Сайтқа кіру Тіркелу

Тұмау мен суық тиюдің алдын алу тақырыбында өткен кураторлық сағат

Тұмау мен суық тиюдің алдын алу тақырыбында өткен кураторлық сағат

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дің шетелдік азаматтарға арналған факультеті жанындағы тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында шетелдік студенттерге «Тұмау мен суық тию ауруларын алдын алу» тақырыбында презентация көрсетілімімен кураторлық сағат өткізілді. Тақырыптың таңдалуы да кездейсоқ емес: дәл осы күз - қыс маусымында аурушаңдық деңгейі ерекше жоғары болады.
Куратор - эдвайзер адамдар жылдың қай мезгілінде тұмаумен және ЖРВИ - мен жиі ауыратыны, тұмаудың қаншалықты қауіпті екені, эпидемия деген не, тұмаудың белгілері (симптомдары) қандай екені туралы айтып берді.
Шетелдік студенттер аурудың пайда болу себептері, вирустардың таралу жолдары, вирустық және салқын тию ауруларынан қалай сақтану керектігі, эпидемия кезінде өзін қалай қорғау қажет екені, иммунитетті сақтау үшін ағзаны шынықтырудың маңызы туралы мәлімет алды. Куратор студенттерге жеке гигиена ережелерін сақтауды еске салды: қолды жуу, әртүрлі дезинфекциялық құралдарды қолдану, қоғамдық орындарда (автобустарда, дүкендерде, кинотеатрларда) немесе науқас адаммен байланыс кезінде маска тағу, телефон мен пернетақта бетін өңдеу, тұмауға қарсы екпе жасау. Кураторлық сағат барысында дұрыс тамақтану, күн тәртібін сақтау, дұрыс демалу, таза ауада серуендеу, сондай - ақ шынығу мен спортпен шұғылданудың қажеттілігі талқыланды.
Сөйлесу барысында студенттер зиянды әдеттер жайлы – денсаулықты әлсірететін және иммунитетті төмендететін факторлар туралы да сөз қозғап, осы жөнінде пікір алмасты және салауатты өмір салтын ұстанып, суық тию ауруларының алдын алу ережелерін сақтауға дайын екендерін білдірді. Мұндай әңгімелер студенттердің өз денсаулығына саналы түрде қарауына және жұқпалы ауруларға шалдығу қаупін азайтуға көмектеседі.

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру
дайындығы кафедрасының оқытушылары
К. С. Якубаева, М. П. Ешимов
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Өзге елдердегі студенттер күні

Өзге елдердегі студенттер күні

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында әлемнің түрлі...
«Экология және қазіргі уақыт» тақырыбында кураторлық сағат өтті

«Экология және қазіргі уақыт» тақырыбында кураторлық сағат өтті

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ Шетелдердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында, дайындық факультетінің 11 - тобында «Экология және...
Жастарға арналған мереке

Жастарға арналған мереке

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктерң тілдік және жалпы білім беру дайыңныдығы кафедрасы әлемнің түрлі елдерінен...
Дүние жүзінен келген шетелдіктер қалай оқуда

Дүние жүзінен келген шетелдіктер қалай оқуда

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО - ға дейінгі білім беру факультетіндегі студенттер – дүние жүзінен келген шетелдіктер....
Шетелдік студенттермен тәрбие жұмысы

Шетелдік студенттермен тәрбие жұмысы

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×