Сайтқа кіру Тіркелу

ҚазҰУ - де жәрмеңке өтті

ҚазҰУ - де жәрмеңке өтті

Университетте студенттердің патриоттық сезімін және азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған «Алтын күз» жәрмеңкесі мен мәдени бағдарлама өтті.
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Республика күніне арналған көптеген мерекелік іс - шаралар өткізілуде. Бұл маңызды мемлекеттік мереке – елдің бірлігі мен азаматтық жауапкершілігінің, сондай - ақ мемлекеттің өркендеуіне ұмтылудың символына айналды.
Мерекелік іс - шараларға шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары мен дайындық факультетінің шетелдік студенттері белсенді түрде қатысты.
Мереке аясындағы жарқын оқиғалардың бірі – университет аумағында дәстүрлі түрде ұйымдастырылған «Алтын күз» жәрмеңкесі болды. Мұнда қуаныш пен шабытқа толы ерекше атмосфера орнады: студенттер ұлттық тағамдар мен қолдан жасалған бұйымдарды, шығармашылық жұмыстар мен кәдесыйларды жәрмеңкеге әкелген. Жәрмеңке студенттердің бастамашылдығы мен шығармашылығын, кәсіпкерлік рухын танытатын алаңға айналды.
Сөрелерге биология факультетінің тәжірибелік алаңында өсірілген көкөністер мен жемістер қойылды. «Жас Шебер» үйірмесінің қолдан жасалған бұйымдары – тоқыма өнімдері, зергерлік әшекейлер, кәдесыйлар мен сәндік бұйымдар қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Сондай - ақ жәрмеңкеде жас суретшілер өз туындыларын таныстырып, іс - шараға ерекше жылулық пен шабыт сыйлады. Әрбір қонақ суреттер мен қолөнер бұйымдарын тамашалап қана қоймай, ұнаған заттарды мерекелік естелік ретінде сатып алу мүмкіндігіне ие болды.
Жыл сайын дәстүрге айналған бұл игі іс - шара КазҰУ студенттері мен оқытушыларын, сондай - ақ университет қонақтарын бір арнаға тоғыстырды. Жәрмеңкенің жалпы атмосферасынан шығармашылықты, ынтымақтастық пен қуанышты байқауға болады.
Мұндай іс - шаралар студенттердің шығармашылық бастамаларын дамытуға, азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және университет қауымдастығының корпоративтік рухын нығайтуға ықпал етеді. Университет басшылығы атап өткендей, мұндай игі бастамалар КазҰУ - дің басты миссиясын айқын көрсетеді — яғни, білімді, еңбекті және рухани құндылықтарды үйлестіре білген, жан - жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
Республика күніне арналған іс - шаралар тағы бір мәрте әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің еліміздің жетекші білім және ғылым орталығы ғана емес, сонымен қатар тәуелсіз Қазақстанның рухани құндылықтарын сақтап, дамытатын орда екенін дәлелдеді. Университет студенттер мен оқытушылардың бірнеше буынын біріктіре отырып, ел тәуелсіздігін нығайту мен дамуға бағытталған игі дәстүрлерді жалғастырып келеді.
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен мерекелік іс - шаралар Республика күнінің тәуелсіздік, бірлік және азаматтық мақтаныштың символы екенін тағы бір еске салды. Осындай бастамалар университет қауымдастығын біріктіріп, бірлік рухын күшейтіп, жастарды ел игілігі жолындағы шығармашылық еңбекке шабыттандырады.

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының аға оқытушылары
Ешимов М. П., Мацко И. В.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - де қала күніне орай сенбілік өтті

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - де қала күніне орай сенбілік өтті

20 қыркүйекте қала күні мерекесіне арналған дәстүрлі сенбілік әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ұйымдастырылды....
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы: құрылу тарихы және пайдалану ережел ...

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы: құрылу тарихы және пайдалану ережел ...

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының шетелдік студенттері ҚазҰУ...
Білім мен мәдениетті ұштастырған тәрбиелік шаралардың рөлі

Білім мен мәдениетті ұштастырған тәрбиелік шаралардың рөлі

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Айналаңды нұрландыр», «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап», «Салауатты өмір», «Green campus»...
Тәрбиелік іс - шаралардың маңыздылығы

Тәрбиелік іс - шаралардың маңыздылығы

Шетелдік студент жастарға өздері оқитын топтары олар үшін үлкен және тату - тәтті отбасы болып табылады....
14 наурыз – Көрісу күні

14 наурыз – Көрісу күні

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×