Сайтқа кіру Тіркелу

Жайнай бер, Тәуелсіз елім менің!

Жайнай бер, Тәуелсіз елім менің!
1 - жүргізуші: Армысыздар, қымбатты ұстаздар мен оқушылар және мерекелік концерттің қонақтары.
2 - жүргізуші: «Жайнай бер, Тәуелсіз елім менің» атты мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!
1 - жүргізуші: Тәуелсіздік күні – қазақ елінің тарихында ең атаулы күн.
2 - жүргізуші: Тәуелсіздік күні – алтын күн бедерленген көк байрақтың әлем биіктерінде желбіреген күні.
1 - жүргізуші: Тәуелсіздік күні – бізге тағдыр сыйлаған ұлы бақыт күні.
2 - жүргізуші: Тәуелсіздік күні – қазақ халқының сан ғасырлық арманының орындалған күні.
1 - жүргізуші: Тәуелсіздік күні – алғаш рет қазақ халқы өз тағдырын өзі айқындап шешуге мүмкіндік алған күн.
2 - жүргізуші: Құттықтау сөз кезегі мектеп директорына беріледі.
1 - жүргізуші: Тауларың бар таңырқатқан шыңымен,
Ұл - қызыңдай даламыз бар ұлы кең.
Алдарыңызда басымды ием өр халқым,
Құттықтаймыз тәуелсіздік күнімен!
2 - жүргізуші: Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын тәуелсіздік,
Ғасырдың тойы болшы келе берер.
Номер: «Желтоқсан»
1 - жүргізуші: Бүгінгі Республиканың той күні
Жарқын тілек жан көркейтсін бұл күні.
Қазағымның бар қасиеті көрініп,
Күй төгіліп, болсын қызық жыр күні.
2 - жүргізуші: Республикам күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан жүректі ығысқан.
Ата - бабам аңсап өткен бақытым.
Алтын бесік – Қазақстан Гүлстан.
Номер: «Қасқалдақ»
1 - жүргізуші: Тәуелсіздік! Бабалардың ұраны
Бейуақытта бойға таққан тұмары.
Тәуелсіздік! Түнек терде тұншығып,
Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.
2 - жүргізуші: Тәуелсіздік! Берекенің біл басы.
Дәулетің мен сәулетіңнің тұнбасы.
Қазақстан, сен бір елсің жаһанға,
Тең таңылған тудай асқақ тұлғасы.
Номер «Өз елім»
1 - жүргізуші: Желтоқсан тарихымда әйгілі күн.
Ерттеп мініп ар - ождан сәйгүлігін.
Ерлерім елдік үшін атой салып,
Еншілерін қайтарған бәйгелі күн.
2 - жүргізуші: Желтоқсан - қайсар ерлік, қуатты күн,
Жігер оты маздаған тұрақты ұғым.
Тәуелсіздік билігі қолға қонған -
Тәңірімде Желтоқсан шуақты күн.
Номер: Қазақ биі
1 - жүргізуші: Тәуелсіз боп артты халық сенімі,
Мұз боп қайғы - мұңым еріді.
Ақ шыңдары тауларымның биіктеп,
Кең тыныстап ұлы далам кеңіді.
2 - жүргізуші: 31 жыл, тәуелсізбіз, дербеспіз,
Күмәндана қоймас бүгін енді ешкім.
Бодандығым ғасырларға жалғасқан,
Қазір міне, артта қалды, келмес күн.
Номер: «Жаса, Қазақстан!»
1 - жүргізуші: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің!
2 - жүргізуші: Сен неткен Отан - Анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағының бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отан қазақ елім!
Номер: «Елім - ай»
1 - жүргізуші: Көгінде қыран құсың қалықтаған,
Ұшудан биігінде жалықпаған.
Қазақстан сүйікті Отанымсың,
Адымдап алға басып шарықтаған.
2 - жүргізуші: Аман бол, жаңа ғасыр жарқын заман,
Аман ба жаңаша күн жарқыраған?
Азат күн орман ғасыр, мәңгі паш ет,
Қазақтың қасиетті ел екенін.
Номер: «Бипыл»
1 - жүргізуші: Шұғылалы ширақ ойлап түрінде,
Биіктерден естіледі үнім де.
Тұңғыш рет Президент сайланып,
Мойындады барлық әлем бүгінде.
2 - жүргізуші: Қандай дүние жетеді бодауыңа!
Бәрі сенің, жан Отан, қалауыңа!
Өз бейнеңдей әлемге тұр танылып
Қазақстан гербі де, жалауы да.
Номер: «Қазақ елі»
1 - жүргізуші: Қазақстан, менің асыл аймағым,
Қуантады күнге шуақ жайғаның.
Өзің едің көз тоймайтын алтын бақ,
Құлпыра бер, құлпыра бер жарқырап.
2 - жүргізуші: Құт - береке халқыма қайта келдің,
Орындалып арманы байтақ елдің.
Тарихынан халқымның бір үзік сыр,
Айта бергім келеді, айта бергім
Номер: «Елім менің»
1 - жүргізуші: Сұлу дала. Менің сүйген еркемсің,
Жаным сенен жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы Қазақстанда туғаным,
О, туған жер! Тамашасың, көркемсің!
2 - жүргізуші: Болдым ғашық, туған дала мен саған,
Алыс жүрсем арманым сен аңсаған.
Жақын жүрсем мен төрінде рахаттың,
Өз Отаным – өзім туған босағам.
Номер: «Астана»
1 - жүргізуші: Намысың найзағайдай жарқылдап бір,
Уа халқым, дүниеге даңқыңды асыр.
Дәуірдің бастау алған жиырма бірі,
Еліме болсын деймін Алтын ғасыр!
2 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қадірлі оқушылар және жиын қонақтары. Егемендіктің елдігін, тәуелсіздіктің тірегін ту еткен қазағымның таңы мәңгі арайлап ата берсін дей отырып, «Жайнай бер, Тәуелсіз елім менің» атты концерттік бағдарламамызды аяқтаймыз. Сау болыңыздар.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тәуелсіздік бастауы желтоқсан

Тәуелсіздік бастауы желтоқсан

Желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсінік беру. Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу....
Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік!

Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік!

Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 32 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Тәуелсіздік – ең...
Жайнай бер, жасай бер, менің Қазақстаным! атты іс - шара

Жайнай бер, жасай бер, менің Қазақстаным! атты іс - шара

Қазақстанның Тәуелсіздігі туралы айту арқылы студенттер бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру...
«Қазақ елім- Отаным»

«Қазақ елім- Отаным»

Таңғажайып атыңда дәл табылды, Табылды да талай жұртқа танылды. Туған елім көкке жетті көк туың, Сен тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі....
Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік

Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы «Асанәлі»балабақшасы Мергенова Динара Мырзасейтқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×