Тақырыбы: Таныстырған қырық екі әріппен, Қош бол менің қасиетті әліппем!
Мақсаты:
Білімділік: оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білім, білік, дағдыларын тиянақтау.
Дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: эстетикалық талғамдарын тереңдету, ұқыптылыққа, жинақылыққа баулу.
Көрнекілігі: қима әріптер, суреттер, нақыл сөздер
Сабақтың жүру барысы:
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі
2. Мектеп басшысының құттықтауы
3. Білім шаһарына саяхат
4. Әдеби - музыкалық монтаж
5. Құттықтау
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар мерекеге сай киініп, сахна алдына тұрғызады.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Армысыздар, құрметті ата - аналар, ұстаздар, қонақтар!
Міне, бүгін біздің №102 орта мектебінің 1 - сынып оқушылары бар ғылымның бастауы болған Әліппені тамамдады. Әліппе бар білімнің бастауы, білімге бастар сара жол! Сондықтан да бүгінгі болатын «Таныстырған қырық екі әріппен, Қош бол менің қасиетті әліппем»атты әліппемен қоштасу кешіне қош келіпсіздер
(Осы жерде 1 - сынып оқушыларын ортаға шақырамыз)
Кешімізді бастау үшін алғашқы сөзді мектеп басшысы Ерік Дәкенұлына береміз
Өтті оқу, сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат
Оқулықпен достассақ
Әліппемен қоштаспақ
Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып, жазатын хәлге жетті,
Құтты болсын білімі балалардың.
1 - жүргізуші: Қош келіпсіз, ақжаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда қызғалдақтай құлпырған,
Тұр алаңсыз, балғын шақты балалар.
2 - жүргізуші: Көз салып қараңызшы бойларына,
Ортақ боп бүгінгі өскен ойларына.
Қош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар!
Әліппемен қоштасу тойымызға.
1 - жүргізуші: Бірлік ауылындағы №102 орта мектебінде Әліппемен қоштасу кеші болып жатыр екен. Балалар, әліппені шақырыпты.
Хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе!
2 - жүргізуші: Әліппе келмепті. Ернар жерден хат тауып алады. Хатта Әліппені Білім патшасы алып кеткендігі жазылыпты. Балалар Әліппені іздеуге «Білім патшалығына»сапар шегіпті.
1 - жүргізуші: Балалар мақал - мәтелдер еліне кезігеді.
Мақал: Әліппеден балалар
Не оқыдың не білдің?
Қане айтшы мақалдар
Біліміңді көрейін
2 - жүргізуші: Ары қарай жол тартқан балалар, жұмбақтар еліне кездеседі
Нұрбақыт жұмбақшы: Мен жұмбақтар айтамын,
Шешуін сіздер тапсаңыз
Жолыңды мен ашамын
(Жұмбақ айтылады, балалар шешуін табады)
1 - жүргізуші: Балалар жұмбақтар елінен де өтіп, санамақтар еліне жетеді.
Санамақ: Мен санамақ боламын
Ақыл - ойдан тұрамын
Айтып берсең санамақ
Қазір жолды ашамын
(1 - ден 10 - ға дейін санамақ айтылады.)
Хор: Ертегі
2 - жүргізуші: Балалар санамақтар елінен сүрінбей өтіп, ертегілер еліне де келіп жетті. Балалар, қандай ертегілермен танысып едіңіздер?
Мәди: Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріп те.
Оқимыз қазір ертек те
Үйреткен оны Әліппе.
Қазір сіздер «Кім неден күшті»ертегісін тамашалайсыздар.
Ерте - ерте ертеде
Ешкі жүні бөртеде
Қырғауыл жүні қызыл екен
Құйрық жүні ұзын екен
Мұзға барып қонған қонған екен
Жамбасы ауырып қалған екен
- Сол уақытта жасаған ием мұздан сұрапты.
Мұз - мұз, сен неден күшті болдың?
Ернар: Мен күшті болсам, күн көзінен ерімес едім.
- Күн, күн сен неден күшті болдың?
Мен күшті болсам, бетімді бұлт басар ма еді?
- Бұлт, бұлт, сен неден күшті болдвң?
Әлішер:- Мен күшті болсам, жауа - жауа, жусан басын көгертпес пе едім?
- Жусан, жусан, сен неден күшті болдың?
Роза: Мен күшті болсам, қошақан жер ме еді?
- Қошақан, қошақан, сен неден күшті болдың?
Ерасыл: Мен күшті болсам. құйрығымды қасқыр тартар ма еді?
- Қасқыр, қасқыр, сен неден күшті болдың?
Нұым:- Мен күшті болсам, мерген атып алар ма еді?
- Мерген, мерген сен неден күшті болдың?
Нұрлыбек: Мен күшті болсам, мылтығымның бауын тышқан қияр ма елі?
- Тышқан, тышқан сен неден күшті болдың?
