Тақырыбы: «Ата бабам аңсаған - Тәуелсіздік»
Мақсаты: 1. Оқушыларға қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. Тәуелсіз Қазақстанның 27 жыл ішіндегі қол жеткен жетістіктерімен таныстыру.
2. Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі үшін аянбай еңбек етуге шақыру.
3. Оқушылар бойында отансүйгіштік - патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан республикасының картасы, Еліміздің туы, Елтаңбасы мен Әнұраны, Отан, туған жер туралы нақыл сөздер, буклеттер.
Техникалық құрал: мультимедиалық қондырғы.
Барысы:
Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағатымыз Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесіне арналады. 1991 ж. 16 желтоқсанда Тәуелсіздік Декларациясы қабылданып, Қазақстан өзін тәуелсіз ел ретінде жариялады. «Тәуелсіздік – ата - бабам аңсаған» атты тәрбие сағатымыз халқымыздың тәуелсіздікке жету жолындағы ерлік күресі мен қазіргі Қазақстанның жетістіктеріне арналады. Тәрбие сағатымызды төмендегі жоспар бойынша жүргіземіз:
1. Кіріспе.
Тәуелсіз ел - Қазақстан.
2. Тәуелсіздік жолында күрескен тұлғалар.
3. Тарихи оқиғалар тізбесі.
4. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қол жеткізген жетістіктер.
5. Қорытынды.
Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ – нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшіп - қонып өмір сүрген ата - бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген. Ол ел мен жер және ана тілі. Қандай халық болмасын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайсың. Ал енді біз халқымыздың сан ғасырлар күресіп армандап жеткен Тәуелсіздік жолын жырлайық.
1 - жүргізуші:
Армысыздар, Отандастар!
2 - жүргізуші:
Қайырлы күн, қымбатты қонақтар, ұстаздар, ата - аналар, оқушылар!
1 - жүргізуші:
Еліміздің тәуелсіздік алуы - халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол - баршамыз бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.
2 - жүргізуші:
Шаттық нұры шашылып зеңбіректен
Шуағын күн төгінді енді көктен.
Шылбыр үзді даланың арғымағы,
Тәуелсіздік жалауын желбіреткен.
Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке
Ақ боз аттың алдынан жанды үміт те.
Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты,
Қазақстан бет алды мәңгілікке!
1 - оқушы. М. Шаханов «Төрт ана»
«Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға,
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Демеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері - түп қазығы айбыны,
Туған тілі - сарқылмайтын байлығы.
Туған дәстүр, салт - санасы, тірегі
Қадамына шуақ шашар үнемі
Және туған тарихы.
Еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да
Құдіреті жоқ төрт анаға тең келер,
Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.
Өзге ананың ұлылығын танымас,
Төрт анасын менсінбеген пенделер.
Төрт анадан сенім таба алмаған
Тамырсыздың басы қайда қалмаған.
Төрт анасын сыйламаған халықтың
Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана - тағдырымның тынысы.
Төрт ана үшін болған күрес - тердің ұлысы!»
2 - жүргізуші:
Тәуелсіздік ата - бабам аңсаған
Жете алмай құрбан болды қанша адам.
1 - жүргізуші: Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді осы кейбір оқиғаларды еске түсіріп өтейік.
1 - көрініс.
Жоңғар хан ордасы. Хан тақта отыр.
Уәзір: «Тақсыр! Қазақтар келіп тұр»
Хан: «Кірсін!»
«Иә, қазақтар! Неменеге келдіңдер? Айтататындарыңды айтыңдар да, елдеріңе қайтыңдар!»
Қазыбек: «Біз – қазақ деген елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт - береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Сен қалмақ та, біз қазақ табысқалы келгенбіз. Сен темір де біз көмір еріткелі келгенбіз. Берсең жөндеп бітіміңді айт, не тұратын жеріңді айт»
Хан: «Балам, атың кім?»
