Құдайтану баяны: Пұтқа табынушылардың оянған үміті
Филон Александрияда платонизммен суарылған яһудилікті уағыздап, ал Гиллель мен Шаммай Иерусалимда бір - бірімен дауласып жатқан кезде, Палестинаның олтүстігінде бір тегеурінді тұлға өзін таныта бастады. Иса туралы білетініміз өте аз. Мессияның өмірі жайындағы тұңғыш толық әңгіме оның өлімінен соң, жиырма жылдан кейін Әулие марктің Інжілінде айтылды. Бұл шығарманың шаммен 70 - жылдан бұрын жазылмағаны анық. Ал ол уақытқа дейін тарихи деректер мифтік сюжеттермен біте қайнасып, Исаның өз ізбасарлары алдындағы беделін өмірбаянында айтылғаннан зор етіп көрсетеді. Ерте дәуір христандары оның болмысынан жаңа Мұсаны, Жаңа Иерусалим негізін салған Иисус (Иошуа) Навинді көрді. Будда секілді, Исаның бойында да оның замандастарына тән ең бір терең ұмтылыстар жинақталды және Израил халқының ғасырлар бойғы арман - аңсарлары көрініс тапты. Тірі кезінде Исаны көптеген палестиналық Мессия деп таныды: Иерусалимға сапар шеккен оны, халық Дәуіттің ұлы ретінде жариялады, бірақ бірнеше күннен кейін - ақ римдіктердің ауыр жазасына – айқышқа (крест) керіп өлтіруге бұйырылды. Қаныпезер қылмыскер сияқты өлген Мессияның шулы оқиғасына қарамастан, шәкірттері оған деген сенімнің адасушылық екенін мойындай қоймады. Исаның қайта тірілгені туралы қауесет тарады. Біреулер керіп өлтірілгеннен кейін, үш күннен соң «табыты бос болып шықты» десе, басқалары «елес болып ел кезіп жүр» деп айтты, ал ендігі бір ретте оны бес жүздей адам бір мезгілде көріпті - мыс. Шәкірттері оның Мессиялық Құдай Патшалығының негізін салу үшін көп кешікпей қайта оралатынына сенді, өйткені мұндай түсініктің еш діни қисыны болмағандықтан, олардың сектасын Гиллельдің немересі, раввин және ең ұлы таннаимдердің бірі – Гамлиильдің өзінен кем емес яһуди ғұламалары мойындады. Исаның ізбасарлары Құдайына адал еврейлер ретінде ғибадатханаға күн сайын барып, құлшылық ететін. Бірақ Исаның өмірі, өлімі мен қайта тірілуі оқиғасының әсеріне бөленген Жаңа Израил түсінігі, ақырында пұтқа табынушылық нанымына айналып, Құдай туралы өзіндік концепциясын дамытты.
Исаны жазалаған уақытта (б. д. 30 ж. шамасында) еврейлер нағыз монотеистер болды, сондықтан ешкім Мессия құдайлық тұлғаға айналады деп күткен жоқ: игі жақсылардың кіндігінен өрбіген күннің өзінде, ол кеудесінде шыбын жаны бар қарапайым адам болуы тиіс еді. Кейбір раввиндер оның есімі мен болмысы Құдайға о бастан мәлім болған деп есептеді. Бұл мағынада алып қарасақ, онда Мессия – «Тәмсілдер» мен «Екклесиасттағы» құдайлық Даналық секілді, уақыт жаралмастан бұрын «Құдаймен бірге» болған. Еврейлер маңдайына бақ қонған Мессияны Иерусалимда бірінші еврей мемлекетін құрған, оның патшасы және рухани көсемі болған Дәуіттен тараған деп үміт етті. Діни өлеңдерде Дәуіт пен Мессияны «Құдай ұлдары» деп атады, біра бұл яхвемен ерекше қарым - қатынасты білдіретін бейнелі сөздер ғана еді. Бабылдан қайтып оралғалы бері, жексұрын көрінетін пұтқа табынушылары сияқты, Яхвенің, шынымен де, өз баласы болуы мүмкін екені ешкімнің ойны кіріп - шықпаған еді.
«Марк Інжілінде» (ең ерте жазылған және шындыққа жанасымды саналған) Иса қарапайым адам сияқты көрнеді: отбасы, ағалары мен әпкелері бар, оның тууын хабарлаған және жөргегінің үстінде жырлаған періштелер мүлде жоқ. Исаның бойынан сәбилік және бозбалалық шақтарында ерекше ештеңе байқалмаған. Сонымен бірге ол пайғамбарға айнала бастаған уақытта, Назарет тұрғындары жергілікті ағаш шеберінің ұлы – жай жаратылыс иесі емес екеніне таңданысады. Марк Исаның кемеліне келген кездерін баяндайды. Алғашқыда Иса ел кезуші тақуа, бәлкім, оссин (ессеи) де болған. Шоқындырушы Иоанның шәкірті болуы да мүмкін. Себебі Иоанн Иерусалим билігін әбден азғындаған деп айыптап, оған қарсы қаһарлы уағыздарын айтты. Ол адамдарды тәубеге келуге және оссиндер (ессеи) жасап жүргендей, Иорданда шоқынудың тазару рәсімін жасауға үндеді. Луканың жорамалынша, Иса мен Иоанн туыс болған. Қалай болғанда да, Иоаннан шоқынуды қабылдау үшін Иса Назареттен Иудеяға ұзақ жол жүріп келеді. Марктің хабарлауынша, «судан шыққан тұста, Иоанн аспанның қақ айырылғанын және Рух пен Оған қонғалы келе жатқан көгершінді көреді. Сол кезде аспаннан дауыс естілді: «Сен – Менің Сүйікті Ұлымсың, Сенде Менің ізгі көңілім бар». Иоанн алдында Мессия тұрғанын бірден түсінеді. Осыдан кейін Марк бірден Исаның Галилеяның қалалары мен өлкелерін аралап, уағыздарында «Уақыт келді және Құдай Патшалығы жақындады» деп айтқаны туралы әңгімесіне көшеді. (жалғасы бар)
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Құдайтану баяны: Пұтқа табынушылардың оянған үміті
- ramuk_b
- 9 қараша 2024
- 571
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Пұтқа табынушылар, құдайтану, яһудилік
Ұқсас жаңалықтар:
Құдайтану баяны: Бір құдай
Кейбір раввиндер «өзге елдерде Шехина синагогадан - синагогаға ауысып жүр» десе, басқалар «ол ғибадатхана қақпасында тұрып, Даналық үйінің...Құдайтану баяны: Бір құдай
Филон өлген жылы Александрияда еврейлер ереуілі басталды, барлық жерде еврейлер тарапынан көтеріліс шығу қаупі үдеді. Б. д. д. І ғасырда Африканың...Құдайтану баяны: Бір құдай
Даналықтың табиғатына құдайлық тән емес; оны да Құдай жаратқаны ерекше сөз етілдеі. Р - дің баяндауынша, ол Құдайдың «даңқы» іспетті....Құдайтану баяны: Бір құдай
Ертеңгі күнге сенімсіздік жайлаған кезеңде «Қайталанған заң» идеологиясы адамдарға үлкен ықпалын тигізді. Өсиеттен айныған Израилдың бұрынғы екі...Құдайтану баяны: Әуелгіде
Пұтқа табынушылар ортасында адамды құрбандыққа шалу әдеттегі іс болатын; оның өзінше логикалық түсіндірмесі де бар еді. Көп жағдайда отбасындағы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.