Алла тағала ең алғаш жер бетіне иелік ету Әбілет пен Тәбілет деген екі мақұлықты жібереді. Оларға қақ тастан үй салып беріп: Сендерді жер бетіне жібердім.
Баяғыда Жетіген деген қарияның жеті ұлы болыпты. Бір жылы елге зобалаң келіп, ұлдары өмірден өтеді. Көп жылап, жанары суалған қария ағашты ойып, аспап жасайды. Оған әр баласы өлген сайын жылқы қылынан ішек тағып отырады.
Үлкен Тәңір Еркілікті жер астына айдап түсіргеннен кейін Үш Құрбыстан оған өлгендердің жандарын сотқа тартып, жазалауды тапсырды. Осылайша, барлық өлгендердің тағдыры Еркіліктің қолына көшті.
Ертеде самұрық атты құс болыпты. Оның жан - жануар біткенге қастығы жоқ екен. Бұл өңірге жазда келіп балапандап, балапанын ұшырғаннан кейін, басқа бір өңірге қыстап келуге кетіп қалады екен.
Ертеде бір патшаның үш уәзірі болған екен. Бір күні патша үшеуін шақырып алып қолдарына бір - бір қаптан ұстады да, бау - бақшаға барып піскен жеміс - жидектермен толтырып алып келулерін бұйырады.
Дәуіттің тұсында Ғайдуна деген қаланы ордалы жылан басады. Олардың көптігі сондай күрек басындай жерге он жылан сыяды екен. Қарсы келген адамға атылып, бет қаратпапты. Күресуге дәрмені қалмаған патша ақсақалдарды жинап, кеңеседі