Оңтүстік астанамен танысу
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде тәрбие жұмысын жүргізудің тұжырымдамасы жасалған, оның негізгі факторлары: біріншіден, университеттік ортаны дұрыс ұйымдастыру, екіншіден, студенттердің өзін - өзі басқаруын оқу, ғылыми қызмет және бос уақытты тиімді ұйымдастыру салаларында ынталандыру. Студенттердің оқу - танымдық, ғылыми - зерттеу және қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысуына көмектесу – осы бағытта оқытушылардың басты міндеті. Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы оқытушыларының кәсіби қызметі елімізге білім алуға келетін, кафедрада қазақ және орыс тілдерін меңгеретін шетелдік студенттердің жоғары интеллектуалды тұлғасын қалыптастыруға бағытталған.
Шетелдік азаматтарға шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары сабақ уақытынан тыс кезде де тыңдаушыларына көңіл бөліп, олардың бос уақытын ұйымдастыруға тырысады. Мұның қарапайым себептері бар: біздің студенттер әлемнің әр түкпірінен келеді, алғаш рет бөтен елге, олар үшін мүлде жаңа қалаға келеді, көп нәрсені білмейді, түсінбейді. Сондықтан оқытушылардың міндеті – студенттердің жаңа ортаға бейімделуіне, қаламен танысуына көмектесу. Күн жылы болып тұрған шақты пайдаланып, алтын күз кезінде бір күн сабақтан кейін оқытушылар мен студенттер Алматының орталық көшелерімен серуендеуді, қала туралы, оның көшелерінің тарихы, әйгілі архитектуралық ғимараттары жөнінде көбірек білуді жөн көрді. Оқытушылар қытайлық студенттерге Республикалық мемлекеттік академиялық театрлар – Ұйғыр музыкалық комедия театры мен Корей музыкалық комедия театры ғимараттарының ерекшеліктері туралы (Құддус Қожамияров атындағы Ұйғыр музыкалық комедия театры – әлемдегі жалғыз ұйғыр театры), І. Есенберлин атындағы №25 гимназияның (бұрын Ф. Дзержинский атындағы №25 орта мектеп) қандай атақты білім ордасы екені туралы – бұл мектепті Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаев бітіргенін айтып берді. Олар Мемлекеттік қуыршақ театрының көркем ғимаратын тамашалап, 28 гвардияшы - панфиловшылардың ерлігі туралы, олардың фашистерге жол бермей, елін қорғағаны жайында әңгімеледі. Сонымен қатар, Вознесенск кафедралық соборын көрсетіп, оның құрылу тарихы жөнінде де мағлұмат берді. Бұл ғимараттардың әрқайсысының өзіндік тарихы бар, сондай - ақ бұл әйгілі нысандар орналасқан көшелердің де тарихы қызықты.
Енді шетелдік студенттер осы қалада бір жыл бойы тұрып, білім алатын орны туралы әлдеқайда тереңірек мәлімет алды, Алматы туралы толық түсінік қалыптастырды, демек – қаланы жақсы көріп үлгерді деген сенімдеміз. Студенттер үшін бұл серуен өте қызықты болды. Олар Қазақстан тарихы және Оңтүстік астананың тарихы жөнінде көптеген жаңа әрі пайдалы мағлұмат ала білді.
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру
дайындығы кафедрасының оқытушылары
М. П. Ешимов, Р. С. Туребекова
Оңтүстік астанамен танысу
- ramuk_b
- 7 желтоқсан 2025
- 21
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, бос уақытты тиімді ұйымдастыру
Ұқсас жаңалықтар:

Әлеуметтік - мәдени біліктілікті қалыптастыру маңыздылығы
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тек білім беру ғана емес, сонымен қатар жоғары деңгейдегі мамандарды даярлайтын ғылыми орталыққа...
Алматы қаласы
Бүгінде көркімен әдемі, табиғаты да өте керемет, әсем Алматы қаласының тарихымен шетелдік студенттерді таныстыру мақсатында әл - Фараби атындағы...
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы: құрылу тарихы және пайдалану ережел ...
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының шетелдік студенттері ҚазҰУ...
Тарихы терең Алматы!
Бүгінде табиғаты өте керемет, көркімен де әдемі, әсем Алматы қаласының тарихымен шетелдік студенттерді таныстыру мақсатында әл - Фараби атындағы...
Алматы қаласының тарихы және көрнекті жерлері
Іс - шараға дүние жүзінің Қытай, Корея, Жапония, Ауғанстан, АҚШ, Италия, Дания, Испания және басқа да елдерінен келіп, білім алып жүрген шетелдік...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.