Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Жезтырнақ
Жезтырнақ – имек жез мұрынды, үлкен жез тырнақты, сұлу жас әйел кейпіндегі жын - пері тектес мақұлық. Жезтырнақ ғаламат зор қара күш иесі, ащы даусы жер жаңғырықтырады. Өзінің айқайымен ол құстар мен ұсақ хайуанаттарды өлтіре береді. Кейбір мифтік ертегілерде жолы болғыш аңшылар жезтырнақтарды айламен жеңеді.
Сондай аңыздардың бірінде іңір қараңғысында бір жас келіншектің алаулатып от жағып отырған аңшының қасына келгені баяндалады. Аңшы оны дәмге шақырады. Ол үнемі, тіпті тамақ жеп отырғанда да мұрнын жеңімен көлегейлей бергеніне қарап әйелдің пері екенін аңғарады. Әйел кеткеннен кейін аңшы оттың қасына бөрене тастап, оны өз киімімен жабады да, мылтығын оқтап, ағаш басына шығады. Түнде жезтырнақ қайтып келіп, бөренені тарпа бас салады, тырнағы ағашқа бойлай кіріп кетеді. Сол кезде аңшы әзәзілді дәл көздеп атып өлтіреді.
жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Жезтырнақ
- ramuk_b
- 21 қазан 2024
- 365
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жезтырнақ, Жезтырнақ ертегісі, аңыз әңгіме
Ұқсас жаңалықтар:
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Тейран
Қара пері Тейран артынан қарасаң адамға ұқсайды, оны кәдімгі жолаушы екен деп қаласың. Бірақ бұрылып қарауы мұң, ұсқынын көріп зәрең ұшады....Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Албасты
Албасты – су тылсымына байланысты әзәзіл пері. Албастылар өзен - көлдердің маңайын мекен етіп, ақ шашы жалбыраған, емшегі арқасынан асып салбыраған...Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Шимұрын
Егер жолаушы жалғыз өзі қалың жыныс орман мен қиын асулы тауда немесе қараңғы түнде елсіз жапанда ұзақ жол жүрсе, Шимұрын шайтанның қолынан мерт...Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Көнаяқ – орман перісі
Ит мұрыны өтпес ормандарда, көнерген тау соқпақтарында, адам аяғы сирекбасатын ми батпақтар арасында жауыз орман перісі – Көнаяқ тіршілік етеді....«Алтын адам» туралы миф
Баяғы замандарда Тәңірге құрбандыққа адамдарды шалған. Оның өзінде кінәратсыз жас жігіттер мен қыздарды таңдап алған....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.