Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - де шетелдік студенттерге қазақ және орыс тілдерін оқыту
Оқу процесі қызу жүріп жатыр – күзгі семестр де аяқталуға жақын. Біз қазірдің өзінде әліпбиді жақсы меңгеріп, қазақша да, орысша да оқуды әрі сәл жазуды үйрендік. Біздің студенттер өздері туралы, отбасылары, туған елі мен туған қаласы туралы айта алады. Олар өздеріне қойылған сұрақтарды түсінеді және оларға жауап бере алады: сізді (сені) қалай шақырады, сіздің (сенің) отбасыңыз, ата - аналарыңыз бар ма, ата - аналарыңыз кім, бұл сіздің тобыңыз ба, тобыңыз қандай, кіші ме, әлде үлкен бе? және тағы басқа. Міне, біз етістіктерді де оқуды бастап кеттік. Меңгерілген етістіктер студенттердің сөйлеу мүмкіндігін едәуір кеңейтеді. Әрине, етістіксіз де сөйлемдер бар. Бірақ өз ойыңды дәл әрі анық жеткізу, көбірек сөйлеу, сезімді сөзбен толық жеткізу, әңгіме мазмұнын динамикалы түрде сипаттау, сұрақ қойып, жауап алу, ақпарат сұрау – мұның бәрін етістік арқылы жүзеге асыруға болады. Яғни етістіктерді қолдану адамдар арасындағы қарым - қатынасты жеңіл, нақты және түсінікті етеді.
Бұл өте қызықты әрі маңызды тақырып, өйткені студенттерге, мысалы, орыс тіліндегі етістіктің үш шағы бар екенін, етістік жалғаулары жаққа, жекелік - көптікке және жынысқа қарай өзгеретінін түсіндіру қажет. Студенттердің бұл грамматикалық материалды түсінгені бөлек мәселе, ал оны есте сақтап, етістік жалғауларын жаттап, оларды сөйлеуде дұрыс қолдану – мүлде басқа мәселе. Дәл осы тұста мұғалімнің шеберлігі мен тәжірибесі қажет болады. Себебі күрделі грамматикалық материалды ойын тәсілдері арқылы түсіндіруге және есте сақтауға болады.
Иә, біз сабақтарымызды ойын түрінде де өткіземіз. Ол үшін кәдімгі балалар добын қолданамыз. Дәл осы ойын студенттердің олар үшін қиын саналатын грамматикалық материалды – етістіктің шақтары мен түрлерін, жіктелуін – жеңіл меңгеруіне көмектеседі. Біз осы тәсіл арқылы етістіктің осы шақтағы жалғауларын бекітеміз: мұғалім «оқу» сияқты етістікті атайды да, допты студентке лақтырып, сонымен бірге «олар» деген жіктеу есімдігін айтады. Студент допты мұғалімге бірден кері лақтырып, дұрыс етістік формасын айтуы керек – «олар оқиды». Егер студент кідіріссіз, дұрыс жауап берсе – жарайсың, бәрін меңгерген. Егер қателессе немесе мүлде айтпаса – дұрыс жауап естігенше доп қайта лақтырылады. Бұл доппен ойнайтын әдістердің бір нұсқасы ғана, бұдан бөлек біз сын есімдердің жекелік - көптік, жынысқа байланысты жалғауларын, тәуелдік жалғауларын және тағы басқа грамматикалық материалдарды да осылай бекітеміз.
ЖОО дейінгі білім беру факультеті шеелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы оқытушыларының арсеналында көптеген түрлі әдістер мен тәсілдер бар – біздің мұғалімдердің бәрі – үлкен тәжірибесі бар, өз ісінің нағыз мамандары, таңдаған тілін шетелдік студенттерге үйрету ісіне шын берілген ұстаздар.
Біздің кафедрада қазақ тілін, қазақ әдебиетін, қазақ мәдениетін зор ықыласпен оқитын шетелдік студенттер білім алады. Біз әрқашан өз студенттеріміз туралы қуана айтамыз. Олар әлемнің әр түкпіріне тарап кетсе да, өз ұстаздарын ұмытпайды. Бізге хат жазады, телефон шалады, әлеуметтік желілер арқылы жетістіктерімен бөліседі, сәлем жолдайды және жүректерінде қазақ жерінің жылуын сақтайды.
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру
дайындығы кафедрасының оқытушылары
М. П. Ешимов, Р. С. Туребекова
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - де шетелдік студенттерге қазақ және орыс тілдерін оқыту
- ramuk_b
- 7 желтоқсан 2025
- 22
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ, шетелдік студенттер, оқу процесі
Ұқсас жаңалықтар:

Әлеуметтік - мәдени біліктілікті қалыптастыру маңыздылығы
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тек білім беру ғана емес, сонымен қатар жоғары деңгейдегі мамандарды даярлайтын ғылыми орталыққа...
Студенттерге уақытын дұрыс пайдалануды үйрету
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында...
Дүние жүзінен келген шетелдіктер қалай оқуда
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО - ға дейінгі білім беру факультетіндегі студенттер – дүние жүзінен келген шетелдіктер....
Қазақ және орыс тілдерін оқитын қытай студенттерінің мәдениетаралық бейімде ...
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде әртүрлі елдерден келген шетелдік студенттер оқиды. Қытайлық...
Өзге елдердегі студенттер күні
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында әлемнің түрлі...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.