Сайтқа кіру Тіркелу

Қош бол бастауыш

\Қош бол, балғын балалық, Қош бол, сүйікті бастауыш!

Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы.
Қанатты сөздер мен тақырып.
Кіріспе сөз:
Құрметті ұстаздар, ата – аналар! Кеше ғана көздері жаутаңдап, мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндеріміз бүгін, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, ойларына ой, саналарына сана қосып, өздерінде жауапкершілік пайда болып, еліміздің саналы азаматтары боп, бастауышпен қоштасқалы отыр.
Қош бол, балғын балалық,
Қош бол, сүйікті бастауыш!
атты бастауышпен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер!

Жүргізуші
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
4«а» сынып оқушыларын ортамызға!
(Әуен ойналып, оқушылар ортаға шағады)

Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар мен ата - аналар,
Кез келді сіздерден ақ бата алар.
Ұл - қыздарың көрсетпекші өнерін,
Бар қауым тамсана таңдай қағар.

Ұлдар: Ассалаумағалейкум, ағайындар!
Қыздар: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер!
Барлығы: Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!

Жүргізуші
- Кеше ғана тұлымымыз желбіреп, жүректеріміз лүпілдеп, мектеп табалдырығын имене аттаған ұл - қыздарыңыз ойымыз толып, бойымыз өсіп, бастауыш сатысымен қоштасқалы келіп отырмыз.
Құттықтау сөз мектеп директорына беріледі
Жүргізуші
Жетекші боп жүреді түлегіне,
Оқушыларын ойлап көңіліңіз жүдеді де,
Шәкірттер, тыңдаңыздар ұстаз сөзін
Сіздерге арнап айтатын тілегін де
Сөз кезегін береміз бастауышта оқытқан мұғаліміне беріледі

Айбек
Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!
Армысыздар, ұстаздарым – әз жандар!
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,
Өмір деген үлкен жолда тарландар.

Нургелді
Бүгін, міне қоштасады бастауышпен балбұлақ,
Әнімен жырына тарландарым сал құлақ.
Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан,
Лаулап жанар болашағы шамшырақ.
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар.
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар
Алдарыңызда жауқазындай құлпырған.
Біз алаңсыз балғын шақты балалар

Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай болашағын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады
Азамат боп кешегі сәби – еркелер.

Диана
Көрінетін биіктен асқақ іспен
Баулитұғын білімге жас кішіден.
4 жыл бойы біліммен сусындатқан
Қоштасқалы күн келді бастауышпен.
Бастауышты халық та дәріптеген
«Білім көзі» деген сөз анық деген.
Өйткені бастауышта балаң шыбық
Ең алғаш танысады әріппенен.

Ернар
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген даналардың мекені.
Мектебім - білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4жыл бойы ата - анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған.

Еслям
Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Өткіздім мұнда балғын жасымды мен,
Жаныма сіңді сенің асыл киең.
Сарқылмас бастауысың ұлылықтың,
Мектебім саған мәңгі басымды ием.

Жүргізуші;
«Ұстаз» Осы бір сөздің өзінде қаншама мән мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі, небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі - бір адамға қарыздар.
Ол - ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі - ұлы еңбек.

Нұргелді
Атағым Алатаудай болса биік,
Тұрса да төбем өсіп, көкке тиіп.
Алдында әрқашанда тағзым етіп,
Тұрамын «Ұстазым» деп басымды иіп.

«Ұстазым» өлең
Жүргізуші;
4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз бүгін білімнің негізі болатын бастауышты тәмамдап, қанаттары қатайып бастауыш сыныппен қоштасқалы тұр.

Оқушыларды марапаттау
Дважды два четыре. инсценировка
Аналармен ойын
О, менің ардақтаған, асыл анам,
Ақылмен, ақ сүтімен асыраған
Айналдым қасиетіңнен әрқашанда,
Жыр арнап міне, бүгін отыр балаң.
Диана
Теңейміз аналарды аппақ таңға,
Теңейміз аруларды шапағатқа.
Ана деп ән саламыз, жар саламыз,
Бас иіп «ана» деген асыл затқа
Аналармен вальс

Мұғалімдерді марапаттау

Ернар
Төрт жылда міне тез – ақ өткірді.
Білім жолда өтті талай өткелді.
Әліппені, ана тілін үйреткен
Ұстазбенен қоштасатын сәт келді.

