Мақсаты:
- Қазақстанның Тәуелсіздігі туралы айту арқылы студенттер бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру;
- елімізге тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегендігін, тәуелсіздіктің қадір - қасиетін түсіндіру;
- тарих тағылымынан өнеге алып, ұлттық сананы жаңғыртқан қазақ жастарының ізбасары болу,
- өскелең ұрпақтың имандылық және елжандылық сезімдерін дамыту.
1 – жүргізуші: Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман болып,
Қол жеткізген шындық жырын жырлады.
Қуаныштан қалай кеуде кермесін
Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін!
2 – жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, қадірменді қонақтар мен студенттер! Бүгінгі тәуелсіздіктің 32 жылдық мерейтойына арналған «Жайнай бер, жасай бер, менің Қазақстаным!» атты іс шараны ашық деп жариялаймыз!
1 – жүргізуші: Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, тәуелсіздік,
Ғасырдың тойы болшы, келе берер!
2 – жүргізуші: Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік.
1 – жүргізуші: Біз ежелден ер деген даңқы шыққан халықтың ұрпағымыз, ел бірлігі жолында әрқашан намысын бермеген халықтың ұланымыз.
2 – жүргізуші: Біз алтын күн бедерленген көк байрағын әлем биіктерінде желбіреткен бейбітшіл елдің азаматтарымыз.
1 – жүргізуші: Біз, қазақстандықтармыз, және мұны зор мақтанышпен айтамыз.
Музыкалық номер
М. Маңғытаев «Қазақстаным менің» әні
2 – жүргізуші: Тәуелсіздік – киелі де, қастерлі ұғым. Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандар мен қайсар рухының жемісі. Бүгін Қазақстан – әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел.
1 – жүргізуші: Қарыштай бер, Қазақстан шың басына
Айналып Орта Азия барысына
Таныпты ел атанып, табысты ел,
Асты даңқың мұхиттың ар жағына!
2 – жүргізуші: Тәуелсіздіктің 32 жылы тарихта өз ерекшелігімен қалды. Әрбір жыл мемлекетімізге өзіндік өзгеріс енгізгені баршаңызға айқын.
1 – жүргізуші: Біз өткен 32 жыл ішінде елімізде қыруар істер атқарылды. Жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді.
2 – жүргізуші:
Мемлекет рәміздеріміз, Ата Заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елді өзінің келбетімен таңқалдырған жаңа астанамыз бой көтерді.
1 – жүргізуші:
Әлемдік қауымдастық алдында «Қазақстан Республикасы» деген асқақ рухты ел екендігін мойындаттық.
2 – жүргізуші: Төріне туған жердің туын тігіп
Ерекше ел еңсесі бүгін биік
Астана – ақ ордасы қазағымның
Алтын тәж ақ маңдайдағы қонған сүйіп
Астана – Отанымның тірегісің
Қазақтың соғып тұрған жүрегісің.
Музыкалық номер
Амантаев Жанат «Астана» әні
Біз әрқашан бірлікті, тұрақтылықты қорғаймыз. Біздің Отанымыз ортақ. Жүрегіміз де біртұтас. Ұмтылыстарымыз да бірдей.
1 – жүргізуші: Қазір елім достықтың гүлстаны,
Қуаныштың, бақыттың ырыс бағы.
Мейрамдарын барша халық бірге тойлап,
Мұнда бәрі қосылып ту ұстады
«Достық» биі
2 – жүргізуші: Тәуелсіздік - ұлттық идеялар, тың серпін, сарабдал саясаттың сара жолы. Тұрақты дамудың Қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Халықаралық ЭКСПО – 2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш еттік.
1 – жүргізуші:
21 ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры – Мәңгілік ел, - елдің біріктіруші күші, таусылмас қуат көзі.
1 – жүргізуші: Сан ғасырлар тарихынан кешегі
Туған жердің шежіресі өседі
Менің елім Қазақстан – Отаным
Болашағы алға тартқан көш елі
2 – жүргізуші: Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жолдауы жасампаздықтың басты бағыты, қазақ елінің асыл мұраты.
1 – жүргізуші: 2023 жыл – ұлттық тарихымыздың ұлықталатын жылы болды. Жаңа Қазақстанды құратын жаңа президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сайланған жыл, Ұлы Жеңістің 78 жылдығы.
2 – жүргізуші: Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айырықша рөлге ие.
Слайд «Мен елімнің патриотымын»
1 – жүргізуші: «Жастар - біздің алтын қорымыз» деп ел басшысы айтқандай біздің колледжде мақсат – мұраттары айқын, оқуда да, өнерде де алда, шығармашыл, талантты студенттер көп. Біз олармен мақтанамыз!
Марапаттау
2 – жүргізуші: Тәуелсіз ел қараймын да тамсанам
Жылдарды ата бабам аңсаған
Көрген ұрпақ бірімін мен, сондықтан
«Бақыттымын» деп айғайлап жар салам.
1 – жүргізуші: Желбірген байрағың желді күні,
Биіктерің, мәртебең елдігіңде.
Таныта бер Қазақстан, бар әлемге,
Керегеңнің кеңдігін де, теңдігін де.
Музыкалық номер
«Асқарлы қарлы шың - Қазақстаным» хор
2 – жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!
1 – жүргізуші: Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті,
Болашағымыз жарқын болсын!
2 – жүргізуші: Келесі кездескенше күн нұрлы болсын!
Жайнай бер, жасай бер, менің Қазақстаным! атты іс - шара
- zhakhmetova.1020
- 9 қазан 2023
- 9758
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Тәуелсіздік күніне арналған, желтоқсан, мерекелік кеш, 16 желтоқсан тәрбие сағаты
Ұқсас жаңалықтар:
Тәуелсіздік бастауы желтоқсан
Желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсінік беру. Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу....Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік!
Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 32 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Тәуелсіздік – ең...Тәуелсіздік – елдігімнің тұмары, ерлігімнің шынары
Өз елін, өзінің кіндік қаны тамған туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін түсінбейтін адам жоқ. Біздің туған еліміз – Қазақстан! Даласы қараса...Жайнай бер, Тәуелсіз елім менің!
Жайнай бер, Тәуелсіз елім менің! 1 - жүргізуші: Армысыздар, қымбатты ұстаздар мен оқушылар және мерекелік концерттің қонақтары. 2 - жүргізуші:...«Қазақ елім- Отаным»
Таңғажайып атыңда дәл табылды, Табылды да талай жұртқа танылды. Туған елім көкке жетті көк туың, Сен тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.