Қазыбек би: «Атым – Қазыбек, әкем – Келдібек, ұлтым – қазақ, руым – Қаракесек»
Хан: «Ендеше, даусың қаздың даусындай қаңқылдап шығады екен, есімің қаз дауысты Қазыбек боп қайта жаңғырсын»
1 - жүргізуші: Иә, қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті. Тарихта аты шулы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қаралы атқа ие болған 1723 жылғы жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті.
2 - жүргізуші: 1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс.
1836 - 1838 жылдардағы Ішкі Бөкей ордасындағы Исатай Тайманұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс. Бұл көтеріліс Ресей патша үкіметіне қарсы бағытталды. Қазақ шаруаларының жерлерін тартып алып, орыс шаруаларына үлестіріп берген олар халықтың ашу - ызасын тудырды. Исатайдың серігі, ақын Махамбет Өтемісұлы өз жырларын осы тақырыпқа арнады.
Махамбеттің өлеңінен үзінді. «Мен, мен едім, мен едім...» Оқитын Б. Нұрсұлтан.
«Мен, мен едім, мен едім,
Мен Нарында жүргенде
Еңіреп жүрген ер едім
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім,
Қай қазақтан кем едім,
Бір қазақпен тең едім.
Өздеріңдей хандардың
Қарны жуан билердің
Атандай даусын ақыртып,
Лауазымын көкке шақыртып,
Басын кессем деп едім
Еділдің бойы ен тоғай
Ел қондырсам деп едім
Жағалай жатқан сол елге
Мал толтырсам деп едім»
1 - жүргізуші: 1917 ж. бастап қазақ елі кеңес елінің құрамында болды. 1925 - 1933ж. ж. Голощекин Қазақстанда әлі революция болмаған деп, «Кіші Октябрь» саясатын жүргізді. Елді аштық тығырыққа тіреп негізгі күн көрісі мал болған қазақтар екі - үш жылда малдарынан түгел айрылып, Қазақстанда тұратын 2 млн. қазақ аштықтан қырылды.
2 - жүргізуші: 1937ж. асыра сілтеудің кесірі – біздің қазақ әдебиетінде жайқалып келе жатқан жас теректердің тамырын қиды. (Қуғын - сүргінге ұшыраған ақын - жазушылардың портреттері)
1 - жүргізуші: Ақтаңдақ жылдардағы «қазақ» деп қабырғасы қайысқан қайраткерлер де тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар еді.
2 - жүргізуші: Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,
Бет - бағдарын бақиға бұрғандарым.
Қаралы жылдардай боп қарауытып,
Халқымның мәңгі есінде тұрғандары.
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,
Кеудемдегі қолаңтаны қоздатқаның
Тұншықса да, түрмеде тозбапты әнім.
Жазықсыз жапа шегіп бұл жалғаннан
Жалтақтатып кете барған боздақтарын.
2 - жүргізуші: Ұлы Отан соғысы жылдарына тоқталайық.
2 - оқушы:
Бұлт түнеріп аспаннан,
Талай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталған.
Соғыс жалмап аға - іні, бауырды
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды
Жалғызынан айырыпты ананы
Әкесінен айырыпты баланы.
3 - оқушы:
«1941 - 1945ж. ж. адамзат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты қорғап ерекше ерлік көрсетті. 100 - ге тарта қазақ қаһарманына Кеңес Одағының Батыры деген абыройлы атақ берілді» ( Кеңес Одағының Батырлары - слайд)
4 - оқушы. «Адай» күйі.
1 - жүргізуші: 1986 ж. желтоқсаны.
Еліміздің тәуелсіздігін аңсаған жастар Алматы алаңына еріккеннен шыққан жоқ, алдына мақсат қойып шықты. «Ұлтшылдық», «бұзақы», «тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар» деген жалғаннан ойлап тапқан жала бүкіл кеңес еліне таратылды. ( Желтоқсан оқиғасы жайлы слайд көрсетіледі) С. Тұрысбековтің «Көңіл толқыны» күйі тыңдатылады.
