Сайтқа кіру Тіркелу

«Қош бол, балабақша!» ертеңгілік сценарийі

Құрметті жолаушылар, туристер! Біз ұшаққа отырдық, белдіктеріңізді тағып, ыңғайланып отырыңыздар. Бағытымыз «Күншуақ»балабақшасы. Салон ішінде тұрып жүруге болмайды. Салон ішінің температурасы 52 градус. Біздің әуе лайнері «қош бол балабақша және сәт сапар»атты ертеңгілікке бағыт алдық.
Құрметті қонақтар, ата – аналар! Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2023 – 2024 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында балабақшамен қоштасу ертеңгілігіне 96 разъезд «Күншуақ» балабақшасының «Мұрагер» тобының түлектері «Сәт сапар» ұшағымен келіп қонды. Ертеңгілік барысында қол телефондарыңызды өшіріп, дабыр сөзді қойдырып, қолдарыңыздан келгенше әр баламызды қошеметтеп, әр сөздерін мұқият тыңдап, өнерлеріне тамсанып, қуаныштарын бөлісулеріңізді сұраймыз. Залға балалар шармен музыка әуенімен кіреді.

1 - бала: Ақсұлтан
Құрметті қонақтар армысыздар
Бәріңізде есен – аман бармысыздар?
Таусылмайтын ағытып ой арманың
Ал, достарым ақ жол тілеп, сөз бастағын
2 - бала: Медина
Ақ тілекті ағытып бір тастайық
Қоштасатын кешімізді біз бастайық
Жүздерінен көркем шаттық арайлы
Болсын солай әрбір күнің, әр айың
Бүгінгі қоштасу кешімізді бастай отырып ортаға білім мен тәрбие нәріне сусындатқан Айгул Балтабайқызын ортаға шақырамыз.
Ортаға тәрбиеші шығады
Тәрбиеші:
Өтті қызық көп күндер
Алты жасқа жеттіңдер
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер
Өсті ақыл - ойларың
Қуанышы бүгінгі
Құтты болсын тойларың
Қымбатты ата – аналар, балабақша қызметкерлері қонақтар бүгін біздің бірнеше жыл мәпелеп, күтіп, тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын! Кәнекей кішкентай түлектерімізді тағы да бір қошеметтеп бір қол соғып қоялық.
Би. «Стюардесса»

Тәрбиеші:
Алдыңдағы балалар
Мектепке кетіп барады
Тақпақ айтып бір – бірден
Қимай кетіп барады - дей отырып ортаға балаларымызды өз тақпақ өлеңдерін айтуға шақырамыз
«- бала: Халима
Балабақша, балабақша
Шаңырағы шаттықтың
Балабақша қорғанышы
Балғын сәби жастықтың
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін
5 - бала: Нұраби
Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз
Едік аппақ нәресте
Көп - көп бөбек көргенде
Жұбанғаным есімде
6 - бала: Эльдар
Ботақаным бөбек деп
Еркелеткен ұл қызын
Анамызды ерекше
Қуантатын күн бүгін
Өсті міне бойымыз
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз.
7 - бала: Арслан
Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғарсың
Ер жетті деп бөбегің
Туған Отан қуансын
8 - бала: Зейнура
Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып
Біріншіге барамыз

