Сайтқа кіру Тіркелу

Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік

«Жас талант» патриоттық әндер байқауының сценарииі
Мақсаты: Жас ұрпақ бойынан еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.
Жүргізуші: Бүгін еліміздің сан мыңдаған жылы бойы армандаған, сол жылда дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалады.
«Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты патриоттық әндер байқауын назарларыңызға ұсынамыз.
Тәуелсіздік таңын сүйем,
Таңмен бірге келді ме өлең?
Көк туына басымды ием
Көгімізде желбіреген.
Аласармас аспанымда
Күнмен гүлдеп ел өседі.
Қазақстан аспанында
Бостандықтың желі еседі.
Әнді алысқа жеткіземіз,
Көкке елдің туы ілінді.
Жылда той қып өткіземіз,
Тәуелсіздік ұлы күнді.
Маған қымбат ұлы елімнің
Шешек атқан әр күні.
Аялайды бәрімізді
Азаттықтың таң нұры.
Сарыарқаның даласында
Күн шуағын төккен күн
Елім менің, жерім менің
Баққа қолы жеткен күн.
Сахна төріне бүгінгі үміткерлерімізді шақырамыз.
Алдарыңызда әділ баға берер қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
Ал енді кезекті бақтарын сынап келген үміткерлерімізге берейік.
- Тәуелсіздік ұлы күнім,
Тұрсын жайнап төбемде.
Сен жасай бер мәңгі бақи.
Қуанышқа бөлен де.
Тәуелсіздік -
Бақ туын
Қолға ұстаған сәт бүгін.
Болсын дәйім шат күнім.
Қазылар алқасы шешімге келгенше кезекті әнге береміз. Сөз кезегі қазылар алқасында.
Тәуелсіздік -
Ел болу,
Ынтымақпен өрге озу.
Еркін және өзге елмен
Терезесі тең меншігің,
Тау, дала,
Көкке өрле, самға да!
Мереке бүгін ұлы күн
Бабалар рухы көксеген.
Азатты елдің ұлымын,
Теңескен төбем көкпенен.
Туған халқымыздың тарихын, батыр ұл - қыздарымыздың ерлігін, жеріміздің байтақтығын, байлығын ақын ағаларымыз жарлап келеді. Сол жырларды жаттап, көкейге түйіп, елімізге лайықты азамат болып өсуге міндеттіміз, басқаша болуға біздің құқығымыз жоқ, бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті, жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздің білімді, дені сау Отанымыздың лайықты ұл - қызы болып өсуі қажет. Апа - ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз. Осымен құрметті қонақтар «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты патриоттық әндер байқауы өз мәресіне жетті. Қош, сау болыңыздар!
Кері қайту
Loading...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, математика, математикадан сабақ жоспары, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету