Сайтқа кіру Тіркелу

Спорт клубы тәрбиелік - танымдық іс - шара өткізді

Спорт клубы тәрбиелік - танымдық іс - шара өткізді

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттердің тұлғалық дамуына және тәрбиелік бағыттағы жұмыстарға ерекше көңіл бөлінеді. Университетте білім алушылардың қызығушылықтарына сәйкес әртүрлі үйірмелер мен клубтар тұрақты түрде жұмыс істейді. Солардың бірі – салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған «Денсаулық» спорт - сауықтыру клубы. Клубтың негізгі мақсаты – студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спорттық шаралар арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру және дене белсенділігін арттыру.
Жақында Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында «Денсаулық» спорт клубымен бірлесіп, 16, 17, 18 - топ кураторлары Г. А. Машинбаева, Р. И. Дүйсенбаева, Г. Ә. Мұсаева және М. П. Ешимовтың ұйымдастыруымен «Денис Тен – Қазақстандық үздік мәнерлеп сырғанаушы» тақырыбында тәрбиелік іс - шара өткізілді.
Іс - шараның мақсаты – тыңдаушылардың Қазақстанның мәдениеті, тарихы мен ұлттық құндылықтары туралы білімін кеңейту, сондай - ақ еліміздің көрнекті спортшысы Денис Теннің өмірі мен жетістіктері арқылы отансүйгіштік сезімін қалыптастыру және Қазақстанға деген қызығушылығын арттыру болды. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын насихаттап, спортқа деген қызығушылықты арттыру және дене белсенділігінің маңызын түсіндіру көзделді.
Шара барысында Қазақстанның мәнерлеп сырғанау спортының көрнекті өкілі Денис Теннің өмір жолы, спорттағы жетістіктері мен елге сіңірген еңбегі туралы жан - жақты ақпарат берілді.
Сондай - ақ факультеттің бұрынғы түлегі, жапондық тыңдаушы Ебина Мисакидің өмір жолы ерекше мысал ретінде айтылды. Оның қазақ және орыс тілдерін үйренуіне, Қазақстанға келуіне және ел мәдениетіне деген қызығушылығына Денис Теннің өмірі мен тұлғасы үлкен әсер еткені атап өтілді. Ебина Мисаки Қазақстанға келгеннен кейін қазақ мәдениетіне деген қызығушылығы артып, қазақ тілін үйренуге бел буған. Ол бір жыл көлемінде Қазақстанда білім алып, қазақ тілінде еркін сөйлеп, бірнеше телеарнаға сұхбат берген. Сонымен қатар, қазақтың көне музыкалық аспабы – қобызда ойнауды үйренген. Қазіргі уақытта ол Жапонияның Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанмен байланыс бөлімінде қызмет атқарады.
Бұл тағылымды оқиға шетелдік тыңдаушыларға ерекше әсер етіп, олардың Қазақстанға, оның мәдениеті мен тұлғаларына деген қызығушылығын арттырды. Сонымен бірге, тіл үйренудің маңызын түсінуге және мотивация алуға үлкен ықпал етті.
Іс - шара барысында қатысушылар пікір алмасып, тілдік тәжірибесін жетілдіріп, Қазақстанның танымал тұлғалары туралы білімдерін кеңейтті.

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ
Г. Ә. Машинбаева, Р. И. Дүйсенбаева
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Шетелдіктерге ұлттық ойындар таныстырылды

Шетелдіктерге ұлттық ойындар таныстырылды

Қазақстандағы іргелі жоғары оқу орындарының бірі – Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ЖОО - ға дейінгі білім беру факультетінде жыл...
Жапон елі мен қазақ елі арасына алтын көпір болғандар

Жапон елі мен қазақ елі арасына алтын көпір болғандар

Қазақ тілі тек мемлекет ішінде емес, шетелдіктер арасында да қолданыс құралына айналып бара жатқанын көңілге қуанышты сезім ұялатады....
Салауатты өмір салты

Салауатты өмір салты

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында қазақ және орыс тілдерін оқып...
Денсаулық – ең басты құндылық

Денсаулық – ең басты құндылық

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында қазақ және орыс тілдерін оқып...
Ізгілікке ұмтылған жүрек

Ізгілікке ұмтылған жүрек

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, ҚазҰУ, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×