Нұрғиса: Мен күшті болсам, ала жаздай жинаған азығымды құмырсқа тасып кетер ме еді?
- Құмырсқа, құмырсқа, сен неден күшті болдың?
Дидар: Арқаммен алты батпан, желкеммен жеті батпан ауырды көтергендіктен күшті болдым.
Білім патшасы:- Балалар, сендер менің бар тапсырмамды орындап, мықтылықтарыңды көрсеттіңдер, мен Әліппені өздеріңе берейін, ала қойыңдар!
1 - жүргізуші:- Балалар білім патшасының барлық тапсырмаларын мүдірмей орындап, Әліппені алып келді.
Хор: Әліппе
2 - жүргізуші:
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Барлығы жормен: Болашаққа жол бастар,
Ол сүйікті әліппе!
Олай болса, балалар ендігі сөзді әліппеге берелік
Әліппе:
Армысыздар, жас достар,
Армысыңдар, ата - ана!
Болашаққа жол бастап,
Әліппе келді ортаға.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын сізге халайық.
Не үйреніп, не білдік?
Қәне, ортаға салайық.
Ән: Әліппе
1 - жүргізуші: Сырлы әріптер сөз түйіп,
Сабырмен саған қарайды.
Сырларын білсең, бас иіп,
Керегіңе жарайды.- деп ақындар жырлағандай, әрбір әріп жаңа сөздің бастауы. Олай болса әріптер не дейді? Құлақ түрейік!
Дидар: Алфавиттің «А»тұрады басында
Әрқашанда «Ә»тұрады қасында
Байқадың ба «Б»тұрады үшінші
Ал осының сыры неде түсінші.
А - деген ол аналар ғой ардақты
Ә - деген ол әкелер ғой салмақты
Б - деген ол балалар ғой әдемі
Біздің елде үшеуі де кәделі
Алшақ кетпей сондықтан да, расында
Тұрады олар алфавиттің басында
Нұрбақыт: Алфавитті жаттадық,
Онда жүйе, қалып бар.
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.
Сан әріпті үйрендік
Бүгін бізге сеніңдер
Әріптер әлеміне
Саяхаттап көріңдер
Ерасыл:«Т»- Тәуелсіз елде тұрағым,
Тәуелсіздік - жыр - әнім
Мәди:«Ә» Әспеттеп салт пен әдетті
Боламыз бала әдепті
Айида: «У»Уәдеге берік боламыз.
Досқа серік боламыз
Нұрым: «Е»Елім деп мен жар салам
Елімменен мақтанам
Назым: «Л»Лайым болсын ел аман
Несібесі мол заман
Нұрлыбек: «С»Сенімін елдің ақтаймыз,
Жақсы істер жасаймыз
Жанель: «І»Ізгілік нұрын шашатын
Жасасын Қазақстаным!
Ернар «З»Зейінге бәрін тоқимыз,
Сабақты 5 - ке оқимыз
Роза «Д»- Даламыздай кең пейілді,
Мақтан тұтам елімді
Әлішер: «І»Ізетті бала боламыз,
Үлкеннің тілін аламыз
Нұрғиса «К»Келешекке нық басқан
Біз бақытты балдырған!
2 - жүргізуші:
Көлге айналған бұлақтың
Қайнар көзін көріп пе ең,
Том - том қалың кітаптың
Басы болар әліппең,- жас достар Әліппеге деген жыр таусылмақ емес, олай болса келесі кезең «Әліппеге мың алғыс» деп аталады
Сөзіме құлақ салыңыз
Бір серпіліп қалыңыз
Әліппеге арналмақ
Бүгінгі жыр – әніміз
Бар кітапқа бас болған
Әліппе ғылым анасы
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы
Мектебің мынау класың
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың.
Енді біз жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке
Риза боп саған жүреміз
Сүйікті біздің әліппе!
Еркесі едім атамның
Еркесі едім анамның
Толдым биыл жетіге
Мен оқушы атандым
Ең алғаш қолға алғанда әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың
Ұстазым кілтін маған алып берді
Ата - анаңнан кейінгі
Екінші адам өмірде
Бала бол деп зейінді
Мейір құйған көңілге
Бұл мереке сенің арқаң анашым
Бір мен үшін керектіні табасың
Балаң жақсы деген сөзді естісең
Күлімсіреп, бір қуанып қаласың
Роза: Мынау менің әліппем
Көгілдір туым түсіндей.
Ақылшы жақын досымдай
Қымбатты маған кісімдей
Бірінші беттен елімнің
Елтаңбасын таныдым
Көк байрақты қазақтың
Ұрпағымын, сәнімін
Әліппе даңғыл жол ашып,
Жаңа пәнмен жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет ұстазға алғашқы
Таныстырған 42 әріппен
Қош бол, менің қасиетті әліппем
Сенің арқаң оқи, жаза білгенім
Сауатты адам санатына кіргенім
Біз енді Әліппемен қоштасамыз,
Жолына жыр мен қоса гүл шашамыз
Білімнің бұлағынан сусындауға,
Көптеген кітаптармен достасамыз!