Бәрі: Мейрамгүл Дюсетқызына мың алғыс сізге бізден
Мың алғыс мына отты жүректерден!

Еслям
Гульжайна Охайқызына
Ертегідей, ғажайып сабақтарды
Қияға қанатымыз самғайды нық,
Балалық, ақ жүректен алғыс айтып,
Тілейміз, апай, сізге мәңгі шаттық!

Диана
Қайрат Мұбәрак ұлына
Математика әлеміне жетелеген,
Ағайдың әр сабағы біз үшін сый.
Кайрат ағай саналы да жеке дара,
Мектепте онсыз өтпес ешбір шара.
Деніңіз сау болсын деп тілейді
Сіз математикаға үйреткен әрбір бала

Нургельды
Толқын Мұратқызына
Еңбекпен өтетұғын әр бір күнің,
Ұстазым, өзі – өзімді танытамын,
Жылы жүрек, тілейтұғын жасы тілек,
Көтерер әр баланың көкке даңқын!

Айбек
Айгуль Сатвалдықызына
«Здравствуйте» деп басталар әр сабақты,
Әр жұма біз асығып, күтіп – бақтық
Орысшаға тіліміз келе бермей
Кей кезде апай сізге жылап жаттық.

Ернар
Дене шынықтыру өнері пәнінің мұғалімі – Гүлмира Мейрамқызына
Кім білмейді біздің Гүлмира апайды
Спорт десе жоқтан ол бар жасайды.
Қашанда спортзалдан табылатын
Жұрт оны «денсаулыққа жаршы» атайды
Гүлмира апай – қызыңыз жүлдегер боп,
Түссінші алшасынан асығыңыз.

Диана
Альфия Нахимжанкызына
Диана
Жамандықтан сақтандырған,
Жақсы істі мақтан қылған.
Білім берген
Бәрі; Ұстаздарға мың алғыс.

Ойын такия
Флешмоб.

Диана
Бастауышым – балбұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін
Әріп танып, білім алып,
Рахметімді жаудырамын

Кішкентай ізбасарлар! Бүгін сіздерге әріп танып білім алған бастауыш білім негізінің алғашқы сатысының кілті – білім кілтін тапсырғалы отырмыз. Бұл сендердің жарқын болашақтарыңа жол ашатын кілт болмақ.
Бастауыш сынып бітірушілерден кілт - 1 сынып оқушыларына беріледі
Улыбка өлеңі

жүргізуші
Ұрпақтарға бақыт жолын аңсаған
Тілейтұғын әрқашан да бақ саған
Тіршіліктің тынысы мен ажары
Бірге: Ата – анам, ұстаздарым – теңдесі жоқ жақсы адам!

Би сергіту сәті
Жүргізуші.
Ата – анаң секілді таза бұлақ,
Перзентің бауырында жайнар құрақ.

Құттықтау сөз кезегін алады енді,
Ата – ана, ұл – қызына тілек арнап.

Тлектер
Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Өткіздім мұнда балғын жасымды мен,
Жаныма сіңді сенің асыл киең.
Сарқылмас бастауысың ұлылықтың,
Мектебім саған мәңгі басымды ием.

Достарым ән
Осымен атты ертеңгілігіміз аяқталды.
Қош болыңыздар!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Бастауышым – балбұлағым

Бастауышым – балбұлағым

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда, Жол табар қараңғыда адасқанда. Мал озбас біле білсең білім озар, Ақыры керек болар бір сасқанда, -...
Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, Саған мәңгі бас ием, Бастауышым!

Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, Саған мәңгі бас ием, Бастауышым!

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Шалқия кенті, №86 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Смат Айжан Нұржәліқызы...
Бастауышым - балбұлағым

Бастауышым - балбұлағым

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, №1 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Құрмашева Нұргүл Алтайқызы...

"Қош бол, бастауыш сыныбым!" сынып сағаты

Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы Чириковка орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Жағыпарова Венера Ерғалиқызы...
Бастауышым – балбұлағым

Бастауышым – балбұлағым

Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×