Сайтқа кіру Тіркелу

Қарттарым аман сау жүрсін!

Қарттарым аман сау жүрсін!
(мерекелік концерттік бағдарлама)
Мақсаты: Асыл қарттарымыз – ұлы бәйтерек болса, кейінгі ұрпақ олардың бұтағы, бүршігі екндігін түсіндіру. Ұлағатты ұстаздарымызды қадірлеп, қастерлеуге кейінгі ұрпақты тәрбиелеу.
Барысы. Музыка әуені ойнап тұрады
1 – жүргізуші:
- Армысыздар ардақты – ардагер ұстаздар! Хош келіпсіздер! Мерекелеріңіз құтты болсын!
Жетелеген мына заңғар биікке,
Шыға алмайтын тауда жортқан киікте,
Түсіндірген өмір атты ғаламды,
Ардагер ұстаз, мәртебең сенің биікте – дегендей, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы, егін салып, мал баққан шаруа, көкті шарлаған ғарышкер, бәрі – бәрі ұстаздан білім үйреніп, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы басын иеді.
2 – жүргізуші:
Добрый день дорогие гости! В осеннем календаре ест необычная дата, когда сердце переполняется чувством глубокой признательности, когда хочется говорить слова благодарности быть особенно чутким и внимательным к людям. В этот день весь мир отдает дань уважения, людям прожившим жизнь в трудах и заботах о благе нынешнего и будущих поколений. Поклонимся же и мы им.
Болат:
Ұстаз болу – жүректің батырлығы
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы
Азбайтұғын адамның алтындығы
Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға,
Сіздерменен тола берсін ортамызда,
Бүгінгі ел басқарған азаматтар,
Білім алған сіздердің арқаңызда.

Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңіз әрқашан мықты болсын!
Білімменен суарған шәкірттерің,
Төл мерекең ұстаздар, құтты болсын!
Нина:
В осеннюю пору, когда у порога
Задышали уже холода,
Родина празднует День педагога
Праздник мудрости, знаний, труда.
Пусть для вас рыжее солнце сияет,
души осенним теплом согревает.
Багряной листвой улыбается,
Рябиновый кистью кивает.
Пусть для вас песни звонкие льются,
На заре, когда птицы слетаются.
Это значит, что вы не стареете,
Это значит, что жизнь продолжается.
Сәуле:
Мұғалімдік – ең құрметті мамандық,
Жас ұрпақты өсіретін адам ғып.
Ұстаздардан азаматқа таралған,
Мол мейірім ізгілік пен адалдық
Бар тәлімін беріп елдің жанына
Бір кездері қырауланар шашы да.
Ұстаз адам ұстаз болып қалады,
Қол соқтырып заман менен ғасырға.
Айта берсек ұстазға тіл жетпеген
Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген.
Айтыңдаршы, адам барма өмірде,
Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген.
1 – жүргізуші:
Жандары ізгілік қасиетке толы, көңілі жайсаң аяулы, ұстаздар мерекелеріңіз құтты болсын, сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, таусылмайтын қуаныш тілейміз. Құттықтау сөз мектеп директорына беріледі.
1 – Жүргізуші:
Ән жырыменен шуақ шашайық,
Сіздерді әнге қосайық,
Ақ тілек сұрап баршадан,
Шымылдығын мерекенің әнменен ашайық.
Ән: «Алғашқы ұстазым»
Орындайтын «Арна»
2 – жүргізуші:
Что сюда когда – то привело вас?
Вы путей полегче не искали.
Ум и сердце, душу и тепло,
Юным поколениям отдавали.
Ради утверждения доброты,
Через все сомнения и заботы
Пронесли высокие мечты,
И познали радости и взлеты
Вас школа звонками завет
К ней сердце по прежнему рвется
И в сердце тот юный народ,
Что вашей надеждой зовётся,
Пусть надежда сбудутся у вас,
Ваша на земле такая доля,
Ваши идеалы в жизнь сейчас
Воплощает племя ладое
Для вас дорогие гости.
Ән: «Дорогие мой старики»
1 – Жүргізуші:
Адам баласының жасы ұлғайып кемелденуі табиғи заңдылық. Көпті көрген сіздер сияқты адамдардың тілегі – ел амандығы, жұрт тыныштығы. Олар бүгінін ғана ойламайды, өткен өмір жолдарын зерделеп, алдын болжайды.
Сіздер бүгінгі ұлықпандар,
Мың жасаған ұрпақпен ұлық жандар
Қарттар тарих, қазына, ел қазығы
Ей адамдар, осыны ұмытпаңдар – деп, келесі құттықтау сөзді мектебіміздің оқу ісі меңгерушісіне береміз
Ән: Сағындым әже» Дастанның орындауында қабыл алыңыздар оқушысы
2 – жүргізуші:
В этом зале сегодня собрались люди с разными судьбами, характерами, разными жизненными обстоятельствами. У каждого присутствующего в этом зале своя песен жизни, свой жизненный опыт.
Слово предоставляется Шумиловой Марии Наумановне
Ән: «Осенние листья»
1 – жүргізуші:
Алдында ақыл берер қария ғой,
Жақсылар жақсылыққа жария ғой.
Жастарға парасатты кеңес берер,
Сөзге бай ағып тұрған дариядан ақындар жырласа, «Ақылды қария – ағып жатқан дария» - деген нақыл сөз тағы бар.
Асыл қарттарымыз – ұлы бәйтерек болса, кейінгі ұрпақ олардың бұтағы, бүршігі.
Қыңырды жөнге, қисықты тезге салған, сіздер арқылы өмірдің түзу жолын, өнердің білім жолын тауып өз бетімен өмір сүріп жатқаны қаншама? Сөз осындай ақылды дария апайлар: Д. Әшімхановна, Ғ. Әуезовна, Бақыткамал Аугажиновна, Бақытжан Сатыбаевна
Ән: «Қазақтай ел қайда»
2 – жүргізуші: В этом зале присутствует не мало женщин. Они в разные годы трудились не покладая рук, но это не просто хорошие работницы, но в первую очередь, заботливые жены, матери, бабушки. Это хранительницы очага, которые в своей жизни умеют практически все.
От их рук пахнет пирогами, теплым хлебом их забота и внимание делают окружающих их людей добрее и красивее.
Песня: «Родные Учителя»
1 – жүргізуші:
Өмір шежіресі – өткен тарихымыздың алуан қырынан елес беріп, кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге боларлық – ол тәрбиеші.
Көп ойлаумен бала қамын,
Нұрланып атар іспен әрбір таңы
Ғаламды жаратқан күн секілді,
Баланы аялаған алақаны, - деп, зейнеткер апаларымызға сөз берейік
2 – жүргізуші:
Сегодня в день такой неповторимый
сказать вам хочется особые слова,
Чтобы были молоды, активны
И не болели никогда.
Дому вашему радости,
Чтоб без бед в нем до старости жить
И не горевать,
Чтоб внучат своих вырастить,
Чтоб их лучшему выучить.
Не стареть, не грустить, не скучать
Каждый год этот праздник встречать.
Вокалдық топ: «Школа моя»
1 – жүргізуші:
О, Ұстаздар басымызды иеміз біз сіздерге,
Бүгінгідей мереке күндеріңде
Жүрек лүпілінен шыққан асыл сөздер,
Жетсе дейміз сіздердің жүрегіңізге, - деп, бүгінгі өздеріңізге арналған мерекелік кешіміздің соңында Жанузақов Жандостың орындауындағы «Көк тудың желбірегені» әнін қабыл алыңыздар.

Турекенова Меруерт Болатқызы
ШҚО Білім басқармасының
«Жетім балаларға арналған
облыстық арнайы мектеп – интернаты»
комуналдық мемлекеттік мекемесі
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×