Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар
Ай неге жалаңаш қалған?
Бірде Ай өзіне көйлек тіктіріп алмақ болыпты. Тігінші Айдың бой - тұрқын өлшеп алады да, көйлекті пішіп, тігуге кіріседі. Уәделескен шағында Ай көйлегін алуға келсе, көйлегі әрі тар, әрі қысқа болып шығыпты...
«Иә, мен қателескем екем», - дейді тігінші. Сөйтіп, көйлекті қайта пішіп, қайта тіге бастайды.
Уәделескен мерзім жақындап, Ай көйлегін алуға тігіншіге тағы келеді.
Бұл жолы да көйлегі шақ келмей, қысқа болып қалыпты.
«Иә, тағы да дұрыс өлшемеген екем ғой», - дейді Айдың толыса беретініне түсінбеген тігінші. Сонымен қайта өлшем, қайта пішіп, қайтадан тігуге кіріседі.
Ай тағы да көйлегін алуға келе жатады. Тігінші киіз үйдің түңлігінен аспанда келе жатқан топ - толық, өзі тіккен көйлектен екі еседей үлкен Айды көреді. Не істерін білмей, сасқалақтаған тігінші басы ауған жаққа қаша жөнеледі. Ай ары іздеп, бері іздеп, тігіншіні таба алмай қояды. Сол себепті Ай көйлексіз, жалаңаш қалыпты.
жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Ай неге жалаңаш қалған?
- ramuk_b
- 8 сәуір 2025
- 581
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ертегі, ай туралы ертегі, қызықты ертегілер
Ұқсас жаңалықтар:

Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Көнаяқ – орман перісі
Ит мұрыны өтпес ормандарда, көнерген тау соқпақтарында, адам аяғы сирекбасатын ми батпақтар арасында жауыз орман перісі – Көнаяқ тіршілік етеді....
Ай неге жалаңаш қалды
Бірде ай өзіне көйлек тіктіріп алмақ болыпты. Тігінші айдың бой тұрқын өлшеп алады да көйлекті пішіп, тігуге кіріседі....
Батыр тігінші
Бір неміс шаһарында Ганс дейтін киім тігетін ісмер адам болыпты. Ол күні бойы терезенің алдындағы үстелде іс тігіп отырады екен. Күрте де, шалбар да,...
Кішкентай кісілер
Баяғыда бір етікші болыпты. Ақшадан жұрдай болса керек. Ақырында әбден кедейленіп бітіп, қос етік тігерліктей ғана былғарысы қалыпты. Іңірде әлгі...
6 саны және цифры
Пәні: математика Сыныбы: 1 Сынып жетекшісі: Базарбаева Мөлдір Талғатқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.