр,
Жаңа үмітпен, жақсылықпен еніп келіп тұр!
Ойындағы бар мейірім, қуанышын
Балдырғандар, өздеріңе беріп тұр!
Жаңа жыл білім нұрын шашып тұр,
Намыс, жігер, бақыт гүлін ашып тұр.
Адамзаттың армандары асқақтап,
Тебіреніп от сезімі тасып тұр.
Сол кезде қуана қутыңдап қу түлкі келеді.
Түлкі:
Түлкінің бірімін
Ұсақ емес ірімін
Орман кезіп шарқ ұрып
Қоянды іздеп келемін
Ұзын құлақ ақ қоян
Өзі сондай сақ қоян
Шыға келсең алдымнан
Шап берем де жеп қоям.
Түлкі: тіміскілеп, иіскелеп.
Мен қоянның тәтті исін сезіп тұрмын
Ә˗Ә˗Ә қайда екен, әлгі қоян
(қоянды тап беріп ұстап алады)
Түлкі: қоян мына жерде отыр екен ғой!
Мен сені жеп қоям
Ақшақар: туу сендерге не болған, бәрің қоянды жегілерің келе береді екен? Одан да жаңа жылды қарсы алайық, аяз атаны іздеп табайық. (жылайды)
Қасқыр: не істейміз достар? Ақшақарға аяз атаны табуға көмектесейік. Аяз атаны іздеп табайық.
Қоян: ақшақар жылап отыр ғой, көңілін көтерейік
Түлкі: достар, таптым, таптым! Мен оны жұбатам аламын. Менің көңілді, сиқырлы әнім бар. Ол Ақшақардың көңілін көтереді. Бізге мына балалар да көмектессін.
Ән: «Ақшақар» (буги˗буги)
Қоян балалармен ойын ойнайды.
Ойын: «аяз атаға хат»
Ақшақар: жарайсың, түлкі досым! Мен сергіп қалдым рахмет! Бірақ маған аяз атасыз көңілсіз. Маған аяз атаны тауып әкелесіңдер ме?
Аңдар: әрине тауып әкелеміз.
(қоян қасқыр, түлкі шығып кетеді)
Жүргізуші: ал балалар, біздің достарымыз аяз атаны тауып әкелгенше тақпақтарымызды айтып, мына Ақшақардың көңілін көтерейік.
Мирас:
Кел билейік үйренейік
Ол келгенше жаңа жыр
Құтты болсын, құтты болсын
Құтты болсын жаңа жыл
Әсем:
Аппақ қылып даланы
Аппақ қылып қаланы
Қуандырып баланы
Төрле, төрле, жаңа жыл!
Арухан:
О, жаңа жыл кел төріме
Көттік қана сені біз
Қуаныштың желкенінде
Тербеледі еліміз.
Жайдарбек:
Жаңа жылдың жасұланы
Біз шыршаны қарсы алған
Тамашаға асығады.
Қала, дала ән салған.
Қасқыр, қоян, түлкі жүгіріп, қуанып кіреді. Алақай, алақай, аяз ата таптық. Аяз ата келеді.
Жүргізуші: аяз атаны бәріміз дауыстап шақырайық.
Балалар: аяз ата келші бізге сыйлық берші, ауу
Аязата: естідім, естідім. Мен мен де келе жатырмын
Амансыңдар ма, халқым!
Амансыңдар ма, балаларым!
Жаңа жылдарың құтты болсын!
Қандай жарқын жүздерің
Қандай жем көздерің
Алып келдім сіздерге
Жаңа жылдың жылуын.
Ақшақар: ата, сізді іздеп қатты қапаландым, жыладым. Мына достарым болмағанда не істер едім Рахмет достар!
Жүргізуші: қош келдіңіз Аяз ата! Балалар сізді күтіп отыр. Төрлетіңіз. Балалардың өнерлерін тамашалаңыз.
Жаңа жылда алдағы
Көңіл өсіп, кеңейсін
Ортақ ойы арманы
Жақсы достар көбейсін˗дей отырып балалардың тақпағына кезек берейік.
Диас:
Кел, Жаңа Жыл! Төрле – төрле жеріме,
Құт – береке боп келгейсің еліме!
Үміт артып армандарға аяулы,
Шаттығыңа бөлегейсің мені де.
Оралды өлкеме
Жаңа жыл, армысың!
Оранды ақ көрпе
Асқар тау, қарлы шың.
Дариға:
Тоғай да, баулар да
Ақ күміс жамылды.
Дала да, таулар да
Өзіңді сағынды.
Ернұр:
Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз.
Ән шырқайық баршамыз.
Исламия:
Жаңа жылым жол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрлет, төрлет жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын
Аяз ата ойын ойнатады.
Ойын: «балаларын еркелету»
Би: «Ақшақарлар»
Ән: аяз ата
Жүргізуші:
Жылым келді тағы да
Амандық тілеп еліне
Тышқан жылы қош келдің
Төрлетіңіз төріме
Ортаға тышқан жылы шығады.
Тышқан:
Келдім міне еліме
Келдім міне жеріме
Шаттыққа бөлеп әр үйді
Шығам енді төріме.
Би:
Аязата: балалар өте тамаша! Енді Ақшақар екеуміздің барар жеріміз әлі көп. Бізді басқа балаларда күтіп отыр. Соған барайық.
Ақшақар: ата балаларға сыйлық ше?
Аязата: Ой кәрі басым ай ұмытып барады екенмін ғой.
Сыйлықты береді де шығып кетеді.
Жүргізуші: құрметті ата˗аналар, жаңа тыщқан жылы отбасыларыңызға амандық бақыт әкелсін. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Ақтөбе қаласы,
№ 43 «Гүлдәурен» мектепке дейінгі ұйымы
музыка жетекшісі: Курманова Сауле Айбековна
Төрлет, төрлет Жаңа жыл!
- Калдыгул
- 19 желтоқсан 2019
- 48192
- 0
- 100
Ілмек сөздер: мектепалды даярлық топтарына, ертеңгілік сценарийі, жаңа жыл мерекесі
Ұқсас жаңалықтар:
Жаңа жылдық сценарий
Кейіпкерлер: Ақшақар, Қаршақыз, Аяз Ата, аққала, гном, қоян, сиыр, барыс. Жаңа жылға безендірілген залға балалар кіріп келеді....Қош келдің, Жаңа жыл!
(Зал іші түрлі - түсті шарлар, жылтыр жіпшелермен, жаңа жылдық суреттермен, жаңа жылдық шыршамен безендірілген. Оқушылар көңілді ән ырғағымен залға...«Ақшақардың кебісі» атты жаңа жылдық ертеңгілік
Жүргізуші: Балалар, біздің шыршамыз көңілсіз, жабырқаулы. Қане барлығымыз бірге үрлеп шыршаның шамдарын жағайық. (Барлығы бірнеше үрлеп шыршаның...Жаңа жылдық сценарий 2025 жыл
Келді, міне, сағындырып далама Келді, міне, Жаңа жыл қалама Ән салып, жұмбақ болып, тақпақ болып. Кәне, кәне келіңіздер Би билеп ән салып беріңіздер!...Қуант бізді, Жаңа жыл (ертеңгілік сценарийі)
Амансың ба халайық? Жаңа жылды тойлайық Ән салайық, билейік Көңілімізді көтерейік...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.