Сайтқа кіру Тіркелу

6 желтоқсан Прокуратура күнімен құттықтау

Еліміздің барлық прокуратура қызметкерлерін төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Оларға зор денсаулық, қажымас қайрат пен ұзақ өмір тілейміз!
Құрметті прокуратура ардагерлері, заң сақшылары, прокуратура қызметкерлері. Сіздерді «6 желтоқсан – Қазақстан Республикасының прокуратурасы күні» мерекесімен құттықтаймыз. Заңдылықты қадағалау, адамдардың құықтарын қорғау жолындағы қажырлы еңбектеріңізге сәттілік тілейміз. Әрдайым анттарыңызға адал болып, ел қорғаны деген атаққа абыройлы қызмет ете беріңіздер! Еліміз тыныш, халқымыз аман, бауырымыз бүтін, бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Өз қызметтік міндетін атқаруға адалдық танытып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін, халық арасында сақтық жұмысын жүргізетін, азаматтардың тыныштығын, заңдылық пен құқық тәртібін қорғайтын білікті мамандарыңыздың қатары көбейе берсін.

Еліміздің қорғандары – прокуратура қызметкерлерінің еңбектеріне табыс, қызметтеріне сәттілік пен абырой тілейміз. Қазақстан Республикасының өркендеуі жолында табысты қызмет ете берулеріңізге тілектеспіз. Прокуратура саласы – өте жауапты әрі маңызды сала. Сіздер еліміздегі заңдылықты қадағалап, қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етесіздер. Заңдылықты нығайту жолындағы еңбектеріңіз еселене берсін, отбасыларыңыз аман, дендеріңіз сау болсын!
Халқымыздың амандығын сақтау мен Отанымыздың өркендеуіне қосып жатқан үлестеріңіз аз емес, еңбектеріңіз әрқашан жемісті де табысты болғай!
Прокуратура - мемлекеттік биліктің қоғамда құқық тәртібін, азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ететін маңызды құрылымдарының бірі. Прокуратура қызметкерлерінің кәсіби қызметі зор жауапкершілігімен, тәуекелге бел бууымен ерекше құнды. Қазақстан дербес мемлекет болып, тәуелсіздігін жариялаған сәттен бастап оның тыныштығын қорғауға берік ден қойылып келеді. Осынау қырағы мамандықты таңдаған жастар да елінің алдындағы борышын сезінетіні сөзсіз.

Заң бекітілген күн, яғни 6 желтоқсан жылда Қазақстан Республикасының прокуратурасы күні ретінде аталып өтіледі. Ризашылық пен құрметтің нышаны ретінде Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы ұжымдарын Қазақстан Республикасының Прокуратурасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау және тұтас мемлекеттің құқықтық саясатын жүзеге асыру жолындағы еңбектеріңіз өлшеусіз. Ал осындай күрделі мәселелерді шешу үшін прокуратура
қызметкерлерінен адалдық, әділеттілік және жауапкершілік талап етіледі.
Еліміздің қорғандары – прокуратура қызметкерлерінің еңбектеріне табыс, қызметтеріне сәттілік пен абырой тілеймін. Қазақстан Республикасының өркендеуі жолында табысты қызмет ете берулеріңізге тілектеспін.
Халқымыздың заңдың құқытарын сақтау мен Отанымыздың өркендеуіне қосып жатқан үлестеріңіз аз емес, еңбектеріңіз әрқашан жемісті де табысты болғай!

Құрметті Прокуратура органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!
Бүгін біз сіздердің кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасыныңқ прокуратура күнін атап өтудеміз.
Прокуратурада қызмет істеу – маңызды әрі жауапкершілігі мол жұмыс. Сіздерге қоғамдық тәртіпті қорғау, азаматтардың құқықтарымен бостандықтарын қамтамасыз ету және қылмыспен күрес, оның алдын алу бойынша күрделі міндеттер жүктеледі.
Сіздер күнделікті қызметтеріңізде адамдармен тығыз қарым - қатынаста жұмыс істеп, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерін шешуге атсалысасыздар. Халық көп жағдайда биліктің демократиялылығы мен пәрменділігін сіздердің іс - әрекеттеріңізге қарап бағалайды.
Қазақстандық прокуратура өзінің құрылған күнінен бастап ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алға қойған міндеттерін табысты жүзеге асырып келеді.
Біз сіздердің кәсіптеріңіздің қаншалықты қиын, тіпті кей жағдайларда аса қауіпті де екендігін жақсы білеміз. Сондықтан да мемлекет те, жергілікті билік органдары да сіздердің еңбектеріңізге қолайлы орта туғызу үшін, материалдық - техникалық базасын жақсарту үшін барлық жағдайды жасап келеді. Бұл мақсатқа жыл сайын қомақты қаржы бөлініп келеді. Сондықтан сіздердің тараптарыңыздан да тиісті еңбек пен лайықты жауапты күтуге құқығымыз бар. Сіздердің жұмыстарыңыздың нәтижесі де, қоғамдағы абырой - беделдеріңіз де осыған байланысты болмақ.
Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтап, мінсіз қызметтеріңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз.
Сіздерге және барлық туған - туысқандарыңызға мықты денсаулық, ырыс пен береке және еңбекте толағай табыс тілейміз.

Құрметті прокуратура қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді шын жүректен кәсіптік мерекелеріңіз - Қазақстан Республикасы Прокуратура күнімен құттықтаймын!
Сіздердің жұмысыңыз үнемі жоғары кәсіптілікті және жеке қабілетіңізді талап ететін қауіп - қатермен байланысты.
Қызметтік борышыңызды атқару кезіндегі адалдығыңыз, қайсарлығыңыз, батылдығыңыз бен батырлығыңыз үшін алғыс білдіремін.
Сіздерге тәуекелге толы, қоғамымызға ең қажет қызметіңізге сәттілік тілеймін.
Отбасыларыңызға олардың сабырлығы мен төзімділігі үшін шынайы ризашылығымызды білдіремін.

Сіздерге денсаулық, береке мен бақыт тілеймін!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
1 мамыр күніне арналған құттықтау сөздер

1 мамыр күніне арналған құттықтау сөздер

Сіздерді – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Мамырдың бірінші күндері Қазақстан аса жарқын әрі мейрімді...
Ұстаздар күні! Мұғалімдер күніне арналған құттықтау-тілек

Ұстаздар күні! Мұғалімдер күніне арналған құттықтау-тілек

Осы сөзде жатыр қанша ұлылық, Осы сөзде таусылмайтын жылылық. Әль-Фараби, Ыбырай мен, Ақаңды Осы сөз ғой қойған бізге ұлығып....
Жаңа жылға арналған құттықтаулар 2024 жыл

Жаңа жылға арналған құттықтаулар 2024 жыл

Сізді Жаңа 2024 жылыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Баршамыз жаңа 2024 жылмен бірге ізгі жаңалықтардың келуін күтеміз. Келер жаңа 2024 жыл Сіздің...
7 Мамыр - Отан қорғаушы күніне арналған құттықтаулар

7 Мамыр - Отан қорғаушы күніне арналған құттықтаулар

Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық...
Тәуелсіздіктің 33 жылдығына арналған құттықтау, тілектер

Тәуелсіздіктің 33 жылдығына арналған құттықтау, тілектер

Қуан, жұртым Елдігіңді шет елдер мойындады, Сан армандар іске асты ойыңдағы. Терезесі тең елдер қатарында Салтанатпен өтуде тойың - дағы....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×