Сайтқа кіру Тіркелу

Берекелі - алтын күз

«Берекелі алтын күз»
Мақсаты: Балалардың күз туралы түсінігін кеңейту, күз мезгілінің ерекшеліктері туралы түсінік бере отырып, әңгімелеу. Балалардың тіл байлығын дамыту, табиғатқа қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Құрметті ата - аналар, қонақтар және де біздің сүйкімді бүлдіршіндер. Табиғатымыздың бізге берер байлығы мен берекесін сыйлайтын сары алтын күзіміз келді. Алтын күз мерекесі құтты болсын. Жылдың қай мезгілін алсақ та, табиғатты сүйіп, оны аялап күту әрбір адамның міндеті, өйткені бізді қоршаған табиғат аман болса, бізде әрқашан көңілдіміз.
Төңірек толы сары алтын
Күз келді туған жеріме
Шуағы нұрлы жайнаған
Алтын күз әсем айналам
дей келе ІІ кіші «Балапан»тобының «Берекелі алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
Барлығы бірге:
Көбейсін құт - береке,
Астық толы қамбамыз
Құтты болсын береке
Күз мейрамын тойлаймыз.
Жақсы балалар енді орнымызға отыра қояйық.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі
- Дұрыс. Ал, күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Күн салқындайды, жаңбыр жауады, құстар жылы жаққа ұшады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, көкөністер піседі.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар.
Ал, күз мезгілінің неше айы болады?
- Үш айы болады. қыркүйек, қазан, қараша
- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Жарайсыңдар.
Енді күз туралы тақпақтарымызға кезек берейік.

Назым: Алқаптағы бидайды
Қоймаға ел жинайды
Тырналары тізілген
Ұнатамын күзді мен

Әбдінұр: Күншуақта маужырап
Жатыр еді атырап
Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жапырақ

Ағила: Алтын, алтын, сары алтын
Алтын күзде нұр жатыр
Біз мектепке баратын
Алақай - ау, күн жақын

Азиза: Думан толы асқарлы
Күз мезгілі басталды
Күз әуені кеп жетті
Әнге бөлеп жастарды

Нұрболат: Көрініп еліме
Күндері мереке
Келді ғой жеріме
Күз дейтін мереке
- Өте жақсы балалар, ендігі кезекті әнге береміз.
Ән: «Біз өмірдің гүліміз»
Ал, балалар енді мен сендерге жұмбақ жасырайыншы. Жауабын тауып көрейік.
1. Ағайынды бәрі,
Шықса жасыл
Түссе сары (жауабы жапырақ)
2. Көтеріліп теңізден
Аспанға биік барамын
Биіктен қайта түскенде
Өңі кірер даланың (жауабы жаңбыр)
Енді тақпағымызды жалғастырайық.

Еркін: Сау - сау етіп жапырақ
Сабағынан үзілді
Қоңыр тартып атырап
Көкте құстар тізілді

Аяулым: Нұрға бөлеп өмірді
Жырға бөлеп көңілді
Жарқыраған сәулелі
Күз әуені төгілді.

Мирас: Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген

Жаннэль: Алақай күз келді
Қарық қып жеміске
Сарғайды түз белде
Толқысын егісте

Ертай: Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан - алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап

- Өте жақсы балалар.
Ендігі кезекте ойынға берейік. Ойынның аты «Дәмінен таны»
Шарты: ортаға көзі байланған бір бала шығады. Алдында жемістер мен көкөністер қойылған екі ыдыс тұрады. Аузына бір - бірден көкөніс пен жеміс салынады. Бала соның дәмін татып, не екенін табады.
Ойын ойналады.
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп - кішкене ағаштар
Үп - үлкен боп өседі.
- Өте жақсы балалар.
Енді бәріміз «Алтын күз» өлеңін айтып жіберейік.
Күзге арналған тақпақтарымызды жалғастырайық.

Н. Каусар: Күн суытып келеді
Жапырақтар түседі
Астық жеміс жиылды
Қамбамызға құйылды
Ардақты күз мың алғыс
Алдық өнім сыйыңды

Ж. Каусар: Жапырақ ұшты
Суықта түсті
Сонда да бізге
Қызық көп күзде

Ерасыл: Күзім - ау, күзім - ау
Мінезің бұзық ау
Жаңбырың сіркіреп
Келгенің қызық - ау

Махамбет: Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді

Айсана: Берекелі, мерекелі
Келді жомарт алтын күз
Қала да, дала да
Жанның бәрі жарқын күз
Ерназ: Қуандырып біздерді
Өлкемізге күз келді
Кел жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз

Айша: Сарғайды тоғай
Сап - сары маңай
Соңғы әнін айтып
Құс кетті қайтып

Несібелі: Жапырақтар сап - сары
Қонып жатыр жерге көп
Қызықтап бау - бақшаны
Шаттанады бал - бөбек

Ербақыт: Күзім - ау, күзім - ау
Мінезің бұзық ау
Жаңбырың сіркіреп
Келгенің қызық - ау

Ендігі кезекте ойынға береміз. Ойынның аты:
«Көкөністер мен жемістерді жинап, аттарын атау»
Ойын ойналады.
Енді ата - аналармен метограмма жасырып жіберейік.
Қ - дан мені бастасаң
Шөлің басар асыңмын
Ж - ға айырбастасаң
Тамшы болып тасындым (қауын - жауын)

Бір бауыңда кәріңмін
Екінші де нәріңмін
Қосылғанда екеуі
Көкөніс болып табылдым (шал - қан)

Қорытынды: «Қошақан» әні
Жарайсыңдар, балалар.
Осымен алтын күзге арналған «Берекелі алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көңіл болып тыңдағандарыңызға рахмет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×