9 - бала: Арина
Балабақша базарлы үй
Көшедегі ажарлы үй
Шаттығы бар шуақта
Өз үйіміз сияқты
Тәрбиеші:
Қандай ғажап күн бүгін
Күміс күлкі жан - жағын
Күлімдеген бар бала
Ән айтады шаттана
Ән: «Бала тілегі»
Ортаға «Білгішбек» келеді
Білгішбек: Балалар сәлеметпе мен сендерге ақ жол тілегім келіп сендердің мерекелеріңе құтты болсын айтқалы келдім. Сендердің барлықтарыңда ақылды, саналы білімдісіңдер мен сендерді өз әлеміме шақырамын, менің достарым боласыңдар бізді алда көп биік асулар күтіп тұр келісесіңдер ме?
Сол кезде велосипедпен Жалқаубек келеді
Жалқаубек: Ой мында не болып жатыр кеттік балалар ойнауға не істеп жатырсыңдар, далада қызық болып жатыр кеттік.
Тәрбиеші: Ау, Жалқаубек сенің мұның не? Мерекеге киініп келмейсің бе, сенде биыл мектепке барасың ғой қарашы мына Білгішбек қандай бала болғанын, сенде талпынуың керек емспе?
Жалқаубек: Ой мына Білгішбек мұнда не істеп жүр, бар өзіңнің мектебіңе, балалар менің досым болады, біз мектепке бармаймыз аналарымыз, әжеміз оқиды басымызды ауыртпаймыз.
Тәрбиеші: Қой Жалқаубек біздің балалар мектепке әзір, бүгін балабақшамен қоштасып жатыр, сен апаңнан қалмай жылап балабақшаға келмей жүргенде біздің балалар бәрін оқып, біліп алған кәне отыршы көресің.
Білгішбек: Апай мен балалармен ойын ойнап көрейінші балалар мектепке дайын ба:
Ойын «Кім жылдам сөз айтады»
Шарты: Ортаға әр түрлі әріптер тасталады, балалар музыка тоқтағанда әріптердің үстіне тұра қалады, сол әріпке сөз айтады.
Тәрбиеші: Ал Жалқаубек қалай екен біздің балалар?
Олай болса менде ойынды жалғастырғым келіп тұр «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.
1. Мектепке біз барамыз ба?
2. Кілең бестік аламыз ба?
3. Айтқан тілді аламыз ба?
4. Ақылды бала боламыз ба?
5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?
6. Ертеңгісін тұрамыз ба?
7. Сабақ та отырып ұйықтаймыз ба?
8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
9. Екі алғанда жылаймыз ба?
10. Оқушы біз боламыз ба?
Тәрбиеші: Біздің балалар ағылшын тілде ән айтады
«Ағылшын әні»
Жалқаубек: Ой балалар апаларыңда, мамаларыңда шаршайды ғой, бармаңдар мектепке не керек?
Тәрбиеші: Олай болса ата – аналармен де «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.
1. Балаңызға әрқашан тірек сіз ба?
2. Мектепке апарасыз ба?
3. Тамағын уақытылы бересіз бе?
4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба?
5. Сериал көріп жатасыз ба?
6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
8. Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
9. Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?
10. Бала үшін асулардан асасыз ба?

Тәрбиеші: Рахмет көп - көп
Балаларымыз көңілді
Шақырамыз ортаға
Тойымызға сән беріп
Би билейік тамаша
Кешіміздің одан әрі жалғасын биге берейік
Би: «Аспанға самғау»

Білгішбек: Мен балалармен тағы да ойын ойнағым келіп тұр, Жалқаубек сенде ойна.
Ойын «Тез тұратын сандар»
Шарты: Балаларға бірден 10 – ға дейінгі сандар беріледі, музыка тоқтағанда бір қатарға тез тұру керек.
Жалқаубек: Білгішбек сен оны қайдан біліп алдың? Менің асығымнан, фишкамнан, добымнанда қызық ойын екен, менде үйге барып мектепке дайындалайын, балалар сау болыңдар, күзде мектепте кездесейік.
Тәрбиеші: Білгішбек саған көп рахмет, Жалқаубекті дұрыс жолға салдың ғой. Біздіңде балалардың саған дайындаған бір көріністері бар, кәне сенде отырып тамашала.

Көрініс «Нұралы алғаш барады»
Нұралыда бүгін мереке,
Мектепке алғаш барады.
Барша жұртты қаратып,
Адамдар кетіп барады.
Бірақ, Нұралы жалғыз емес,
Соңында кім келеді?
Қараңдаршы, балалар поезд жүріп келеме?
Жүргізуші: Нұралының артында асығып келе жатқан кім?
Мамасы: Мен мамасы боламын.
Жүргізуші: Нұралының соңында кім жүгіріп келеді?
Папасы: Мен ғой, папасы.
Жүргізуші: Нұралының соңында кім ақсаңдап келеді?
Әжесі: Мен ғой, әжесі.
Жүргізуші: Кім бұрқылдап сүйретіліп келеді?
Атасы: Мен ғой атасы.
Жүргізуші: Айтыңдаршы, неліктен Нұралыға тіркесіп алдыңдар?
Немене Нұралы Паровоз ба, вагондарын сүйреп жүретін?
Мамасы: Көйлегінің ілгегін кім салады?
Папасы: Портфелін кім ұстап жүреді?
Әжесі: Қарны ашса, бауырсақты кім жегізеді?
Атасы: Бәтеңкесінің бауын кім байлап береді?
Балалар: Өзі
Мамасы: Ол әлі кішкентай ғой
Папасы: Ол әлі әлсіз ғой
Әжесі: Ол әлі жүдеу ғой
Атасы: Ол көп ауыра береді.
Мамасы: Менің кішкентай ғана баламды аяңдаршы.
Папасы: Мен әдейі жұмыстан сұрандым, портфелін көтеру үшін.
Әжесі: Немерем жүдеп кетеді – деп бауырсақ алып жүрмін.
Атасы: Жіберіңдерші мені бауын байлап берейін.
Жүргізуші: «Білім»- деген теңізде,
Желкенді ақ қайықтай
Нұралы біздің қалқиды.
Нұралы біздің мектепке,
Дайындықпен барады.
Қорықпаңдар үлкендер,
Нұралы нық басып барады.
Тәрбиеші:
Үлкен сенім жүктеп алып,
Мектепке кетіп барады.
Қимай сен балабақшаны,
Қоштасу әнін салады
ән: «Тәрбиеші»
Тәрбиеші: Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып
Біріншіге барамыз деп енді баларымыз балабақшадағы апайларына өз ризашылықтарын білдірмек

