Сайтқа кіру Тіркелу

1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күні

«1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні»
Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау,тәтті ұйқысын бұзбау,алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз.

Арманы бір, үні бір
Аға ардақты, іні гүл
Бақыт туын көтерген
Балалардың күні бұл

Мақсаты: «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Ойын - сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата - аналар, қымбатты бүлдіршіндер мен сәбилер! 1 - маусым балаларды қорғау күні құтты болсын! Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз.
Баршамызды бала тілімен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын.
Ата - ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе?, бал бұлақтан жалғайтын.
Сүп - сүйкімді періштелер сендерсіңдер,
Қандай бейне өздеріңе тең келетін.
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерген.
Балалар, 1 - маусым 1950 жылдан бастап, Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Біздің Қазақстан Республикасында балалар құқығы заңмен бекітілген. Әр бала, балабақшаларда, мектепте мемлекет тарапынан тегін тәрбие мен білім алуға құқылы. Міне, біздің «Бәйтерек» балабақшасында да, осы балаларды қорғау күніне арналған «Мен өмірдің гүлімін» атты мерекелік шара өткелі отыр.

Аталған мерекеге бізді құттықтап келген қонағымыз, «Нұр Отан» партиясының мүшесіне сөз кезегін береміз.
Балалар күніне арналған мерекелік ертеңгілігімізді ашып беру және мерекелік лебізін білдіру үшін сөзді балабақша меңгерушісіне сөз кезегін береміз.

Жүргізуші: Жүздерінен мейірім мен нұр тамар
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Алаңсызда балғын шақты балалар
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би: Би билеп, әнде бүгін шырқалар – дей отыра, «Тәрбиеші мен бүлдіршіннің диалогы» әсем әнге салып орындайтын балабақшамыздың тәрбиешісі мен тәрбиеленушілерімізді ортаға шақырамыз.

Жүргізуші: Тамаша! Қандай көңілді ән десеңші! Сәбидің көкейінде бәрін білсем деген сұрақ әсте таусылған ба?!
Сайқымазақтардың келуі: Бұл не деген мереке? Нені тойлап жатырсыңдар?
Жүргізуші: Бүгін бізде, 1 - маусым балалар күніне арналған үлкен мерекелік шара өтіп жатыр. Бізбен бірге тойлағыларыңыз келсе, қалып тойлауға болады. Балалар, сайқымазақтарды қалдырамыз ба?
Балалар: Иә, қалдырамыз.
Сайқымазақтар: Қане, балалар онда сендермен бір көңіл көтеріп ойын ойнайық. Ойынымыздың аты «Кім жылдам?»
Ойынның шарты: Үстел үстінде тұрған ыдыстағы суды түтікшемен ішіп тауысу. Ойынға әр топтан 5 бала қатысады.

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар. Бәріңіз де епті екенсіңдер.
Өнері де өрілген,
Биіктерден көрінген
Бишілерді шақырсақ
«Домбыра» биін билеген – аудандық «Жауқазын» фестивалің жүлдегерлері, балабақшамыздың биші бүлдіршіндерін қарсы алайық.

Жүргізуші: Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы
Достығымыз жарасқан.
Осы кезде әуенмен Тәттібек пен Джек келеді.

Джек: Хеллоу чилдрен! Сәлеметсіздер ме, балалар. Бүгінгі балаларды қорғау күні құтты болсын. Рұқсат болса, бізде сендермен бірге мерекені тойлайықшы. Қызықты болсын деп, бәріміз бірге ойын ойнайық.
Балалар: Алақай!!! ойнайық.
Ойын: «Тәттіні тасымалдау»

Ойынның шарты: Қолымызды артымызға қойып, үстел үстіндегі тәтті кәмпиттерді ауызбен тасымалдау.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар. Сүйікті балалар, бүгін сендердің тойларың жер бетіндегі балалардың достық мерекесі. Джек өзімен бірге Дараны да ертіп келіпті. Ол өзінің жүрек жарды тілектерін айтуға ниет білдіріп тұр.