2 - жүргізуші: Қасқалдақ ұшып көлінен
Шүрегей келіп қонған күн
Қыранды қуып көгінен
Қарғалар билік алған күн
«Нашақор» деп, «ұлтшыл» деп,
Қазаққа күйе жаққан күн
Базары кетіп бір күнде
Қайғыға халық батқан күн
Қақаған қыстың ызғары
Сүйектен өтіп кеткен күн
Қара көз қазақ қыздарын
ОМОН - дар бастан тепкен күн.
Қариялар итке таланып,
Ер басын күрке шапқан күн
Аппақ қар қанға боянып
Қып - қызыл мұз боп жатқан күн.
Қайғы езіп елдің еңсесін
Жан шыдау жанын батқан күн
Енді қайтып келмесін
Сол бір қарғыс атқан күн.
1 - жүргізуші: Желтоқсан құрбандары - Ербол, Қайрат, Ләзат сынды аға - апаларымыздың есімдері ешқашан ұмытылмайды.
2 - жүргізуші: 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Республика болып жарияланды.
5 - оқушы:
Қазақстан – қасиетті ұғым бұл
Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.
Он бір әріп не мағына береді,
Ал, толғайық жеткенінше қызыл тіл.
Т - білдіреді теңдікті,
Ә - әдептілік, әлдікті,
У - уайымсыз уақытты,
Е - егемендік елдікті.
Л - дейді лағып лепірме,
С - сенімділік секілді,
І - ілтипат пен ізетті
З - зиялылық тілек қой.
Д - шақырады достыққа,
І - ізденіс пен нәтиже
К - дейді күн боп көктегі
Көз алартып, көршілерге қол сұқпа.
1 - жүргізуші:
Далада думан, қалада думан жыр бүгін
Ғасыр бойы асыға күткен бұл күнім
Жасай бер, жаса қалдырған бақыт бұлбұлым
Тәуелсіз Қазақстаным!
6 - оқушы. «Жаса, Қазақстан» әні.
7 - оқушы:
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жер көлемі 2 400 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр, яғни республикамыздың территориясына жеті мемлекет сияды. Мысалы, Норвегия, Швеция, Франция, Германия, Португалия, Испания, Италия. Жер көлемі жағынан БҰҰ 180 мемлекеттің ішінде 9 - орында. Республикамыз 5 мемлекетпен көршілес. Олар: Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан. Елімізде 135 ұлт өкілі тұрады. Қазақстанда 14 облыс, 858 ірі қалалар бар. Елордасы – Астана.
7 - оқушы:
Біздің Қазақстан Республикасы өте бай мемлекет. Бізде алтын, темір, мырыш, күміс, көмір, газ, мұнай, яғни бір сөзбен айтқанда Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99 элементі Қазақстан жерінде кездеседі.
8 - оқушы: Әбу Сәрсенбаев «Туған жер»
1 - жүргізуші:
Қазақстан – сан ғасырлық тарихы бар,
Қазақстан – бұл азат ел, танысыңдар.
Көк байрағы, елтаңба, әнұраны,
Қазақ елі егеменді, сан ұлты бар.
9 - оқушы:
Еліміздің өзіне тән туы, елтаңбасы, әнұраны бар. Әнұранымыздың авторлары - Ш. Қалдаяқов, Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көгілдір түсті. Онда Алтын күн бейнесі, шарықтай ұшқан дала қыраны және ұлттық ою - өрнек нақышталған тік жолақ бар. Тудың көгілдір түсі - бұлтсыз ашық аспан, бейбітшілік белгісі. Күннің нұр шұғыласы - байлық пен берекенің, тыныштық пен жылылықтың белгісі. Қыран бүркіт – тәуелсіздік белгісі. Өрнек – салт - дәстүрдің белгісі. Мемлекеттік тудың авторы – Шәкен Ниязбеков.