10 - бала: Мансур
Гүлдендірген бақшаны
Меңгеруші апай жақсы адам
Сондықтан да біз үшін
Артықсыз сіз басқадан
Айгул Қонысбековнаға мың алғыс
11 - бала: Жанерке
Жайдары жүз, ай қабақ
Жүреді бізді аймалап
Тобымызға жиі кеп
Білгеніңді сұрайтын
Ақыл айтып тұратын Манзура апайға көп рахмет
12 - бала: Инабат
Денсаулыққа болаттай
Ауруларды жолатпай
Күнде болған әбдігер
Қамқоршымыз дәрігер
Дәрігер апай мың рахмет
13 - бала: Зейнура
Үйренгеміз өнер біз
Шетімізден шеберміз
Бал татыған әндерді
Мың бұралған билерді
Үйреткен Күнсұлу, Дана апайларға мың алғыс
14 - бала: Ерали
Тәтті тағам пісіпген
Айран сүтін ішкізген
Айжамал, Жанар апайлар
Сіздерге мың алғыс

15 - бала: Шарапат
Жазу жазып үйреткен
Әріптерді оқытқан
Санамақты жаттатып
Санауды бізге үйреткен
Жақсы болсақ қуанған
Қате болсақ кешірген
Айгүл апайға
Айтамыз біз мың алғыс
16 - бала: Дилназ
Бізді баптап қараған
Күлімдеген жақсы адам
Ақ төсекке жатқызған
Басымыздан сипаған
Гүлмира апайға көп рахмет

Тәрбиеші: Жаңа өмір басталсын,
Үміт сенім ақталсын
Ұмытылмай балабақша вальсі
Көңілде мәңгі сақталсын!
Вальс «Балабақшамен қоштасу»

Хор «Қош бол енді балабақша»

Қоңырау соғылады, екі бала ортаға шығып ойыншықтарын тапсырады, кіші топтың балаларына
Жанерке:
Ойыншықты жинаймыз
Бөбектерге сыйлаймыз
Үлкен болып, өсекте,
Бақшамызды қимаймыз

Ерали:
Бірге ойнап, бірге жүрген,
Күндерімді қимаймыз.
Естелік болсын біздерден,
Мына ойыншықты сыйлаймыз.

Балалар бірге: Қуанышымыз біздің мол
Мектепке біз тарттық жол
Ұмытпаймыз өзіңді
Балабақшам қош сау бол!

Тәрбиеші:
Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын,
Мектеп есігі әрқашан ашық болсын.
Біріншіге баратын бүлдіршіндерді,
Балабақша меңгерушісі құттықтасын.- деп, құттықтау сөзді Айгуль Қоңысбековнаға беріледі.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Балабақшамен қоштасу

Балабақшамен қоштасу

Мақсаты: Сәби шағынан бастап балабақшаға бауыр басқан бүгінгі бүлдіршіндерді өнер әлеміне жетелей отырып, қызығушылығын ояту. Балалар арасында достық...
Қош бол, балабақша!

Қош бол, балабақша!

Мақсаты: Балалардың білімі деңгейін шыңдап, бақшамен қоштасуын сезіндіру. Адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу....
Қош бол – Әсем бақшамыз

Қош бол – Әсем бақшамыз

Толқимын, толқып тұрсыз баршаңызда Мұндай күй болған сірә қаншаңызда Қол соғып қошеметтеп шақырайық Құрметтеп тәрбиешілерімізді ортамызға...
Бақытты елдің балғындары

Бақытты елдің балғындары

1ж: - Қымбатты ата - аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар! Бүгін біз 3 жыл мәпелеп күтіп, тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып,...
Білімді ұрпақ – ертеңгі ел тірегі

Білімді ұрпақ – ертеңгі ел тірегі

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Базаршолан ауылы, "Балдәурен" мектепке дейінгі ұйымының І - санатты тәрбиешісі Кушаева Асел Максутовна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×