Заводта болсаң, күнбе-күн
көрінер еді табысың.
Дәрігер болсаң, түрлі емің –
сырқаулы жанның бағы шын.
Ал сенің еңбек жемісің
өзгеше тіпті басқадан:
ол - өзін арнап ел үшін
осынау жүрген жақсы адам.
Жақсы адам – елдің тірегі,
байлығы туған халықтың,
шапағын шашар үнемі
көгінде тұрған жарық күн.
Сан жастың қамын шертесің,
тағдырын ойлап толғанып.
Әр үйдің бір-бір еркесін
үйреттің өзің қолға алып.
Ұстазсыз жанда сөнбек күн,
шәкіртсіз өмір – сусыз жер.
Көрінбес ғажап еңбектің
бейнетін кешіп жүрсіздер.
Жүректе тұрар жалқы үнің,
жанымнан жалын жігер күт.
Ұстазым, сенің әр күнің,
әр сәтің тұрған бір ерлік!
Ұстаз
- ramuk_b
- 29 қаңтар 2019
- 1954
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ұстаз, Ұстаз туралы өлеңдер, мұғалім жайлы тақпақтар, Фариза Оңғарсынова өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:

Перзенттерінің аналарына тілегі
Өсіп-жетілдік сенім бағында, Сенімнің бағы - ана мейірімі. Күндерді осы сенің барыңда Санаймыз, ана, өмір сыйлығы....
Ерлік туралы мақал-мәтелдер
Ерді намыс өлтірер, Қоянды қамыс өлтірер. Ерлік білекте емес, жүректе....
Әйелге деген махаббат
Түндерде жалын боп өткен біреуді жаным деп өпкен сенің гүл еріндеріңнен әйтеуір жерінбедім мен....
Бөбекке тілек
Сеніменен атаң-әжең нәрленді, Әр қылығың ана жүзге әр берді. Сен арқылы бесік жақтан әкеңнің Құлағына шырылдаған ән келді....
Ұстаз атты бір жан бар
Ұстаз атты бір жан бар, Оқушылар ұстаздарды тыңдаңдар! Əр күн сайын білім берер сендерге Үйретеді өмір жайлы бұл жандар....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.