Мерекеге қарсы өткен тәрбиелік іс - шара
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дайындық факультетінің шетелдшетелдктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында әлемнің түрлі елдерінен келген шетелдік студенттер білім алады. Олардың қатарында Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия, Ауғанстан, Иран, Америка және басқа да мемлекеттердің өкілдері бар. Мұнда олар қазақ және орыс тілдерін үйреніп, қазақ және орыс халықтарының ғана емес, өзге елдердің де мәдениеті және дәстүрлерімен танысады.
Кафедраның куратор - эдвайзерлері шетелдік студенттермен үнемі тәрбие жұмыстары мен түрлі іс - шаралар өткізіп, оларды Қазақстандағы маңызды оқиғалармен таныстырып отырады. Республика күні қарсаңында оқытушылар осы мерекеге арналған кураторлық сағаттар өткізіп, студенттерге мерекенің тарихы мен маңызы туралы әңгімелеп берді.
Республика күні – тәуелсіз Қазақстанның алғашқы мемлекеттік мерекесі. Ол жыл сайын 25 қазанда аталып өтеді және елдің тәуелсіздікке қарай жасаған алғашқы қадамын білдіреді. 1990 жылдың 25 қазанында Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған болатын. Бұл құжат республика заңдарының одақтық заңдардан басымдығын және мемлекеттің ішкі және сыртқы саясат мәселелерін дербес шешу құқығын бекіткен аса маңызды тарихи акт болды.
Республика күніне орай еліміздің барлық өңірлерінде концерттер, ғылыми конференциялар, шығармашылық байқаулар, спорттық жарыстар, патриоттық, волонтерлік және қайырымдылық акциялары ұйымдастырылады.
Алматы қаласында да мерекелік концерттер, флешмобтар, жәрмеңкелер, экологиялық акциялар, балаларға арналған ойын - сауық бағдарламалары, түрлі спорттық жарыстар мен скандинавиялық жүріске арналған мини - марафон өтеді.
Оқытушылар шетелдік студенттерге мерекелік іс - шараларға белсенді қатысып, Қазақстан халқының мәдениеті мен рухын жақынырақ танып білуге кеңес берді.
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру
дайындығы кафедрасының оқытушылары
М. П. Ешимов, К. С. Якубаева
Мерекеге қарсы өткен тәрбиелік іс - шара
- ramuk_b
- 28 қазан 2025
- 25
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Республика күні, мақала, мемлекеттік мерекесі
Ұқсас жаңалықтар:

Өзге елдердегі студенттер күні
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында әлемнің түрлі...
Қазақстан Республикасы күні – бейбітшілік, достық және мейірімділік мерекес ...
25 қазанда Қазақстанда Республика күні атап өтіледі. Бұл күні 1990 жылы Қазақстанның тәуелсіздігі туралы Декларация қабылданды....
25 қазан – Қазақстан Республикасы күні!
25 қазан - Қазақстан Республикасы күні мемлекеттіліктің символы болып саналатын маңызды мереке, еліміздің тәуелсіздік жариялауына негіз болған айтулы...
Қазақстан республикасы күні - ел мерекесі, оның жетістігі және жаңа жетісті ...
25 қазанда Қазақстанда Республика күні атап өтіледі. Бұл күні 1990 жылы Қазақстанның тәуелсіздігі туралы Декларация қабылданды....
Шетелдік студенттермен тәрбие жұмысы
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.