9 - оқушы:
Қазақстан Республикасының елтаңбасының бастысы - шаңырақ. Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі, ол күн бейнесін, ал уықтар одан тарап жатқан алтын сәулелері. Қазақта «Ат - адамның қанаты» деген мақал бар. Елтаңбадағы тұлпар бейнесі дала пырағы оның шапшаңдығы ер жігітті тәуелсіздікке жетелейді. Бесбұрышты жұлдызы - әр адамның өміріне бағдар беретін өз жұлдызы сияқты. Күн мен айды, жұлдызды кие тұтатын халқымыз «Жұлдызың жарқырай берсін» деген асыл арманын айтып тұрғандай. Елтаңбаның авторлары - Шота Аман Уәлихан және Жандарбек Мәлібекұлы.
Би. «Қар жорға»
1 - жүргізуші:
1991 - 2012 жылдар аралығында Қазақстан қандай жетістіктерге жетті. (Слайдтар көрсету)
1991ж. 29 тамызда
Семей полигоны жабылды.
1991ж. 2 қазанда
Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.
1991ж. 1 желтоқсанда
Тұңғыш президентіміз сайланды.
1992ж. 2 наурызда
Қазақстан БҰҰ - ға мүше болып кірді.
1992ж. 4 маусымда
Қ. Р. Мемлекеттік рәміздері қабылданды.
1993ж. 15 қарашада
Ұлттық валютамыз - теңге айналымға енді.
1994ж. 19 маусымда
Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қол қойылды.
1995ж. 30 тамызда
Жаңа Конституцияның қабылдануы.
1998ж. мамырда
Ақмола қаласы Астана болып өзгертілді.
1999ж. 10 қаңтар
Президент сайлауы болды.
2000ж.
«Мәдениетті қолдау жылы» Түркістанға 1500 жыл толды.
2002ж.
«Денсаулық жылы» деп аталды.
2004ж.
«Қазақстан – Ресей жылы» болды.
2007ж.
«Қазақ тілін қолдау» жылы болды.
2009ж.
«Ана мен бала жылы»
2010ж. 12 желтоқсан
Астана қаласында Еуразиялық Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтті.
2011ж.
Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы тойланды.
2012ж.
Қазақстан спортшылары жазғы олимпиадалық ойындарда жетістіктерге жетті.
2012 ж.
Қазақстан «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесін жүргізуге мүмкіндік алды.
1 - жүргізуші:
Тәуелсіздік бостандығың еліңде
Желбіреді көк тұлпарың көгіңде
Жарқын болсын тәуелсіз ел әлемге
Теңесті халқың терезесі тең елге.
2 - жүргізуші:
Тәуелсіздік – елімнің шамшырағы
Тәуелсіздік – халқымның бәйге пырағы.
Тұрақты болсын, қуатты болсын әрқашан,
Шырағы мен пырағының тұрағы.
1 - жүргізуші:
Тәуелсіздік – бабалардың ұраны,
Бейуақытта бойға таққан тұмары.
Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып,
Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.
1 - жүргізуші: Тәуелсіз елдің ұлы - өжет, қызы қайратты, қаhарман.
2 - жүргізуші: Тәуелсіздікті анаңдай ардақта, балаңдай мәпеле, құрметте.
1 - жүргізуші: Елтаңбамыз ажарлы, әнұранымыз әуенді, асқақ бола түссін!
2 - жүргізуші: Еліміздің белгісі – көгілдір туымыз әрқашан желбірей берсін!
Той тойға ұлассын!
1 - жүргізуші:
Армысыздар, Отандастар!
2 - жүргізуші:
Қайырлы күн, қымбатты қонақтар, ұстаздар, ата - аналар, оқушылар!
1 - жүргізуші:
Еліміздің тәуелсіздік алуы - халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол - баршамыз бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.
