Тақырыбы: «Күз сыйы».
Мақсаты: Балаларға күз мезгілі туралы кеңінен түсіндіру. Күз мезгілінің ерекшеліктеріне тоқталу. Қимылдық ойын арқылы күзгі орманға саяхат жасау. Балалардың қызығушылықтарын арттыру.
К \з: зал іші орман бейнесімен бейнеленген, жеміс - жидектер, жапырақтар, саңырауқұлақтар бар. (Балалар музыкалық залға көңілді әуенмен кіреді).
Ж: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, апайлар, балалар! Бүгінгі №9 «Жұлдыз» тобының «Күз сыйы» атты ертеңгілігіне хош келдіңіздер!
Сары жібек көйлегін желбіретіп,
Жапырағын ағаштың селдіретіп.
Тойға бөлеп елімді күзім келді,
Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.
Ж: Балалар бұл өлең жолдары қандай жыл мезгілі туралы айтылған?
Б: Күз мезгілі.
Ж: Күз мезгілінде қандай ерекшеліктер болады?
Б: Күн салқындайды, адамдар жылы киінеді, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, жапырақтар қурайды, жаңбыр жауады.
Ж: Дұрыс айтасыңдар, жарайсыңдар балалар! (Осы кезде құстың дауысы естіледі)
Балалар тыңдайықшы, ненің дауысы естіледі?
Б: Құстың дауысы.
Ж: Дұрыс айтасыңдар, бұл бізге сонау орманнан ұшып келе жатқан суықторғайдың дауысы екен. Қане, балалар құсқа назар салайық, тұмсығында тістеген хаты бар екен. Ендеше хатты ашып қарайық, суықторғай бізге қандай хабар алып келді екен?
(Тәрбиеші хатты алып оқиды).
Хат
- Құрметті балалар, мен сендерді естіп білдім, сендер өте ақылды, білімді балалар екенсіңдер, сондықтан мен сендерді сонау ғажайып күзгі орманға қонаққа шақырамын. Міндетті түрде келетін болыңдар! Мен сендерді күтетін боламын!
Ж: Балалар, біздерді әжеміз қонаққа шақырып жатыр, барамыз ба?
Б: Әрине барамыз.
Ж. Ендеше шеңбер жасап күзгі орманның кереметін көруге аттанайық!
Көрініс: «Күзгі орманда»
Әже: Келіңдер - а й қыздарым, көптен күткен – ай - ай - ай - ай,
Төрлетіңдер қыздарым көңілденіп - ай - ай - ай.
Қыздар:
Әже: Орманға тез жетіңдер, күз байлығын теріңдер,
Ақырын, ақырын жүріңдер, адаспай тез келіңдер.
Аю: Мен Аюмын қорбаңбай,
Қимылдаймын қорбаңдай.
Омартаны көргенде,
Бас қоямын ойланбай. Оу - оу - оу.....
Түлкі: Мен айлалы түлкімін, шәу - шәу - шәу,
Бос өтпейді бір күнім, шәу - шәу - шәу.
Қыздар көрсем орманнан, шәу - шәу - шәу,
Тояр еді құлқыным, шәу - шәу - шәу.
Қыздар:
Қояндар: Біз қоянбыз, қоянбыз
Секіріп, секіріп жүреміз.
Саңырауқұлақ көп, көп
Келсеңдерші тездете.
Қыздар:
Ойын: Саңырауқұлақ жинау.
Ән: «Саңырауқұлақ тереміз»
Әже: Ой балалар жарайсыңдар! Сендер сондай тамаша балалар екенсіңдер, жарайсыңдар! Енді маған күз мезгілі туралы тақпақ айтып бересіңдер ме?
Б: Әрине, әже айтып береміз.
(Балалар тақпақтарын айтады)
Қарлығаш: Айым:
Сарғайды тоғай, Күз болғанда,
Сап - сары маңай, Алма, алмұрт піседі.
Соңғы әнін айтып, Жапырақтар сарғайып,
Құс кетті қайтып. Сылдыр, сылдыр түседі.
Алтынбек: Ділда:
Жапырақ ұшты, Жаз әсерін көп алдық,
Суықта түсті. Жаз өтті де күз келді!
