Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар
Көне мифтерге негізделген қазақ ырымдары
Қазіргі қазақтардың көптеген әдет - ғұрыптары, дәстүрлері, ырымдары тәңіршілдік пайда болған сонау ықылым замандармен байланысты.
Қазақтарда аруақтар ата - бабалардың жандары, ал жан мәңгілік өмір сүреді деп есептеледі. Ата - бабаларды құрметтеу ғұрпы осыдан туған. Аруақтарды көшпелілер мәні жағынан Құдайдан кейінгі екінші орынға қояды. Тіршіліктің барлық қиын жағдайларында «О, аруақ, қолдай гөр!..» деп жалбарынып, құрбан шалады. Өткен ғасырларда - ақ аруақтарға арнап ай мүйізді, аша тұяқты сиыр, маңдайында жолағы бар ақ қошқар, ақсарбас қошқар, бауырсақ құлақ қошқар, тілік құлақ және айыр тіс қошқар, сондай - ақ табындағы тұңғыш төлді құрбандыққа атаған. Дүниеден өткен ата - баба аруақтарының құрметіне жануарларды құрбан шалу бізге баяғыдағы сақ - скиф замандарынан бері белгілі жайт.
Қазақтар қасиетті һәм тірі нысан саналатын ағаштар мен өсімдіктерді қастерлейді. Табиғаттың барлық таңғажайып құбылыстарын әулиеден шапағат дарыған, әулиелердің көзі түскен деп есептейді. Жапандағы жалғыз ағаштың немесе өзгеше қисық бұтақты сиықсыз өсімдіктің қасына түнейді, соған тәу етеді. Жанынан өткен әрбір жолаушы әлгі ағашқа ырымдап шүберек байлайды, жануарларды құрбан шалады немесе аттың жалына түрлі - түсті қиқымдар мен шолпы тағады. Сол сияқты аруақтар, әулиелер жатқан жер деп саналатын қорған - обаларды, ескі молаларды кие тұтып, басына түнейді, зиярат етеді.
Малды кие тұтып қастерлеу көптеген тыйымдардан көрініс тапқан: малдың сүйегін басуға, сүтті төгуге болмайды, сүтті төгу – ырысты төгу. Егер сүтті байқамай төгіп алса, оған саусақты матырып, бетті сипап, сосын құрғатып сүртіп тастайтын болған.
Қазақтарда тыйымдар мен ырымдар өте көп. Мысалы, құрықтан, балтадан және иінағаштан аттап өтуге болмайды, олай істеген адам байымайды. Егер түнде сиыр ұшырасса, оның арқасынан қамшымен ұру керек, себебі, онда жын - шайтан отырады.
Егер жануардың қандай да бір ерекшелігі болса, онда ол қасиетті деп есептеледі. Мұндай жануарың болса – бақытқа кенелесің. Ондай жануарды ешкімге бермейді.
Аққуды атуға тыйым салынған: қазақтар оны құс патшасы дейді. Аққуды өлтірген адам бақытсыздыққа ұшырайды. Жапалақты, үкіні, тоқылдақты, көк қарға мен көкекті өлтірмейді. Қарлығашты қадірлеп, қастерлейтіні жалпыға мәлім.
Адамның өзі, жануарлар, құстар, ағаштар Ортаңғы және Жоғарғы әлемнің жаралмыштары болып табылады. Солардың әрқайсысы жайында қазақ фольклорында көптеген мифтер бар.
жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Көне мифтерге негізделген қазақ ырымдары
- ramuk_b
- 1 наурыз 2025
- 14
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Көне мифтер, қазақ ырымдары, әдет - ғұрыптары, дәстүрлері, тәңіршілдік
Ұқсас жаңалықтар:

Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Үй иесі
Қазақтардың ырымы бойынша, үй иесі – адамға қастық қылатын кемпір. Ол түнде жасырынған жерінен шығып, үйдегі заттардың орындарын ауыстырып,...
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Шимұрын
Егер жолаушы жалғыз өзі қалың жыныс орман мен қиын асулы тауда немесе қараңғы түнде елсіз жапанда ұзақ жол жүрсе, Шимұрын шайтанның қолынан мерт...
«Алтын адам» туралы миф
Баяғы замандарда Тәңірге құрбандыққа адамдарды шалған. Оның өзінде кінәратсыз жас жігіттер мен қыздарды таңдап алған....
Аңшылыққа қатысты тыйымдар мен ырымдар
Аңға шыққан аңшыға «Қанжығаң майлансын» деген тілек айтылады. Аңдағы бірінші олжа ешкімге сыйланбайды, бірінші олжа қоян, ал кейінгісі қасқыр немесе...
Сүт тағамдарына қатысты тыйымдар мен ырымдар
Тойға немесе асқа қымыз әкелген сабаны біржолата сарқып босатпайды, түбінде міндетті түрде бір ожау болса да қымыз қалуы керек....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.