Тәрбиешілерге арналған тақпақтар
Тәрбиеші апайлар,
Балаларға нәр берер.
Таңғажайып күйге еніп,
Бала алдында түрленер.
Қандай ызғар болса да,
Жандарыңыз тоңбасын.
Жаратқаным жар болып,
Бар жақсысын жолдасын.
Бар жақсылық орналып,
Әр күн берсін жақсысын.
Балапандар қуантып,
Берсін күннің тәттісін.
***
Күлім қағып жүретін,
Жүздерінде жыр тұнып.
Жүріңіздер қашанда,
Гүл көктемдей құлпырып.
Тәрбиеші ұстаздар,
Баланың бал тілісіз.
Ән айтқызар, билетер,
Жүрек жарды үнісіз.
Істеріңіз сәтті боп,
Биіктерге жетіңіз.
Қиындыққа мойымай,
Асулардан өтіңіз.
***
Тәрбиеші апайлар,
Сіздердей жан ғажайып.
Кенеліңіз шаттыққа,
Бар жақсыға боп лайық.
Көңіліңіз шад болсын,
Өміріңіз жанданып.
Тәрбиеші ұстаздар,
Риза сізге бар халық.
Тілейміз біз өмірде,
Сіздерге бар жақсыны.
Жаратқаным жар болсын,
Сыйлап барлық тәттіні.
***
Тәрбиеші ұстаздар,
Күлімдеңіз, жайнаңыз.
Балаларды тәрбиелеп,
Тиіп елге пайдаңыз.
Еңбегіңіз жансын тек,
Жаратқаным жар болып.
Қуаныңыз шаттана,
Нұрлы атар таңы болып.
Көңіліңіз шад болып,
Өміріңіз гүлденсін.
Бала тілі балдайын,
Қуандырып түрленсін.
***
Тәрбиеші апайлар ардақты жан,
Соқсын жүрек үніңіз тоқтамай еш.
Балалармен бір болып әрқашанда,
Қуаныңыз, шаттанып ертелі-кеш.
Қуанышқа бөлесін атар таңың,
Бала тілі қуантып, балдай болып.
Отбасыңыз аман боп тәрбиешілер,
Жүріңіздер шаттықты орта толып.
Жадырасын, жайнасын жаздай жаның,
Ақ көңілің, пәк көңілің қуанып тек.
Болады әркез құрметті тәрбиешілер,
Ата-анасы баланың бізден құрмет.
Тәрбиешілерге арналған тақпақтар
- ramuk_b
- 27 қыркүйек 2025
- 267
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Тәрбиешілерге арналған тақпақтар, тілек, 27 қыркүйек тәрбиешілер күні
Ұқсас жаңалықтар:

22 наурыз мерекесіне арналған құттықтаулар
Әр шаңыраққа құт-береке, молшылық, бақыт және денсаулық тілеймін! Ұлыстың Ұлы күні сіздерге жаңа табыстар мен жетістіктер әкелсін....
Інім туған күніңмен: 30 жас мерей тойға тілек
Жан бауырым орда бұзар жасқа келдің, Құтты болсын бүгінгі туған күнің. Жаңа жасың жақсылығын сыйласын тек, Сәтті болып, тәтті болып әрбір күнің....
8 наурызға арналған тақпақтар
Әйел – сұлу, әйел – Ана, жалғаушы, Бала өсіріп, тәрбиелеп барлаушы. Мейрамыңыз құтты болсын, бақ берсін, Отбасының жайын ойлап қамдаушы....
Мейірбан ұстаздар
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №12 балабақша тәрбиешісі Аманғожина Халима Әлжанқызы...
Балабақша
Алматы қаласы № 118 «Әсел» балабақшасы тәрбиешісі: Таскулова Маржан Сапарбайқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.