Сонда да бізге, Құтты ұяға оралдық,
Қызық көп күзде. Күзбен бірге біз енді.
Фарида:
Қалмасын деп суыққа,
Егін жинап жүр ауыл.
Білім жинап бақшажа,
Біз отырмыз топтала.
Әже: Балалар, сендердің тақпақтарың маған қатты ұнады, мен де сендерге құр қол келгенім жоқ өзіммен бірге «Көкөніс пен жемісті ажырат» ойынын ала келдім, кәне, бәріміз бірге ойнап жіберейік.
Ойын: «Көкөніс пен жемісті ажырат».
Ән: «Жемістер мен көкөністер»
Әже: Жарайсыңдар, балалар! Сендер көкөніс пен жемістерді өте жақсы ажырата алады екенсіңдер! Күз мезгілі туралы тағы да қандай тақпақтар білеміз?
(Балалар тақпақ айтуға шығады).
Жәнібек: Тоғжан:
Алақай! Алақай! Ұшты талдан жапырақ,
Шаттанды балақай. Сары көбелек секілді.
Жаз кетті, Аспанда жай шатырлап,
Күз түсті. Тамшы жерге секілді.
Береке салты күз,
Мереке алтын күз!
Олжас:
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан, алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Алижан:
Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көк егін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.
Ержан:
Күз айлары тамаша,
Сабан тойы жараса.
Жемісін мол сыйлаған,
Қыркүйек, қазан, қараша,
Бибінұр:
Ой, балалар, балалар,
Қоңырқай күз болыпты.
Қурап жапырақ солыпты,
Ел егінін орыпты.
Анель:
Біз кішкентай балдырған,
Сескенбейміз жаңбырдан.
Төбемізде қол шатыр,
Алдымызда жол жатыр.
Би: (Қолшатырмен)
Әже: Жарайсыңдар, балалар! Мен сендер туралы есіттім, сендер ағылшын тілі сабағын өтеді екенсіңдер, ағылшынша өлең, тақпақтар білеміз бе?
Ж: Әрине, әже біздің балалар сізге ағылшынша өлең, тақпақтар айтып береді.
Адель:
Зисис зе гардн,
Ай эйгри итис файн
Ю лав е гардн,
Энд ай лав майн.
Олжас:
Голдн ин зе три топс,
Голдн ин зе скай.
Голдн, голдн, голдн,
Октаве пэссинг бай.
Лаура:
Итс раннинг найт энд дей,
Бат неве ранс эвэй.
Ән: Ағылшын тілінде.
Әже: Ой, тамаша, балалар сендер маған қатты ұнадыңдар, жарайсыңдар! Біздің күзгі орманымызға тағы да келіңдер, мен сендердің өлең тақпақтарыңа өте ризамын.
Ж: Әже, біздің балалар да сізге өте риза. Күзгі орманға қонаққа шақырғаныңызға рахмет.
Ән: «Күзгі бақ»
Ж: Жарайсыңдар, балалар! Құрметті апайлар осымен №9 «Жұлдыз» тобының ертеңгілігі аяқталады. Тамашалағандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!
Күз сыйы
- Акнур Абдибек
- 11 қазан 2021
- 27417
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Күз сыйы атты ертеңгілік балабақшаға, Күз туралы сценарий балабақша
Ұқсас жаңалықтар:
Берекелі алтын күз
Қош келдіңіз көрермен Бүгінгі ертеңгілікке Отырыңыз қол соғып Шат күлкіге бөлене...Күзгі орман ертеңгілі
Мерекеге сай түрлі - түсті жапырақтармен безендірілген зал.(Музыка әуенімен ортаға жүргізуші және балалар шығады). Жүргізуші: Балалар қараңдаршы,...Берекелі - алтын күз
Атырау облысы, Индер ауданы, Жарсуат ауылы "Жауқазын"мектепке дейінгі бөбекжайының тәрбиешісі Сапашева Гулжанат Нұрланқызы...«Алтын күз» ертеңгілігі
Жел тынымсыз гуілдеп, Болып кетті тым бұзық. Шуылдайды тал - терек, Жапырағын жұлғызып....Арайлы алтын күз
Қызыл, сары, алтын көк Алуан алуан жапырақ Күзгі бақта күлімдеп Көз тартады жадырап...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.