Сайтқа кіру Тіркелу

Күй аңызы: Бозінген

Күй аңызы: Бозінген

Сүгірдің «Бозінгенінің» шығуы туралы ақиқат деректерді сараласақ ол да осы қазақ пен қырғызға ортақ жоғарыдағы ертегілердің аңысына (сюжетіне) ұқсас, мағыналас келеді. Генерал Асқаровтың естелігінде Сүгірдің Шудан Жетіқоңырға жайлауға көшкенде көш қиындығын тартқанын, қолғанат болатын ұл баласының болмауына мұңданып осы күйді шерткен деседі. Көште үй мүлкін түйеге артып қозыкөш жерге барған соң жүкті түсіріп түйені бос жібереді екен.

Сонда ол артта қалған ботасына ілезде желе жортып келетін көрінеді. Келген соң қалған жүкті тағы да артып Сүгір жолға шығады. Сол кезде осы күй туған (радиоәңгімеден алынды). Тағы бір ел ішіндегі әңгімеде Сүгірдің әкесі Әлі «Күйші болсаң інгенді иітіп көрші!» - деп баласының шабытын жанығаны айтылады. Сонда Сүгір осы күйді шерткенде інгеннің желінінен сүт шыққан екен деседі. Сондықтан күйдің әуелгі аты «Наридірген» деп аталған көрінеді.

Жалпы «Бозінген» күйі музыкалық формасы жағынан Асан қайғының «Желмасы», халық күйі «Нар идіргеннің» тараулары, Байжігіттің «Ерке атаны» сияқты көне күйлердің дәстүрімен шыққан тамаша туынды. Сүгірдің «Бозінгенінің» композициялық дамуы мен сұлбасын байырғы күйлермен салыстырсақ, құрылымы Байжігіттің «Ерке атанынан» еш айнымайды. Солай бола тұрса да күй қайырмасының бірнеше варияциялануы сазгердің дарынға аса кенен болғанын көрсетеді. «Бозінгеннің» кейбір тұстары қырғыздың «Ботойларының» табиғатына да ептеп келеді.

Екінші тарауын шерткен - Төлеген Момбеков. Төлеген бұл күйдің негізгі әуенін аса жатық түрде Сүгір оригиналына мейлінше жақын етіп шерткен, дегенмен қайырмаларындағы әуендік фразаларды өзінше өзгерткен, жалпы Төлеген өзі де композитор болған соң күй табиғатындағы «суретті» көшірмелемей қайта салып шыққандай жаңаша леп бергені рас. «Бозінгеннің» екінші тарауының мақамында Сүгірдің композиторлық сезімі мен Төлеген Момбековтің орындаушылық шеберлігі араласа келе тең бағаланған кездер көп болған секілді. Кейде орындаушылар арасында «Бозінгеннің» осы екі тарауын бір тарау деп ұғып қателікке бой ұрып жатады.

Төлеген Момбеков күйдің атын «Бозінгеннің бүлкілі» деп атаған, бұл да Сүгірдің күйінің әуелдегі атауы болса керек, кейіннен бастауышы қалып, баяндауышы қысқартылып кеткен. Есіркеп Өмірбековтің жазбаларында күйдің бұрынғы аты «Наридірген» делінетінін жоғарыда жаздық. Оның да өз себебі бар. Сүгірге дейінгі күйші - композиторлар көбінесе осы архаикалық атауды сүйген, әу баста бұл жолдан Сүгір де жаңылмаған. Кейіннен «Бозінген» деп атау салтқа айналып кеткен.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Күй аңызы: Көкбалақ

Күй аңызы: Көкбалақ

Көкбалақ (Байжігіт) - қазақ мәдениетінде, қазақ өнерінде жылқы бейнесі ерекше орын алатыны белгілі. Ер қанаты қазанат қазақтың эпосында батырмен...
Күй аңызы: Қазан

Күй аңызы: Қазан

Ықылас дарынының кемелденген шағында дүниеге келген шығармасының бірі – “Қазан” күйі. Бұл күйді қобызшы көбіне “Қазан сүргісі” немесе “Қазан жорығы”...
Бұлбұлдың құрғыры

Бұлбұлдың құрғыры

1860 жылдардың басында қызылқұрт, ноғай руларын Дәулеткерей билейді. Әкесі Шығай болғанымен, Дәулеткерей ел билеу жұмысын жақсы көрмейді....
Күй аңызы: Майдақоңыр

Күй аңызы: Майдақоңыр

Сүгiр жас кезiнде бозбалалықпен сауық - сайран құрған, қыз - қырқын жиналған жерде өнерімен елді баурап алатын сері болған екен....
Күйлердің шығу аңызы

Күйлердің шығу аңызы

Салық өлген ...бірде Баламайсаң (күйші) үлкейген шағында жанында замандасы бар «бұл неткен дарынды бала» деп 17 жасар Құрманғазыны «Сарыкөл-Самар»...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×