Сайтқа кіру Тіркелу

Ай мен Күн

Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар
Ай мен Күн
Шырқау Көктегі жыпырлаған сансыз жұлдыздар ішінде Тәңір екі үлкен шырақ, екі құдірет – Күн мен Айды жаратты. Скиф халқы – массагеттер Күнді Көк жүзінде Шығыстан Батысқа қарай асығыс көшіп жүретін құдайға балап, оны арғымақ атқа, әлемдегі ең жүйрік жануарға теңеді (бұл жайында «Тарих» кітабында ежелгі грек ғалымы Геродот жазды).
Таңертең Күн көкжиектен көрініп, жоғары көтеріледі. Шуағын барған сайын мол төгіп, ыстығырақ бола түседі, барлық тіршілік атаулыға жарық пен жылу сыйлайды. Ең жоғарғы нүктеде, шырқау шегінде аялдап, тал түстен өтіп, баяулап, бататын жағына қарай еңкейеді. Кешқұрым алып қызыл шырақ өлгісі келмей, жер үстінде қимастықпен ұзақ тұрып алады. Сонда да болса құдіретті сайтан еркіліктің әлеміне, өлілер патшалығына кетуге мәжбүр. Ол жақта тынығып, күш жинап алып, әлемді жарқыраған нұр - шуағына малындырып, құлпыра жайнаған ғажайып күн жасау үшін шығыстан қайта туады.
Күн жермен қимай қоштасқан әрбір кеш сайын түнгі Аспанда ару Ай пайда болып, жұлдыздар арасында жарқырай жанады. Егер Күн – жарық пен жылу жолындағы күрескер болса, Ай – адам құпияларын сақтаушы, желеп - жебеуші, махаббат пен сұлулық бейнесі. Өз өлеңдерінде Айды жыр етпеген ақын жоқ!
Көптеген ертегілерде Ай мен Күн – бір - біріне қосыла алмаған мәңгілік ғашықтар, Ай – ару, Күн – күйеу түрінде көрінеді. Көк жүзіне Күн шығуы мұң екен, Ай дереу жадау тартып, жоғалып кетеді. Ай мен Күн – біздің орындалмас армандарымыздың аспандағы айғақтары, мәңгілік қозғалыстың, мәңгілік өмірдің нышандары.

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ата - бабаларымыз неге көк тәңіріне табынған

Ата - бабаларымыз неге көк тәңіріне табынған

Алыс замандардың жаңғырығындай болып кеткен бұл «сәлемдесу» бізге өзгеше, бір түрлі тосын болып көрінетін. Бірақ осы сәлемнің астары мен сәлемдесу...
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Үй иесі

Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Үй иесі

Қазақтардың ырымы бойынша, үй иесі – адамға қастық қылатын кемпір. Ол түнде жасырынған жерінен шығып, үйдегі заттардың орындарын ауыстырып,...
Мыстан кемпір немесе жалмауыз кемпір

Мыстан кемпір немесе жалмауыз кемпір

Ұсқынсыз жәдігөй Мыстан кемпір адамдарға көп жамандық жасайды. Мыстан балаларды ауыстырып қояды, бәйгелерде тұлпарды қулықпен басып озбақ болады....
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Шимұрын

Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Шимұрын

Егер жолаушы жалғыз өзі қалың жыныс орман мен қиын асулы тауда немесе қараңғы түнде елсіз жапанда ұзақ жол жүрсе, Шимұрын шайтанның қолынан мерт...
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Көнаяқ – орман перісі

Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Көнаяқ – орман перісі

Ит мұрыны өтпес ормандарда, көнерген тау соқпақтарында, адам аяғы сирекбасатын ми батпақтар арасында жауыз орман перісі – Көнаяқ тіршілік етеді....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×