Сайтқа кіру Тіркелу

Тағылымды тәлім

Тағылымды тәлім
Өсиет
Оқырмандар сүйіп оқитын әйгілі «Маугли» туындысын ұсынған керемет қаламгер Редьяр Киплингтің мына бір өлеңінде ғибратты тағылымдық тәлім бар:
Масыл топта мұқалтпағай жігеріңді,
Тұқыртып жатса да, табалап жатса да...
Өзіңе сен, сыбанып ап білегіңді,
Міз бақпағай жазықсыз кінә тақса да...
Жұлдызың тумаса да оңыңнан – күт, сабыр қыл,
Жалғандықтан бойды ада қыл! Құмартпағың!
Кешірімді де бола біл жасамай дабыр құр,
Міндет қылма! Аш жүректің бұлақтарын!

Арманнан қол үзбе, құлы болма бірақ,
Ойға да шом ақиқаттан аластамай.
Жақсы да, жаман да ұшырасар жолда, шырақ,
Алма кезек... Шынтуайтқа барасыз қалай?
Айтылған сөз – атылған оқ... Шайырға – сый.
Сүйектен де өтер ол сөз, қатайтқанда.
Салың суға кетпесін еш, айылды жи,
Тойтарыс бер түбірге балта шапқанға!

Үмітсіз тек шайтан... Үміт үзбе!
Әрбір істің болсын түбі тек жақсылық.
Есе кетпес, опық жейді күдіксіз де,
Жүрмеген жөн болмашы істе «аһ» ұрып.
Тізгінін қолға ал – болмысыңның, жүрегіңнің,
Түспесін деп Ібілістің арбауына.
Асығы алшысынан түспесе егер кімде - кімнің,
Хақы болар Ынтамен жол таңдауына.

Ұлық болсаң, кішік бол, дұрысы сол!
Өзегіңді өртесе де, шыныңды айт.
Қасыңның да, досыңның да ырысы бол,
Әйтпесе оларың қырын қарайды!
Уақыт ысырап етпей, мағыналы,
Ғұмырдан сүр, мағынаға толасып шақ...
Сонда саған күллі жаһан бағынады,
Сонда, қалқам, Нағыз Адам боласың хақ!

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Туыстық атаулар сыры: Жезде

Туыстық атаулар сыры: Жезде

Жезде (ер) – әйелдің інілері мен сіңілілері оның күйеуін «жезде» деп еркелетеді, әзілдеседі. Олар тату болады. Дәстүр бойынша балдыздары жезденің...
49 - қадам: жылы сөйлеңіз. сөзіңіз өткір болсын

49 - қадам: жылы сөйлеңіз. сөзіңіз өткір болсын

Отбасыңызда, достарыңыздың алдында, жалпы қоғамда жылы сөйлей біліңіз және сөзіңіз өткір болсын....
Бір сөзден тұратын өсиет

Бір сөзден тұратын өсиет

Шебер шешім, көркем сөздерімен халық арасында шешен атанған Қазыбек би жыл сайын қасына жолдас - жораларын ертіп, өзінің даналық тапқырлық сөзімен...
Дәретті сол қолыңмен ал

Дәретті сол қолыңмен ал

Қиямет-қайым орнап, махшар майданы кезінде Ұлық Алла әулие, ғұламаларға: – Мұхамбеттің тозақта жатқан үмбеттерін құтқарыңдар, – деп әмір етеді....
22 - қадам: салғыласудың тек зияны ғана бар

22 - қадам: салғыласудың тек зияны ғана бар

Егер де сізге сөз түсінбейтін немесе тек өзінікін дұрыс деп санайтын адаммен салғылассаңыз, сіз оның дәрежесіне түсіп, ол сізді тәжірибелігімен ұтып...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×