Жас түлектерге арналған өлең шумақтары
- 18 мам
- 92037
- Құттықтаулар
Уақыт та емтихан аларОл сын қорқыта алмас,
Көңілге сенім қонсын.
Жас талапкер, билет ал, тәуекел деп -
Емтиханда, өмірде жолың болсын!
Жүректерді от боп шарпып жанады,
Қуаныш пен қимастықтың алауы.
Шәкірт үшін әр уақытта сақталар,
Жетекшінің езу тартқан жанары.