Күй аңызы: Сағыныш
Еділді алса - елді алар,
Енді алмаған не қалар?
Жайықты алса - жанды алар,
Жанды алған соң не қалар?
Ойылды алса - ойды алар,
Ойлашы, сонда не қалар?
Қара мауыты мұшақат
Бүтін тоғай жерді алар.
Жаз кіреге жақсы деп,
Дулығалы нарды алар,
Қыс кіреге жақсы деп,
Шудасы қалың айырды алар.
Сусынына шай алар,
Шайнауына май алар.
Қарға бойлы Қазтуған атанған әйгілі жорық жырауы, батыр – Қазтуған Сүйінішұлы XV ғасыр шамасында өмір сүрген. Қазтуған – ноғайдың Едисан ордасының билеушісі Сүйініш мырзаның ұлы.
Қазтуған Сүйінішұлы Сыпыра жырау негізін салған, көнеден келе жатқан толғау жанрының дамуына үлкен үлес қосты. Ол Еділдің Ақтума, Бозан бойларында туып - өскен. XV ғасырдың орта шенінде іргесі жаңадан қаланған Қазақ хандығына қоныс аударған. Қазтуған жырау жорық жыршысы және халық эпосын жасаушылардың бірі. Артына қазақтардың әскери рухын, туған жерін, халық өмірі мен тұрмысын суреттейтін көптеген өлеңдерден тұратын шығармашылық мол мұра қалдырды.
Осы Қазтуған бір авторлық күйі бізге жетті. Күйдің аты Сағыныш (кейде Қоштасу дейді).
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Күй аңызы: Сағыныш
- ramuk_b
- 20 қараша 2024
- 374
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сағыныш күйінің шығу тарихы, күй аңызы, Қазтуған
Ұқсас жаңалықтар:
Қазтуғанның қонысымен қоштасуы
Ел қияға қонғай ма? Еділ, Жайық арасы Кеңшілік қоныс болғай ма?! Ебей басты құба үлек...Мадақ жыры
Бұдырайған екі шекелі, Мұздай үлкен көбелі, Қары ұнымы сұлтандайын жүрісті, Адырнасы шайы жібек окқа кіріс-ті,...Ай, Абылай сен он бір жасыңда
Ай, Абылай сен он бір жасыңда Тұрымтайдай ұл едің. Он бес жасқа келгенде, Арқада Әбілмәмбет төренің Түйесін баққан құл едің....Қазтуған жырау
Қазтуған Сүйінішұлының туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Халық арасында Қарға бойлы Қазтуған атанып кеткен. Қазақтың XV ғасырдағы айтулы жорық...Қазтуған жырау
Қазтуған жырау (XV ғасыр) Ол өзін «Айдаса қойдың көсемі», «Сөйлесе қызыл тілдің шешені», «Буыршынның бұта шайнар...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.