Атбегілік арналары: Жүйріктің жабдықтары
Жүйрік аттың басты жабдығы – өте жіңішке өрілген жеңіл ноқта - жүгендер. Бұдан кейінгісі кежім. Шабандоз ер - тоқыммен шабатын болса, онда жүйрікке арналған жеңіл ер ерттейді.
Қазақ атбегілері жүйріктерді жайдақ шапқызатын болған. Жайдақ шабатын жағдай туындаса, шабандозға үлкенірек балаларды таңдап алған. Кей жағдайларда атқа шапқан баланың құйрығы ойылмас үшін жүйрікке жеңіл шағын киіз шүберек тоқым таңып, оны бір айылмен басып беретін тәсілдер де кездеседі.
Жүйрік жабдықтарына қатысты шаралар:
1. Жүйріктерді жұқа немесе қасаң тағамен тағалайды. Ертеде мүйіз таға пайдаланған.
2. Жүйріктің қамшысы жеңіл, өткір, қырлы келеді.
3. Жүйріктің басындағы жүген жеңіл әрі сағалдырығы тыныс алуға қолайлы кең болғаны жөн.
4. Тоқым жүйріктің қапталын соғып тұрмауы үшін көтеріп байланады.
5. Жүйрік жылқының жабдығында құйысқан, өмілдірік болмайды.
6. Айылды төсінен, яғни бір жерден ғана тартады.
Топ жаратын жүйрікті тану
Қазақ ғұрпында бәйге болардан бір күн бұрын жүйрік танитын сыншылар жарысқа түсіру үшін бапталған жылқыларды бір - бірлеп қарап шығып, бұл жолы қандай жүйріктің маңдайы жарқырап, озып келерін тап басып, айтып беретін болған. Әрине, олар көріпкел емес, бірақ бабы сәйкесіп, озып келетін жүйрікті белгі - бітімдеріне қарап ажырата алған.
Озып келетін жүйріктің белгі - бітімі:
Сыртынан қарағанда көбір жүні мақпал кілемнің түгі сияқты көрініп, әртүрлі мең ойнап, құбылып тұрады.
Қайта - қайта тілін жалап, құйрығын дүркін - дүркін тастап, есіней береді.
Сіңірі семіп қалған ат сияқты тартылған садақтың иініндей бүктетіліп тұрады.
Тісіне аппақ қақ пайда болып, таңдайына қаралтым қал қонады.
Жағын керіп есінейді.
Таранып саңлақтанады.
Иесіне иегін артып еркелейді.
Бәйге жолына шығуға асығады.
Көмбеге барарда жолға таласып жүреді.
Дамыл - дамыл тезек тастайды.
Кейбір жүйріктердің көз шарасына мөлдіреп жас толады.
Осы жайды білетін атбегілер «мына ат бәйгеден бірінші келеді екен» деп топшылайды.
жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Атбегілік арналары: Жүйріктің жабдықтары
- ramuk_b
- 27 наурыз 2025
- 84
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жүйріктің жабдықтары туралы, жеңіл ноқта, жеңіл ер
Ұқсас жаңалықтар:

Атбегілік арналары: Жүйрікті жарыс жолына шығару
Көшпелі халықтар жүйрік жарыстырғанда аттарды алысқа айдап барып, арнайы мәре белгілеп сол жерден жіберетін болған. Тіпті кейбір аламан жарыстарда...
Баптауда тұрған жүйрікті жайылту және суару
Баптауға байлағанжүйрікті шөлдетіп барып суаруға әсте болмайды. Сондай - ақ, шаңқай түсте де суармаған дұрыс. Таңғы салқынмен суарған жөн....
Бабы қанған жүйріктің белгісі
Бабы қанған, жаратуы келіскен жүйрікті ары қарай толық жетілдіріп баптауды атбегілер жүйрік қырлау дейді....
Жүйрік баптаудың негіздері
Қара жарыстың, яғни, жаратудың дұрыс - бұрыстығын аттың теріне қарап анықтайды. Аттың терін алу – ат баптаудың басты шарттарына жататын аса маңызды...
Атбегілік арналары: Жүйрік баптаудың негіздері
«Жүйріктің ішін тарғаяқтатып (жеңіл шабыс) тарттыр, терін желдіріп ал, тезегін шоқырақтатып түсір, көңілін сылаңдатып сергіт» дейтін көнеден келе...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.