2 - жүргізуші:
Шаттық нұры шашылып зеңбіректен
Шуағын күн төгінді енді көктен.
Шылбыр үзді даланың арғымағы,
Тәуелсіздік жалауын желбіреткен.
Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке
Ақ боз аттың алдынан жанды үміт те.
Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты,
Қазақстан бет алды мәңгілікке!
1 - жүргізуші:
Тәуелсіздік бостандығың еліңде
Желбіреді көк тұлпарың көгіңде
Жарқын болсын тәуелсіз ел әлемге
Теңесті халқың терезесі тең елге.
2 - жүргізуші:
Тәуелсіздік – елімнің шамшырағы
Тәуелсіздік – халқымның бәйге пырағы.
Тұрақты болсын, қуатты болсын әрқашан,
Шырағы мен пырағының тұрағы.
1 - жүргізуші:
Тәуелсіздік – бабалардың ұраны,
Бейуақытта бойға таққан тұмары.
Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып,
Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.
1 - жүргізуші: Тәуелсіз елдің ұлы - өжет, қызы қайратты, қаhарман.
2 - жүргізуші: Тәуелсіздікті анаңдай ардақта, балаңдай мәпеле, құрметте.
1 - жүргізуші: Елтаңбамыз ажарлы, әнұранымыз әуенді, асқақ бола түссін!
2 - жүргізуші: Еліміздің белгісі – көгілдір туымыз әрқашан желбірей берсін!
Той тойға ұлассын!
Шаттық нұры шашылып зеңбіректен
Шуағын күн төгінді енді көктен.
Шылбыр үзді даланың арғымағы,
Тәуелсіздік жалауын желбіреткен.
Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке
Ақ боз аттың алдынан жанды үміт те.
Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты,
Қазақстан бет алды мәңгілікке!
Тәуелсіздік бостандығың еліңде
Желбіреді көк тұлпарың көгіңде
Жарқын болсын тәуелсіз ел әлемге
Теңесті халқың терезесі тең елге.
2 - жүргізуші:
Тәуелсіздік – елімнің шамшырағы
Тәуелсіздік – халқымның бәйге пырағы.
Тұрақты болсын, қуатты болсын әрқашан,
Шырағы мен пырағының тұрағы.
1 - жүргізуші:
Тәуелсіздік – бабалардың ұраны,
Бейуақытта бойға таққан тұмары.
Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып,
Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.
1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Республика болып жарияланды.
Тәуелсізбін, егеменмін, еркінмін,
Көңілім көкке шарықтады, серпілдім.
Көкірегім мұздап еді, ерідім,
Домбырадай күмбірледі көңілім.
Ата бабам аңсаған - Тәуелсіздік
- ramuk_b
- 1 желтоқсан 2018
- 2970
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ата бабам аңсаған Тәуелсіздік, тәуелсіздік мерекесіне арналған сценарий
Ұқсас жаңалықтар:
Тәуелсіздік бастауы желтоқсан
Желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсінік беру. Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу....Елім менің – еңселі!
Еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерімен таныстыру. Тәрбиеленушілерді отаның сүюге, байлығын қорғауға, әдет - ғұрпын...Жайнай бер, Тәуелсіз елім менің!
Жайнай бер, Тәуелсіз елім менің! 1 - жүргізуші: Армысыздар, қымбатты ұстаздар мен оқушылар және мерекелік концерттің қонақтары. 2 - жүргізуші:...«Қазақ елім- Отаным»
Таңғажайып атыңда дәл табылды, Табылды да талай жұртқа танылды. Туған елім көкке жетті көк туың, Сен тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі....Тәуелсіздік жырлары
Байқоңыр қаласы, №2 К. Э. Циалковский атындағы жалпы білім беретін орта мектептің I санатты бастауыш сынып мұғалімі Жакупова Алмагуль Байдуллаевна ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.