Дара: Хеллоу чилдрен, хоу а ю. Ай кам хия ин адэ ту селибрейт уиз чилдренз дей. Ай уиш ю хапинес, энд опенед скай.
Жүргізуші: Тэнк ю Дара
Аю мен қоян: өздерімен бірге Қызыл телпекті ала келеді.

Аю мен қоян: бұл не деген мереке?
Жүргізуші: Бұл 1 - маусым балаларды қорғау күні мерекесі. Келіңіздер, бізбен бірге көңіл көтеріңіздер.
Қызыл телпек: Здраствуйте, ребята. Я пришла вас поздравить. Я желаю вам крепкого здоровья и счастливого детства!
Жүргізуші: Олай болса, ойынымызды бастайық.
Ойынымыздың аты: «Кім мықты?»
Ойынның шарты: Алдымыздағы гүл мен доптарды екіге бөліп, екі себетке салайық.

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, өте тамаша ойын болды.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, келесі кезек тағы әсем әнге беріледі. Балабақшамыздың өнерлі бүлдіршіні Ақылбектің орындауында «Туған өлке» әні. Қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Балалар, бізге африка елінен тағы да қонақтар келіпті. Қане, қарсы алайықшы.
Би: «Чунга - чанга»
Осы кезде Томпақ келеді: Қандай ғажайып әлем! Мен қай елге келдім.?

Жүргізуші: Бұл «Бәйтерек» балдырғандар елі. Бұр елде ақылды, әдемі, өнерпаз балалар тұрады. Бүгін бізде үлкен мереке. Кел, Томпақ бізбен бірге көңіл көтер.
Томпақ: Жарайды балалар.
Олай болса, Томпақпен бірге көңіл көтеріп алайық.
Би: «Томпақ»
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар.
Ән көмейден құйылды.
Қайғы бұлты шегінді.
Балалар мен дүние
Көрікті де, көңілді.
Құрметті қонақтар, қымбатты балалар! Бүгін естен кетпес керемет мерекелік шарамызды өткізіп отырмыз. Аспанымыз ашық, болашағымыз жарқын болсын. Осымен, «Біз өмірдің гүліміз» атты мерекелік іс - шарамыз аяқталды. Балалардың бәрін бірге «Ай, будет круто» биіне шақырамыз.
Жаз да келді көңілді.
Келді гүл мен өрнекпен.
Ел бақыты мерейлі,
Балалары әндетті.
Гүлмен келсін келер күн.
Бала бағы бар елдің
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
1 маусым Балаларды қорғау күніне құттықтаулар

1 маусым Балаларды қорғау күніне құттықтаулар

Құрметті балалар, достар, ата - аналар! Сіздерді бүгінгі 1 - маусым балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Еліміздегі жас өскелең ұрпақ аман болсын!...
Туған күнді тойлаймыз

Туған күнді тойлаймыз

№20" Алтын балық"мүмкіншіліктері шектелген балалар арналған балабақшасы саз - іс әрекеті маманы: Ғилажова Лариса Байболатқызы...
Жаңа жылдық сценарий 2025 жыл

Жаңа жылдық сценарий 2025 жыл

Келді, міне, сағындырып далама Келді, міне, Жаңа жыл қалама Ән салып, жұмбақ болып, тақпақ болып. Кәне, кәне келіңіздер Би билеп ән салып беріңіздер!...
Бақытты біз баламыз

Бақытты біз баламыз

1 жүргізуші. Армысыздар, құрметті қонақтар! Еркеназ: Қуан шаттан! Қуан шаттан. Қуанатын күн бүгін Қайырлы таң!...
«Балалардың күлкісі-көркі, сәні әлемнің» - мерекелік ертеңгілік

«Балалардың күлкісі-көркі, сәні әлемнің» - мерекелік ертеңгілік

Бала, бала, баламыз Бақшамызға барамыз Күні – бойы қызыққа Батамыз да қаламыз. Мен гүлдерді жұлмаймын Торғайларды қумаймын Айтқан сөзді тыңдаймын...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×