Ән: Рахмет саған әліппе
Әліппе: Көп - көп рахмет, балалар! Енді сендерді алға қарай жетелейтін достарың Ана тілі болмақ. Ендеше ортаға Ана тілін шақырайық!
Ана тілі: Сәлеметсіздер ме, балалар! Енді сендердің сүйіп оқитын оқулықтарың Ана тілі мен боламын! Мені ынта қойып оқысаңдар көп нәрсені үйретемін.
Оқушылар хормен: Алу үшін мол білім,
Жақсы оқимыз Ана тілін!
Хормен: Рахмет саған әліппе! Қош сау болыңыз! (Әліппе кетеді)
Ерасыл: Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
1 - жүргізуші: Балалар, халқымызда «Ойын ойға жетелейді» деген сөз бар
Олай болса, ойын ойнап көрсек қалай қарайсыңдар?
«Шашылған буындар»ойынын ойнатып, буыннан сөз құрату, сыйлық беру.
2 - жүргізуші: Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан.
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың солар табылатын қасыңнан.- деген, олай болса математикадан осы төрт айда не үйрендіңдер? Ортаға салайық!
1 - жүргізуші: Әліппенің тойында
Әркім құмар ойынға
Цифрлар сыр ашады
Әсем биге басады.
Бір үйде біз нешеуміз?
Кел санайық, екеуміз
Бас бармағым - әкем
Балаң үйрек - анам
Ортан терек - ағам
Шылдыр шүмек - мен
Титтей бөбек - сен
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз - бесеуміз.
(Математикалық жұмбақ есеп шешулерінен, «2050» жылын құрастыру.)
5 алманың үшеуін
Досың сұрап алады
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады? (2)
Шығармақ боп кеше есеп,
Жиналады бес есек.
Бесеуі де ұйықтап отыр,
Ынталысы неше есек? (0)
Он асықтың бесеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өзіңде қалады? (5)
Табақта үш алма,
Қолымда екі алма.
Қосқанда барлығын
Болады неше Алма?
Бір алма атама,
Бір алма Әжеме
Бір алма көкеме
Бір алма ініме, Бір алма досыма.
Нешеуін алады?
Нешеуі қалады? (0)
Мұғалім: Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын көрсеткен Жолдау ретінде халықтың қолдауын тапты.
- Жеміске құты тола ма,
Бір - бірлеп теріп алмаса.
Әп - сәтте шыға қоя ма,
Еккен дәнің ойласаң?
Білім де сондай, қарағым,
Біртіндеп сіңер бойыңа
Ұғып ал білім боларын
Шамшырағың жолында - дегендей шәкірттерім әліппемен қоштасу тойы құтты болсын, жаңа оқулықты жандарыңа серік қылып, білім баспалдағына өрлей беріңдер!
Кешіміздің қорытындысөзін және 1 - сынып оқушыларына құттықтаухат тапсыру үшін мектеп басшысы Е. Дәкенұлына және мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж. Алдамбергенге сөз береміз.
Мұғалім: Бүгінгі кеш әр үйдің той басыдеп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында.
Ақ тілек пен ақ бата, үлкендерден шашылар!- дей отырып сөз кезегін кешіміздің қадірлі қонақтары ата - аналарға береміз!
Уақыт бөліп келгендеріңізге көптен көп рахмет, Қош сау болыңыздар!
Таныстырған қырық екі әріппен, Қош бол менің қасиетті әліппем!
- Сұлу
- 6 ақпан 2014
- 8020
- 0
- 0
Ілмек сөздер: тәрбие сағаты, Әліппемен қоштасу, ертеңгілік
Ұқсас жаңалықтар:
Қош бол, сүйікті Әліппем
Қымбатты аталар мен ақжаулықты аналар! Бүгін 1 - сынып оқушылары өздерінің сүйікті әліппелерімен қоштасқалы отыр. Міне, бүгін біз барлық ғылымның...Әліппемен қоштасу ашық тәрбие сағаты
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Шалқия кенті, №86 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Смат Айжан Нұржәліқызы...Әліппемен аштық білім есігін (әліппемен қоштасу ертеңгілігі сценарий)
Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ селосы, Қарабұтақ орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Жапарова Луиза Достановна...Қош, сүйікті әліппем
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Бастауыш сынып мұғалім Макуова Нуршат Аманкосовна Мақсаты: а) Оқушылардың білімдерін бекіту,...Қош, сүйікті әліппем!
Тақырыбы: Қош, сүйікті әліппем! Түрі:ертеңгілік Мақсаты: а)Оқушылардың білімдерін бекіту, сауат ашу пәнін оқу барсында алған білімдерін тиянақтау....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.